Түзудiң жалпы жағдайда орналасуы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата28.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137013
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 ТYЗУ (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


3.2 Нүкте мен түзудің өзара орналасуы 
Нүкте мен түзу кеңістікте екі түрлі орналасады: нүкте түзуден тыс немесе 
түзудің бойында жатады. 
Сурет 18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер түзу нүкте арқылы өтсе, 
онда түзудің проекциясы нүктенің 
проекциясы 
арқылы 
өтеді. 
Егер 
нүктенің проекциясының біреуі түзудің 
проекциясында жатпаса, онда нүкте 
түзуден тыс орналасқан. 18-шы суретте 
АВ түзуіне қарағанда: С нүктесі түзуге 
тиісті, Д нүктесі түзуден бері, Е нүктесі 
түзудің үстінде, К нүктесі түзудің 
астында, L нүктесі түзуден ары 
орналасқан. 


 
3.3 Түзудің ізі
Проекция жазықтығында орналасқан түзу сызықты шексіз деп қарастырып 
проекция жазықтығымен қиылысқанға дейін созамыз. Түзу сызықтың проекция 
жазықтығымен қиылысқан нүктелері түзудің іздері деп аталады. Түзудiң бiр, екi 
немесе үш iзi болады, 19-ші суретте келтірілгендей. 


Сурет 19 
М нүктесі - түзудің горизонталь ізі. N нүктесі - түзудің фронталь ізі. АВ түзуінің 
горизонталь проекция жазықтығындағы горизонталь ізі М нүктесінің М

горизонталь проекциясына бәсекелес болады, М

фронталь проекциясы 0Х осінде 
жатады. АВ түзуінің фронталь проекция жазықтығындағы фронталь ізі N нүктесінің 
N

фронталь проекциясында болады, N

горизонталь проекциясы Х осінде жатады.
Сызбада АВ түзуінің горизонталь ізін салу үшін түзудің А

В

фронталь 
проекциясын 0Х осіне дейін созамыз, қиылысқан жерін М

белгілейміз де, осы 
нүктеден 0Х осіне перпендикуляр түсіріп А

В

горизонталь проекциясын соза 
отырып қиылыстырамыз, қиылысқан жері М

=М, яғни горизонталь ізі болады. АВ 
түзуінің фронталь ізін салу үшін түзудің А

В

горизонталь проекциясын 0Х осіне дейін 
созамыз, қиылысқан жерін М

белгілейміз де, осы нүктеден 0Х осіне 
перпендикуляр түсіріп, А

В

фронталь проекциясын соза отырып қиылыстырамыз, 
қиылысқан жері N


N, яғни фронталь ізі болады. Іздердің орналасуына байланысты 
түзудің қандай ширектерден өтетінін анықтауға болады. Біздің түзуіміз IV, I, II 
ширектерден өтеді. 
Түзудің профиль ізі де болады. Бұл із профиль проекция жазықтығында өз 
проекциясымен қиылысады, ал оның фронталь және горизонталь проекциялары 0Z 
және 0Y өсьтерінде жатады. 
Берiлген түзудiң iзiн және қайсы ширектен өтетiнiн анықтау үшін, АВ түзуi 
28-ші cуретте көрсетiлгендей 

1
проекция жазықтығын

нүктесiнде және 

2
проекция жазықтығын М нүктесiнде тесiп өтедi.


Эпюрде АВ түзуiнiң қайсы ширектен өтетiнiн анықтау үшiн, берiлген 
координаталар бойынша түзудiң горизонталь және фронталь проекцияларын 
саламыз. АВ түзуiнiң горизонталь iзi, М нүктесiн салу үшiн: 
- түзудiң А''В'' фронталь проекциясын ОХ осiмен қиылысқанға дейiн созамыз.
- қиылысқан нүктеден перпендикуляр түсiремiз. 
- түзудiң А'В' горизонталь проекциясымен қиылыстырамыз. Беттескен нүкте М'

М 
горизонталь iзi болады. 
АВ түзуiнiң фронталь iзi, 

нүктесiн салу үшiн: 
- түзудiң А'В' фронталь проекциясын ОХ осiмен қиылысқанға дейiн созамыз.
- қиылысқан нүктеден перпендикуляр түсiремiз. 
- түзудiң А''В'' фронталь проекциясымен қиылыстырамыз.

нүктесi АВ түзуiнiң фронталь iзi. М нүктесi АВ түзуiнiң горизонталь iзi.

нүктесi II ширекке өтiп жатыр. М нүктесi IV ширекке өтiп жатыр. 
АВ түзуiнiң кеңicтiкте қайсы ширектерден өтетiнiн анықтау үшiн әр нүкте қайсы 
ширекте орналасқанын анықтау қажет. Осы түзудiң бойынан алынған 1-шi нүкте IV-
шi ширекте, 2-шi нүкте II-шi ширекте орналасқан. Түзу IV-I-II ширектерден өтедi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет