3.6
Екі түзудің өзара орналасуы
Кеңістіктегі түзулер өзара: параллель, айқаса, қиылыса орналасады.
1.
Қиылысқан түзулердің ортақ бір нүктесі болады.
2.
Түзулер параллель болғанда бір жазықтықта жатады.
3.
Айқас түзулер бір жазықтықта жатпайды.
Егер түзулер бір нүкте арқылы өтсе қиылысады және олардың аттас
проекциялары, яғни горизонталь, фронталь, профиль проекциялары өзара бір-
бірімен бір нүктеде қиылысады.
АВ және СД түзулері өзара К нүктесінде қиылысады. 29-ші суретте К
нүктесінің аттас проекциялары (К
К
)
бір байланыс сызығында немесе 0Х өсіне
түсірілген перпендикулярдың бойында жатады.
Егер F және L нүктелері арқылы жүргізілген түзулер кеңістікте бір-біріне
параллель болса, онда сызбадағы аттас проекциялары, яғни горизонталь,
фронталь, профиль проекциялары өзара бір-біріне параллель болады. 30-
ші суретте (F
L
, F
L
).
Тетікбөлшекті бейнелеген кезде оның параллель қабырғаларының
сызбадағы проекциясы да параллель болады. Керісінше сызбада параллель
түзулер тетікбөлшекте де параллель болады. Бірақ бұл ереже профильді түзуге
қатысты емес.
М және N нүктелері арқылы жүргізілген айқасып орналасқан түзулердің
көрінетіндігін анықтау үшін
1
мен
2
жазықтықтары екі бөлек қарастырылады.
1
жазықтығында қайсы нүкте бақылаушыға жақын орналасса, сол көрінеді, ал
2
жазықтығында қайсы нүкте биік орналасса, сол көрінеді. 31-шы суретте 1-ші нүкте
және 3-ші нүкте көрінеді.
Сурет 29
Сурет 30
Сурет 31
Екі түзу бір-біріне параллель болмаса және қиылыспаса, олар айқасады. Егер
сызбада екі түзудің аттас проекциялары параллель болса, онда олар кеңістікте де
параллель болды.
32-шы суреттегі түзулердің горизонталь және фронталь проекциялары
параллель болып берілген, бұндай жағдайда түзулердің өзара орналасуын профиль
проекциясы арқылы анықтауға болады. Түзулер айқасы орналасқан.
Келесі мысалда екі түзудің өзара қалай орналасқанын анықтау үшін
түзулердің профиль проекциясын саламыз.
Сызбада А және В нүктесі арқылы жүргізілген екі түзудің аттас екі
проекциясы, яғни горизонталь және фронталь проекциялары қиылысқан, онда
олар кеңістікте де қиылысады. 33-ші суреттегі түзулер айқас орналасқан.
Сурет 32
Сурет 33
Достарыңызбен бөлісу: |