9. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты басшылыққа алынады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.
Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурстық орталық) қызметі жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің Үлгілік қағидаларына сәйкес және мектеп жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
Шағын жинақты мектептерде үш немесе төрт сынып біріктірілген жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі кестесі қолданылады.
ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 наурыздағы № 91 бұйрығына сәйкес оқытуды ұйымдастыру шарттары бойынша білім беру ұйымы қызметінің үлгілік қағидаларының 13-тармағы жаңа редакцияда жазылған: «Әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге жол беріледі».
Сондықтан да, біріктірілген сыныптардың тиімді нұсқаларын мектеп анықтайды. Сынып саны мен балалар контингентін ескере отырып, біріктірілген сыныптарды жинақтау мәселелерін талқылауды әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында және мектептің педагогикалық кеңесінде қарау ұсынылады.
ШЖМ-дағы оқу процесінің ерекшелігі, біріктірілген сынып-комплектіде білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды ұйымдастыру болып табылады. Біріктірілген сыныптарда әртүрлі жастағы оқыту келесідей ұйымдастырылады:
барлық оқу пәндері бойынша үнемі барлық сабақтарда;
әр жастағы топтарда тұрақты түрде технология, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, музыка сабақтарында;
әр сыныптардағы оқу материалының мазмұны сәйкес келген жағдайда жүйелі (бір тақырыптағы сабақтар) жүргізіледі: бастауыш мектепте оқу процесін қайталанатын тақырыптар бойынша сабақтар бір уақытта барлық сыныптарда өткізілетіндей етіп жоспарлау ұсынылады; сабақтың бір бөлігі әңгімені талқылау, әңгімелесу, тәжірибе, сурет, кесте көрсету үшін қолданылуы мүмкін, содан кейін әр сыныптың білім алушылары өз бетінше оқу тапсырмаларын орындайды.
Егер мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде әртүрлі жастағы оқытуды ұйымдастыруды таңдаса, онда бір пән бойынша сабақ кестесін құру ұсынылады.
Сабақта әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара қарым-қатынасы ұйымдастырылуы мүмкін:
сабақтың барлық кезеңдерінде;
жалпы оқу міндеттерін шешу үшін жекелеген кезеңдерде, мысалы, әдебиеттік оқу сабағында жоғары сынып білім алушылары жазушының өмірбаянымен таныстырады немесе әдеби шығарма оқиды;
– жағдай бойынша қажеттілігіне қарай, мысалы, дене шынықтыру сабағында ойын ұйымдастыру үшін, сабақ қорытындысын шығару кезінде, материалды жіберіп алған кіші жастағы білім алушыға көмек көрсету үшін.
Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жастағы балалардың өзара қарым-қатынасының арнайы тәсілдерін қолдану ұсынылады:
1. Үй тапсырмасын тексеру.
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылардың ауызша және жазбаша үй тапсырмаларының орындалуын тексереді және бағалайды;
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылар үшін сұрақтар мен тапсырмаларды таңдайды немесе құрастырады, содан кейін осы тапсырмалар бойынша сауалнамаға қатысады;
жоғары сынып білім алушылары төменгі сынып білім алушыларына жауап беру барысында көмектеседі.
2. Жаңа материалды оқыту (мысалы «Дүниетану» оқу пәні бойынша):
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушыларына жаңа материалды айтады, «дүниетану» пәні бойынша мәтінді оқиды»;
жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты ұйымдастырады (мәтіннің қажетті үзіндісін қарындашпен белгілеу; мәтін мазмұнын қайта айту, мәтінді талқылау; мәтін бойынша сұрақтар құрастыру);
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылармен бірге тірек материалдарын, сызбалар, кестелер құрастырды (оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы негізінде);
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы балалармен бірге бірлесіп бақылау, тәжірибе жасау, оқу құралдарымен жұмыс және т. б. ұйымдастырады.
3. Оқытылған материалды бекіту (мысалы әртүрлі оқу пәндері бойынша):
жоғары сынып білім алушылары кіші жастағы білім алушылармен бірге кроссворд, ребус құрастырады және оларды шешеді, тапсырмалар құрастырады және оларды шешеді, викторина сұрақтарына жауап береді;
оқылған қосымша әдебиетті ұжыммен талқылайды;
жоғары сынып білім алушылары мәтінмен жұмысты ұйымдастырады (мәтіндерді сұрақтарға, жоспарға сәйкес бөлімдерге бөлу; мазмұндау – толық, таңдау бойынша, шығармашылық тұрғыдан, қысқаша; оқығаны туралы пікір дайындау);
жоғары сынып білім алушылары оқу ойындары-жарыстар ұйымдастырады («өлең жолын аяқтаңыз», «мен бастаймын, ал сен жалғастырасың…»);
жоғары сынып білім алушылары кіші балалармен бірге фильмдердің, роликтердің және т. б. үзінділерін қарап, талқылап, түсініктеме береді;
жоғары сынып білім алушылары материалды бекіту және қайталау барысында кіші балаларға жеке түрде көмек көрсетеді.
4. Білімді бақылау:
жоғары сынып білім алушылары жалпылама сабақтар дайындайды;
жоғары сынып білім алушылары материалдарды, оқу тапсырмаларын, конкурстар дайындайды;
жоғары сынып білім алушылары сынақ өткізеді, дербес жұмыстар жүргізеді, оларды тексереді және бағалайды;
өзара бақылау.
Білім беру мазмұнын жаңартудың қазіргі жағдайында шағын жинақты мектеп педагогтары біріктірілген сыныптардағы сабақта бағдарламалық материалмен өзіндік жұмыстың істеудің ұзақтығын өз бетінше анықтайды. Біріктірілген сыныптардағы оқыту ерекшелігі үнемі өз бетінше жұмыс істеуге негізделген. Сондықтан жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұсынылатын стратегиялар, оқыту әдістері мен технологиялары ШЖМ жағдайында жұмыс істеу үшін де қолайлы. Алайда барлық стратегиялар білім алушылар саны аз сыныптарда, сынып-кешендерде қолданылмайды. Бұл жағдайда педагогтың шығармашылық тәсілге баса назар аударуы қажет. Егер сабақтағы жұмыс түрлері бұрынғыша болса, онда олардың мазмұны өзгереді. Осылайша, білімді проблемалық тапсырмалар, бағдарламалау, зерттеу элементтері бар шығармашылық есептер арқылы өз бетінше алуға болады.
Сабақта жаңа материалды бекітуді әртүрлі жаднамалар, алгоритмдер, схемалар мен кестелер, презентациялар және т. б. қолдану арқылы жүргізу қажет. Қайталау кезінде нұсқаулықтарды, үлгілерді, органайзерлерді және т.б. пайдалануға болады. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясында дайындықтан өткен мұғалімнің арсеналында жұптық және шағын топтарда жұмысты ұйымдастыру үшін белсенді әдістердің түрлері көп.
ШЖМ-да жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру мәселесі өзекті болып табылады және біріктірілген сыныптардың жағдайларына бейімделу мәселесін шешу бағытында арнайы әзірлемелерді талап етеді.
2019-2020 оқу жылында жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқитын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу бағдарламаларын бейімдеудің келесі механиздері ұсынылады: ұзақ мерзімді жоспарларды талдау негізінде біріктірілген сыныптар үшін ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру. Ол үшін біріктірілген сыныптарда оқытылатын оқу материалының мазмұнын алдын ала талдау қажет. Алынып отырған бейімделген материал негізінде тақырыптарды салыстыру және саралау жолымен оқыту мақсаты анықталады және жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алатын біріктірілген сыныптар үшін ұзақ мерзімді жоспар жасалады. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша орта мерзімді жоспар әзірленеді.
Келесі кесте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқитын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптары үшін орта және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмін айқын көрсетеді.
1-сызба. ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмі
Біріктірілген сыныптарда оқу үдерін ұйымдастыру және өткізу үшін орта мерзімді жоспарда оқыту мақсаттары жаңартылған бағдарламалар бойынша толықтырылады және түзетіледі. Оқу материалын біріктіру кезінде сағат санының сәйкестігін салыстырып, оларды бекіту және жинақтау, білімін тексеру сабақтары есебінен қайта бөлу қажет. Бейімделген оқу бағдарламасына сәйкестендірілген оқу мақсаты жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алатын біріктірілген сыныптар үшін қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау үшін бағдар болып табылады.
Мысал ретінде шағын жинақты мектептердің біріктірілген 5, 6-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» бойынша параллель тақырыптарды өткізуді ұсынады. Мысалы, 5-сыныпта екінші тоқсанда «Абайды оқы, таңырқа!», ал 6-сыныпта – «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» бөлімдері оқытылады. Бірінші бөлімде (5) қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші қара сөз» оқытылса, екінші бөлімде С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері оқытылады.
Төртінші тоқсанда 5-сыныпта «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша Т.Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесі, Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімесі 6-сыныпта оқытылатын «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімі бойынша Е.Жүністің «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі, А.Алтайдың «Прописка», Р.Ғамзатовтың «Ана тілі», «Менің Дағыстаным» шығармалары ұлттық құндылық мәселелерін шешуге бағытталған.
123-кесте. Жаңартылған бағдарлама бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен шағын жинақты мектептің 5-6-шы біріктірілген сыныптарына арналған оқу материалының мазмұнын талдау
№
|
Оқу материалының мазмұны
5-сынып
|
Тақырып
тардың сәйкестігі
(5-сынып)
|
Тақырып
тардың сәйкестігі
(6-сынып)
|
№
|
Оқу материалының мазмұны
6-сынып
|
5.2.1.1
|
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі
|
+
|
+
|
6.1.1.1
|
«Аяз би » ертегісі
|
5.1.2.1
|
«Қобыланды батыр»жыры
|
+
|
+
|
6.2.4.1
|
«Алып Ер Тұңға» жыры
|
5.3.2.1
|
Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
|
-
|
-
|
6.3.4.1
|
Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»
|
5.1.4.1
|
Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
|
+
|
+
|
6.3.4.1
|
Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық»
|
5.1.4.1
|
Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас»
|
+
|
+
|
6.2.4.1
|
Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
|
5.2.4.1
|
Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
|
+
|
+
|
6.1.4.1
|
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
|
5.2.4.1
|
Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт»
|
+
|
+
|
6.1.2.1
|
Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз»
|
5.3.3.1
|
Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады»
|
+
|
+
|
6.1.2.1
|
Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»
|
5.1.2.1
|
А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы
|
-
|
-
|
6.1.4.1
|
С.Торайғыров
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»
|
5.3.4.1
|
«Адамдық диқаншысы» өлеңі
|
-
|
-
|
6.2.2.1
|
С.Мұратбеков «Жусан иісі»
|
5.1.1.1
5.1.2.1
|
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
|
-
|
-
|
6.1.1.1
|
О.Бөкей «Тортай мінген ақ боз ат»
|
5.1.3.1
|
М.Қабанбай «Бауыр»
|
+
|
+
|
6.1.2.1
|
Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»
|
5.1.3.1
|
Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі
|
-
|
-
|
6.1.4.1
|
Е.Жүніс «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңі
|
5.1.3.1
|
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі
|
-
|
-
|
6.1.1.1
|
А.Алтай «Прописка»
|
5.1.3.1
|
Д.Лондон «Мексика ұлы»әңгімесі
|
-
|
-
|
6.2.2.1
|
Р.Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
|
124-кесте. Жаңартылған бағдарлама бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен шағын жинақты мектептің біріктірілген 6, 8 - сыныптарына арналған орта мерзімді жоспардың үлгісі
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
Оқу мақсаттары
6-сынып
|
Оқу мақсаттары
8-сынып
|
Ұсынылған оқыту іс-әрекеттері
|
Белсенді оқытудағы жұмыс түрлері
|
Бағалау
|
Оқу материалын меңгеруі
|
Ресурстар
|
І тоқсан
|
6-сынып
Отан отбасынан басталады
8-сынып
Білім. Ғылым. Инновация
|
6.1.1.1 тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;
6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
6.2.2.1 тақырып бойынша диалогты бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу;
6.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда хабарлы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту
6.3.2.1 ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (мінездеме);
6.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау
6.4.4.1 мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау;
6.4.1.1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу
6.5.1.1 мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
|
8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрация
лар арқылы көтерілетін мәселені болжау;
8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау
8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;
8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау
8.3.2.1 публицистикалық стильдің (интервью) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;
8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазу;
8.4.3.1 жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу
8.5.1.1 болжалдық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
|
Жеке және топтық жұмыс түрлерінде:
1. Көңіл-күйлерін эмоциялық тұрақтандыру.
2. «Шаттық шеңбері».
3. «Миға
шабуыл» сұрақтары
4. Композициялық құрылымына талдау
|
1.Теориялық шолу.
(Жеке жұмыс)
2. Шолу жасалған материалды зерделеу және талдау (Топтық жұмыс)
3.Қорытындылау. (Интегр.)
4. Қысқаша мәліметтерді дәптерге түсіру (Инсер. Әдісін қолдануға болады. (жеке жұмыс)
5. Алған білімдерін өмірде қолдану жағдайларына мысалдар келтіру.
|
Мадақтау және ынталандыру арқылы формативті бағалау.
Критерийлері:
1. Әңгіменің мазмұнын толық біледі
2. Жазушының өмірі мен шығармашылығын толық біледі.
3. Әңгіме құрылымына талдау жасай алады.
4. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беріп, сипаттайды.
5. Алған білімдерін өмірде қолдану
ға мысалдар келтіреді.
|
1. мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану
2. болжалдық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
3. Алған білімдерін өмір жолында қолданады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері, үлестірме құралдар, жазушының қосымша әдеби оқулықтары, портреттері.
|
6-сынып
Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
8-сынып
Сауда жасай білесің бе?
|
6.5.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;
6.5.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру
6.2.4.1 шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау;
6.2.1.1 тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу
6.3.2.1 ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік);
6.3.4.1 мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру
6.4.1.1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік жазу;
6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу
6.5.1.2 лексикалық мағынасы жағынан заттың сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
|
8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;
8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру
8.2.2.1 түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;
8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру
8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;
8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру
8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәсе
ленің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;
8.4.4.1 тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану
8.5.1.1 бөлшектік сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
|
Жеке және топтық, жеке жұмыс түрлерінде:
1. Оқушы назарын, зейінін сабаққа аудару.
2. «Мен қандаймын?» психологиялық жаттығу
3. «Дұрыс,бұрыс» тапсырмалары сұрақтары
4.Өлең құрылысына талдау жасау
5. Өлеңнен теңеу, метафора, эпитет, ақын терминдерін табу.
|
1.Теориялық шолу.
(Жеке жұмыс)
2. Шолу жасалған материалды зерделеу және талдау .(Топтық жұмыс)
3. Қорытындылау. «Аквариум» әдісі
4. Қысқаша мәліметтерді дәптерге түсіру (Инсер. Әдісін қолдануға болады. (жеке жұмыс)
5. Алған білімдерін өмірде қолдану жағдайларына мысалдар келтіру.
|
Мадақтау және ынталандыру арқылы формативті бағалау.
Критерийлері:
1. Өлеңнің мазмұнын толық біледі
2. Ақынның
өмірі мен шығармашылығын толық біледі.
3. Өлең құрылымына талдау жасай алады.
4. Алған білімдерін өмірде қолдануға мысалдар келтіреді.
|
1. мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік жаза алады
2. Алған білімдерін өмір жолында қолданады.
3. жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді;
4. тақырып бойынша эссе жаза алады;
5. бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолдана алады
|
Оқулық, жұмыс дәптері, үлестірме құралдар, жазушының қосымша әдеби оқулықтары, портреттері.
|
Бағдарламаларға сәйкес келмейтін және сабақтың бір тақырыптық жоспарын әзірлеу мүмкіндігі болмайтын тақырыптарды өтуде белгілі бір әдістемелерді таңдау арқылы сыныптарды бір пәннің аясында біріктіру әдісін қолдану ұсынылады. Бағдарламаға сәйкес емес тақырыптарды оқыту кезінде оқытудың сараланған әдістерінен басқа сабақтың әртүрлі кезеңдерінде екі сынып үшін бірыңғай педагогикалық тәсілдерді қолдануға болады. Бұл біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру міндетін шешетін мүмкіндіктердің бірі болып табылады.
ШЖМ-ның әртүрлі жастағы сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру әдістерін таңдау кезінде педагогтарға зерттеу және жобалау іс-әрекеттеріне ерекше назар аудару қажеттілігі көрсетіледі. Олар ШЖМ-да оқу процесін тиімді ұйымдастырудың үлкен мүмкіндіктеріне ие, бұл осындай мектептердегі білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Бір жағынан мұғалім білім алушылардың тұрақты құрамымен және белгіленген кесте бойынша сабақ жүргізеді. Екінші жағынан, сынып әртүрлі жастағы білім алушылардан құралған және бір сабақта бірнеше пән оқытылады.
ШЖМ білім алушыларын оқытудағы ескеру қажет:
білім алушылардың қажетті базалық білімі және оларға табысты жұмыс істеу үшін қажетті техникасы болуы тиіс;
білім алушылар олардан не күтілетінін нақты түсінуі тиіс;
білім алушылардың барлығы болмаса да, басым көпшілігі тапсырманы дұрыс орындауға қабілетті болуы тиіс.
Білім алушылардың жұмысы қауіпсіз болуы тиіс: педагогтың бақылауынсыз ықтимал қауіпті құралдарды, сондай-ақ жарамсыз құралдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады; білім алушыларға өзінің зерттеу мен жобалау жұмысында өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті заттарды пайдалануға, ықтимал қауіпті жануарлар мен өсімдіктермен (улы, агрессивті, инфекция жұқтырған және т.б.) байланыста болуға тыйым салынады.
ШЖМ білім алушыларының зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру, жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету үшін бастауыш, негізгі орта мектеп деңгейінде біріктірілген сыныптар үшін пәндер бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері www.nao.kz сайтында қолжетімді.
Республиканың шағын жинақты мектептерін қолдауда тірек-мектептер (ресурстық орталықтар) маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта ШЖМ-ны қолдау 594 магнитті ШЖМ бекітілген ЖОМ базасында 181 ресурстық орталықта жүзеге асырылады.
Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) міндеті – ШЖМ білім алушыларының сапалы білімге тең қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу, бейіналды және бейіндік оқытуды жүзеге асыру, ШЖМ білім алушыларының инновациялық қызметін дамыту, олардың сапалы жаңа деңгейге шығуы үшін ауылдық мектептерді қосымша біліммен қамтуды кеңейту. Білім беру желісін құру (білім беру ресурстарын біріктіру) ШЖМ білім алушыларына қажет болған жағдайда тірек-мектептердің немесе қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, бұл олардың мүдделері мен танымдық қажеттіліктерін барынша толық жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
ТМ (РО) білім беру кешенінің функциялары:
- жергілікті тұрғындарды тәрбиелеу мен оқыту әрекеттерін ұйымдастыру үшін мектептің қолда бар ресурстарын (жабдықтары, бөлмелері, аумағын) тиімді пайдалану;
- білім беру кешеніне кіретін білім беру ұйымдарының педагогтарының үздіксіз кәсіби тұрғыда дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік жұмысты жүзеге асыру;
- ресурстық орталықтың барлық балаларына (сессия кезінде медициналық тексеру, психологтармен жұмыс жүргізіледі; сессияаралық кезеңде тірек мектебінің мамандары шағын жинақты мектептерге барады) қызмет көрсету;
- оқу зертханалары мен шеберханаларының жұмыс істеуі, білім алушыларға кәсіби бағыт беру және шығармашылығын дамыту;
- дамыту және демалыс орталығы арқылы (сессия уақытында қызығушылық бойынша үйірмелер жұмыс істейді;
- сессияаралық кезеңде тірек мектебінің мамандары білім алушылармен қашықтықтан байланыста болады және магниттік мектептерге барады);
Магниттік мектептер мен тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) жылдық оқу-тәрбие жұмыс жоспары педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, ауданның (қаланың) білім бөлімімен келісіледі, білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітіледі.
Сессия кезеңінде білім алушыларды тасымалдай отырып, тірек мектебінің оқу зертханалары мен шеберханаларында практикалық оқу іс-әрекеті ұйымдастырылады. Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті тірек мектебінің пән мұғалімдерінің қашықтықтан қолдауымен шағын жинақты мектептерде өткізіледі, on-line режимінде интерактивті сабақтар жүргізіледі.
Электронды, оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалану ТМ (РО)-ның оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тірек мектебінің білім беру жүйесі аймақтың өзгешелігін, мұқтаждығын және білім алушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып, педагогикалық қызметке бірыңғай талаптардың болуы, күтілетін нәтижелердің, бірыңғай мақсаттардың болуын көздейді. Сонымен қатар мұндай жүйе ауылдық ШЖМ педагогтарына, білім алушыларды функционалдық сауаттылығы мен әлеуметтендіруге бағытталған құзырлық білім беру парадигмасындағы кәсіпті әрекеттер нәтижелеріне қайта бағытталуына көмектеседі.
Сессия ұзақтығы үш күннен он күнге дейін, тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) педагогикалық кеңесі және магниттік мектеп бекіткен оқу процесінің кестесіне сәйкес белгіленеді. Сессия кезеңінде тірек-мектеп (ресурстық орталық) толық күн тәртібінде жұмыс істейді.
Магниттік мектептердің білім алушылары тірек мектебі-ресурстық орталықтың өз жастарына сәйкес сыныптарына бөлінеді немесе осы білім алушылар категориясына бөлек өз алдына сыныптар ұйымдастырылады.
Магниттік мектептердің білім алушылары төмен оқу жетістіктеріне қарамастан білім сапасы жоғары сыныптарға жіберілген жағдайлар орын алған. Бұл өз кезегінде олардың психологиялық стресс алуына алып келген. Магниттік мектептердің білім алушыларына оқу процесін ұйымдастыруда әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді ерекше назарға алу ұсынылады. Қажет болған жағдайда жеке сабақтар өткізу керек.
Интернат болмаған жағдайда магниттік мектептердің білім алушыларын сабаққа күнделікті тасымалдау ұйымдастырылады, интернат болған жағдайда оларға өз бетімен дайындалуы және демалуы үшін жағдай жасалады, тамақтандыру ұйымдастырылады. Сессия әрбір параллель үшін бөлек өткізілуі мүмкін.
ШЖМ жоғары сынып білім алушылары тірек мектебі (РО) базасында 10-11-сынып білім алушыларының қалауы бойынша екі бағыт бойынша сыныптарға біріктіріледі. Қолданбалы пәндерді оқыту практикалық сипатқа ие және мектеп компонентіне бөлінген сағат есебінен жүргізіледі.
Бұл ШЖМ жағдайында балаларда параллельдің жоқтығынан бейіндік бағытты таңдау мүмкіндігі болмаған кездегі тағы бір мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Тірек мектеп ШЖМ білім алушыларының сапалы білім алуына тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді, олардың танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады.
Әлемдік тәжірибе мен ЕЭЫДҰ ұсыныстарын ескере отырып, шағын жинақты мектептер желісін одан әрі дамыту үшін ШЖМ-ді ауылдың әлеуметтік-мәдени даму орталығы ретінде сақтау, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім берудегі алшақтықты азайтуда шағын жинақты мектептерді қолдау үлгілерін енгізу мақсатында келесі жобаларды жүзеге асыру ұсынылады: «Серіктес мектептер», «Мобильдік мұғалім» және «Уақытша отбасы».
ШЖМ білім беру процесінде тәрбие жұмысы маңызды рөл атқарады. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, білім алушыларға патриоттық тәрбие беру үшін әртүрлі сыныптарда, мектептерде сыныптан тыс бірлескен іс-шаралар өткізу орынды.
Біріктірілген сыныптарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын терең ашу және маңызды қорытынды алу мақсатында әлемдік мәдени құндылықтар мен ұлттық мәдениет арасында параллель жүргізе отырып, дәуірлерді салыстыру әдісін пайдалану ұсынылады.
Бұл ретте пайдаланылатын ресурстар мазмұнының оқу пәнінің бағдарламалық материалымен тығыз байланыста болу принципін ұстану қажет. Осылайша, ШЖМ бүгінде көптеген аймақтық әлеуметтік-экономикалық, мәдени факторларды ескеретін, бала тұлғасын дамытуға ерекше көзқарасты талап ететін педагогикалық үдерісті ерекше ұйымдастыруды қажет етеді. Оқу жылы бойы ШЖМ мұғалімдеріне кәсіби өзара әрекеттесу желісі арқылы, вебинарларда, мастер-кластарда әдістемелік көмек көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |