У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек



бет18/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек

Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы

Әбу Насыр әл-Фараби



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің зайырлы, гуманистік және даму сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке адамның еркін дамуы, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, тұлғаны білімділікке ынталандыру және дарындылықты жетілдіру, білім берудің бірлігі, тәрбиелеу және дамыту білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары болып табылады.

Білім беру - бұл тәрбие мен оқытудың біртұтас жүйесі, бұл екі құрамдас бөлікті бөлуге болмайды. Құнды және жеке тұлғаға бағытталған тәсіл оқу-тәрбие процесінің негізіне жатады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.

Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;

  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.

Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

2. Рухани-танымдық тәрбие.

3. Ұлттық тәрбие.

4. Отбасылық тәрбие.

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

2019-2020 оқу жылында аталған бағыттың аясында НЗМ АҚ тәжірибесі бойынша «Ұлы дала мұрагерлері» тәрбиелік азаматтық-патриоттық жобасын жүзеге асыру ұсынылады. Қазақстандық қоғамға және ұлтқа адалдық, болашаққа деген берік сенімділік, туып-өскен жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру бұл жобаның мақсаты болып табылады. Ауқымды жобаның аясында келесі үш ішкі жоба: «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясы, «Тарих тағлымы» және «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары жүзеге асырылады.

2020 жылы республикада 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығы аталып өтеді. Осыған орай 2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бөлігін мектептегі, аудандағы (қаладағы), облыстағы патриоттық іс-шаралардың басым бөлігін Ұлы Жеңіске құрмет көрсетуге бағыттап ұйымдастыру және өткізу қажет.

Орта білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық клубтардың жұмысын белсендендіруге, патриоттық клубтардың, үйірмелердің және бірлестіктердің слеттарының барлық сатыларының өткізілуін қарастыру.

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазанындағы Жарлығын орындау, сонымен қатар өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін жетілдіру мақсатында ағымдағы жылы «Жас сарбаз» кадет сыныптарын және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын ашу ұсынылады.

Жергілікті жерлерде қорғаныс органдарымен бірлесіп «Жас сарбаз» қозғалысы аясында «SMART-SARBAZ» үйірмелерін құруды жандандыру.

«Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясы аясында топтар өз өлкесін зерделейді, оның флорасы мен фаунасын, тарихи орындарының маңызын, мәдениетін, инновациялық нысандарды, сәулет ғимараттарын және басқаларды (экономикалық бағыт бойынша – өнеркәсіп нысандарын, мәдениет – аймақтың сәулет, тарихи ескерткіштерін, білім - мұрағат, ескерткіш, археологиялық қазбалар) зерттейді. «Тарих тағылымы» әлеуметтік жобасы қалалардың, ауылдар мен көшелердің, сонымен қатар мемлекеттің, аймақтың, спорттың, мәдениеттің, білімнің дамуына үлес қосқан тұлғалардың тарихын зерделеуге мүмкіндік береді. «Қазақ мәдениетінің антологиясы» жобасы өз өлкесі ақындарының, жырауларының, күйшілерінің шығармашылығы арқылы ұлттық фольклорды зерделеуге бағытталған.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни кіші отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын оқып-білу. Білім алушылар арасында өлкетанулық білімді насихаттау мен тарату мәселелері Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздерінде көрініс тапқан.

Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуда әскери-патриоттық клубтар, балалар мен жасөспірімдер қозғалыстары, оның ішінде «Жасұлан», «Жас қыран», «Жас сарбаз», «Ұлы даланың скауттары», «Жұлдыз» және т.б. қозғалыстар үлкен рөл атқарады.

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазанындағы Жарлығын орындау, сонымен қатар өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін жандандыру мақсатында республикада «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас сарбаз» бірлестігі) құрылды.



14 облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Жас сарбаз» бірлестігінің аймақтық филиалдары ашылды және жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру бойынша аймақ әкімдерінің басшылығымен Координациялық кеңестер құрылды.

«Жас сарбаз» бірлестігінің жұмысы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне бағытталған ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық іс-шаралар кешенін қамтиды.



Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. «Қазақстанның киелі орындары» («Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы») жобасы арқылы жалпыұлттық киелі жерлерді бекіту керек. 2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендерінің 100 нысанының тізімі әзірленді. Ұлттық санада Ұлытау айналасындағы ескерткіштердің біріккен кешені мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштері мен Бекет-Ата мазарын, Шығыс Қазақстанның ежелгі кешендері мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру маңызды. Олардың бәрі біздің ұлттық бірегейлігіміздің тірегін құрайды. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.

Құқықтық білім берудің маңызды міндеті – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос уақытында жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудегі проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс.

Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта тұрады. Бұл жерде отбасының мәртебесін арттыратын, ата-аналар мен балалардың, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жеке, сондай-ақ ата-аналармен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.

Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің, педагогтердің, психологтардың, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі. Баланың әлеуметтік бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар аудару, қажетті әлеуметтік тәжірибені алу, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-шараларға қатысуы маңызды.

Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша бағдарламалар әзірлеу және іске асыру «қиын балаларды» әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу дағдыларын үйренуге арналған: коммуникативті дағдылар, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары, қақтығыстарды басқару, жалпыға бірдей заңды әдістер және тәсілдер арқылы проблемаларды шешу, «салауатты өмір салты» модельдері т.б. Мұндай бағдарламалар әрбір жасөспірімнің жеке траекториясына дейін дифференциалды көзқараста болуы керек. Мұндай бағдарламалармен ата-аналарды және оларды үйретуді қамту маңызды. Алдын алу әдістері психологиялық тренингтерді, тәрбиелік әңгімелесулерді, лекцияларды қамтиды. Отбасылық тәрбие мәселелері маңызды аспект болуға тиіс.

Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Ата-аналар лекторийлері, ата-аналардың қатысуымен жаңа форматта бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Тәрбие жұмысының түрлерін, ата-аналармен, балалардың отбасыларымен өзара қарым-қатынас формаларын сапалы түрде түрлендіру; сыныптан тыс және тәрбиелік іс-шараларды өткізу тәсілдерін қайта қарау қажет. Бұл ата-аналар жұмысбастылыққа салынған, отбасылық тәрбие мәселесі күннен-күнге өзекті болып отырған, өздерінің шешімін таба алмаған мәселелерімен балалар жиі оңаша қалатын жаңашыл ғасырмен тікелей байланысты. Бұл әлеуметтік мәселе білім саласына теріс ықпалын тигізеді. Жасөспірімдер арасында қатыгездік, өзіне-өзі қол жұмсау, ұсақ қылмыс пен құқық бұзушылық, бұзақылық, булинг, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларынан ақша талап ету жағдайлары көптеп белең алды. Бұған педагогикалық әрекет ету қажет. Әрине, бұл құбылыстардың туындауының басты себебі мектеп емес, бірақ балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін білім беру ұйымдарының жауапкершілігін алып тастауға болмайды.

Бұл көрсеткішке әсер ететін факторлар арасында – отбасындағы және мектептегі тәрбиенің жеткіліксіздігі, Интернет желісіндегі жағымсыз ақпараттар ағымы, қазіргі жаhандану мен интенсификация дәуірінің жастарға ұсынатын көптеген міндеттер мен проблемалар бар.



Жағымсыз мінез-құлықтарды алдын алу жұмыстары жүйелілік пен бірізділікті талап етеді. Ол тренингтер, пікірталастар, әңгімелер, түзету жұмыстары, ата-аналар жиналысы, суреттер көрмесі, шығарма жазу байқауы сияқты формаларды қамтуы тиіс. Ұжымның бірлігіне, оның моральдық ахуалын жақсартуға, құрдастар арасындағы достықты нығайтуға, өзара көмекті және түсінушілікті дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары дені сау тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа ұшыраған балалармен жұмыс жасауға арналған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралман балалар; мигрант балалар; өмірдің қиын жағдайын көрген балалар) әдістемелік ұсынымдамасы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған https://www.nao.kz .

Мектепте штаттық бірліктердің жеткілікті саны бар, қажетті үйлесімді жұмыс жоқ. Жаңа оқу жылында әрбір білім беру ұйымы барлық білім алушылардың қалыпты мінез-құлқын қамтамасыз ету үшін психолог, әлеуметтік педагог, медициналық қызметкер және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор (келісім бойынша), сынып жетекшілері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және т.б. әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырады.

Мектептердің әлеуметтік-психологиялық қызметтерінің жұмысы қайта қаралатын болады. НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.



Рухани-танымдық тәрбие.

Тәрбие жұмысының екінші бағыты «Рухани-адамгершілік тәрбиені» жүзеге асырудың негізгі механизмі ретінде ар-намыс пен мінсіз қызмет көрсету туралы бірыңғай сабақ жүргізуді қарастырады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде Отан мен ерлік; әлеуметтік, қайырымдылық жобаларына қатысу, «Қоғамға қызмет» волонтерлық балалар қозғалысы әлеуметтік жобасын дамыту - «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес», «Адамдарға қуаныш сыйла» акциялары. Волонтерлық қозғалысты ұйымдастырға арналған әдістемелік нұсқаулық ретінде «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайда білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі» атты әдістемелік ұсынымдарды ұсынамыз (https://www.nao.kz).



Рухани-адамгершілік тәрбие беруде кездесу кештері, «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары» әдеби кештері, «Сұлулық әлемді құтқарады» поэзиялық кештері, «Мейірбандық - адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз» әдеби-музыкалық композициясы, сынақтар және «Махаббат - адам өмірінің негізі», «Қайырымдылық жасампаз күш» адамгершілік-рухани мазмұндағы әңгімелер айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай көпшілік іс-шаралар өткізу ұсынылады: Абай шығармашылығының онлайн конкурсы, әлеуметтік желілер арқылы үздік жұмыстар, өлеңдерді тарату, жобалық жұмыстар, лекториялар, тақырыптық салтанатты жиындар, әдеби оқулар, «Абай өз халқының және барша адамзаттың баласы» атты тақырыпта ұлы ойшылдың шығармалары бойынша викториналар мен байқаулар өткізу ұсынылады.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен арттыру мына жобалар арқылы жүзеге асырылады: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру».

Назар аударыңыздар!
Жаңа оқу жылында кітаптың мәртебесін көтеру және кітап оқуды қолдау мақсатында білім алушылардың арасында «оқу сәнін» қалыптастыру бағытында оқу сағаттары дәстүрлі болуы тиіс. Кітаппен алмасу үшін арнайы – буккросинг орындарын ұйымдастыру, кітапқа деген ортақ қызығушылық негізінде білім алушылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар және білім алушылар) бірлескен іс-әрекеттерін, кітап көрмелері мен кітап өнімдерінің ашық таныстырылымдарын; «Кітап оқитын мектеп» конкурстарын, кітапханаларға кітап сыйлау бойынша акциялар; білім алушылардың кітапханашылармен кездесулерін, сонымен қатар отбасылық оқуларға арналған кітаптардың тізімін құрастыруды, ата-аналармен бірге кітаптарды оқу және талқылау, альбомдар, буклеттер, кино-видео материалдар әзірлеуді ұйымдастыру қажет.

Ұлттық тәрбие.

Тәрбие жұмысының үшінші бағыты «Ұлттық тәрбие» оқушыларға қазақ тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар өткізу, әрбір мектепте музейлер ашу, атақты спортшылар, ғалымдар, көрнекті тұлғалар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сонымен қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағыт шеңберінде мынадай жобаларды жүзеге асыру ұсынылады: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетануды дамыту, экспедиция, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру, «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімін және мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты арттыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Табиғат бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және аялап қарау).



Мұғалімдер әдістемелік көмек ретінде Академия әзірлеген: «100 жаңа есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері» әдістемелік ұсынымдамаларды пайдалана алады (https://www.nao.kz).

Отбасылық тәрбие

Тәрбие жұмысының төртінші бағыты ата-аналарды ағарту мақсатында, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және мектепте балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған.

Отбасы – адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек. Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін реттеу үшін олардың арасындағы үлгі шарт міндетті түрде жасалады. Осы құжат негізінде ата-аналар оқушыға білім беру мен тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру ұйымымен бірлесіп әрекет жасауға, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында қарастырылған ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңестің, ата-аналар жиналыстары шешімдерін ескеру, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарының басшы органдарының жұмысына қатысу тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыруға қатысуға міндетті.

Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруды қарастырады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс. Бұл үшін балаларды, үйде білім алатын оқушыларды тарту арқылы отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің келесідей топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциялары, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесулер, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.

Әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша дәстүрлі қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және ата-аналар қоғамдастығының алдындағы қамқоршылық кеңестің ашық есеп беруі, Білім күніне арналған жалпыұлттық сынып сағаттары (Білім күні), «Менің отбасым» «Жылдың үздік жанұясы», «Жазда жанұямызбен» жас ата-аналар фестиваль-байқаулары, «Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі» слеттері, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: «Әкем, анам, мен – спорттық жанұя», «Көңілді старттар», ірі жарыстар (оқушы ата-аналарының командалары, мұғалімдер) өткізіледі. Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Тәрбие жұмысының бесінші бағыты білім алушыларда кәсіби өзін-өзі анықтауға деген саналы көзқарастарын қалыптастырады, адамның экономикалық ойлау мен экологиялық мәдениетін дамытады. 2019-2020 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында (7-10 сыныптарға), сонымен бірге ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға «JuniorSkills» ерте кәсіптік бағдар беру және мектеп оқушыларына арналған базалық оқыту жобасы жұмысын бастайды.

Бүгінде білім беру ұйымдарында мектеп түлектерінің кәсіптік таңдауы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант көлемімен, мектепте оқытылатын таңдау пәнінің жеңілдігі, ата-анасының және достарының ұсыныстарымен анықталады.

Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілінің бірі білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл жұмыстар мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыс үлкен өмірге қадам басқан адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды, ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс. Қосымша білім беру аясында әр түрлі бағыттағы мамандықты таныстыру кең ауқымда жүргізіледі, олармен таныса отырып жасөспірімдер өз мамандығын саналы түрде таңдауға дайындалады.



Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 150 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды кәсіптік бағдарлауды диагностикалау және анықтауды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымды пайдалануға болады (https://www.nao.kz).

Экологиялық тәрбие аясында білім алушылармен білім беру ұйымдары, аудан, қала территориясындағы жасыл алаңдарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастырудың; «Жасыл ел» қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу; табиғат аясын қоқыстан тазарту сияқты волонтерлік қозғалысқа қатысудың маңызы зор. Жалпы білім беру ұйымдарына «Экочелендж», «Экоқалқан», «Эко-десант», «Гүлді калейдоскоп», «Ең жасыл кабинет», «Жасыл алтын», Плоггинг «Экожүгіру» және т.б. тәрізді жобаларды ауқымды түрде енгізу ұсынылады.



Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу

Білім алушының интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру мектептегі тәрбие жұмысының маңызды компоненттерінің бірі болып табылады.

Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мынадай элективті курстарды өткізу ұсынылады. «Жүрек тілімен өткізілетін физика», «Математика рухани-адамгершілік заңдар туралы ғылым ретінде», «Тарих пәнінің адамгершілік туралы сабақтары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» элективті курстарын өткізу. Сонымен қатар, зияткерлік іс-шаралар: ойындар, конкурстар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, дарынды мамандармен және құрдастарымен кездесулер, рефераттар, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мектеп және студенттік медиа орталықтар, балалар БАҚ-ы, сайттар ашу, оқушылар арасында робототехника бойынша кешенді іс-шара, спидкубинг және басқа зияткерлік спорт түрлері бойынша фестивальдер.

Білім алушыларға интернет-кеңістіктегі мінез-құлық мәдениетін: қарым-қатынас мәдениетін, өз ойларын білдіруді, сұхбаттасушының пікірін құрметтеуді, этикалық нормаларды сақтауды үйрету маңызды. Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысын қайта жаңғырту, интернет-мінез-құлық және қарым-қатынас, балалардың қоғамға қарсы мінез-құлық мәселелерін қарауды практика жүзінде жүргізу қажет.

Мектеп қоғамға қарсы мінез-құлықты қабылдамау мәдениетіне тәрбиелеуі тиіс.
Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік мәселесін көтеру ұсынылады.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру; үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі, халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер аталған бағытты жүргізудің негізгі механизмі болып табылады. Көркем-эстетикалық тәрбие аясында оқу орнында біздің мәдени жетістіктерді - кітаптарды, пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын – ертегілер, аңыздар, болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.

Ұлттық музыкалық аспап домбыраны насихаттау мақсатында домбыра әзірлеу және домбырада ойнауға үйрету бойынша шеберлік-сыныптар, ұлттық-қолданбалы өнер жәрмеңкелерін, дәстүрлі әуендер орындаушылардың фото көрмесін, домбырада ойнау сайыстарын, домбырашылардың концерттері мен музыкалық викториналар, «Домбыра – қазақ халқының жаны» «Қазақтың домбыра өнері», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың музыкалық аспаптары» және басқа конкурстар ұйымдастыру.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты, тәрбие жұмысының сегізінші бағыты ретінде салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құрады. Жалпы білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу маңызды.

2019-2020 жаңа оқу жылында республиканың 1000 мектебінде дене шынықтырудың әрбір үшінші сағатында «Футбол сағаты» пилоттық жобасы жалғасады. Пилоттық жобаға қатысушы мектептердің тізімі Министрлікпен бекітілген (ҚР БҒМ 2017 жылғы 11 тамыздағы № 405, 2017 жылғы 30 қазандағы № 550, 2018 жылғы 15 тамыздағы № 401 бұйрықтар).

Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларына аймақтағы пилоттық жобаның бақылауын және мониторингін қамтамасыз ету, мектептік спорттық лига жұмысын жетілдіру қажет.

2020 жылға арналған күнтізбелік негізгі спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылар 9-дан астам спорт түрлері бойынша ҚР колледждерінің студенттері мен оқушыларының Қысқы ойындарына қатысуы тиіс. Ойын түрлері шаңғы тебу, қысқы президенттік көпсайыс, коньки тебу, шорт-трек, қысқы спорттық бағдарлау, хоккей, бенди (допты хоккей), мәнерлеп сырғанау, футзал.



Республикалық көпсалалы балалар мен жасөспірімдер турнирлеріне және халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназия) қатысуға білім алушыларды кеңірек тарту қажет.

Тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі жасөспірімдердің ұрпақ жаңғырту қабілетін сақтау, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу, АИТВ-ның алдын алу, сонымен қатар салауатты өмір салтының негіздері бойынша оқу семинарларын өткізу болып табылады. 2019-2020 оқу жылында «Бір-біріне жақын – есірткіден алыс» профилактикалық бағдарламасы сынып сағаттарында жалғасын табады.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында әдіскерлер мен мұғалімдерге арналған білім алушылардың репродуктивті денсаулығы және отбасылық тәрбие құндылықтарын оқу процесіне кіріктіру мәселелері, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері жөніндегі келесі әдістемелік құралдар орналастырылған: «Қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін оқыту және тәрбиелеу процессіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар», «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша әдіскерлерге арналған нұсқаулық», қауіпсіз білім беру ортасының келесі компоненттері кіріктірілген бастауыш, негізгі орта буын оқу пәндерінен қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері: «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Табиғи апаттардың қаупін азайту», «Киберқауіпсіздік», «Балалардың жарақат алуының алдын алу», «Экологиялық қауіпсіздік».

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдері мен әдіскерлердің әдістемелік жинақ қорына Академия келесідей материалдарды ұсынады:

1) «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы: тәжірибе, бастамалар, әлеуметтендіру» («Жас Ұлан», «Ұлы Дала скауттары», жас патриоттар Академиясы және т.б.) әдістемелік ұсынымдама;

2) «Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекеті» әдістемелік ұсынымдама;

3) «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдама;

4) «Ұлттық қазына»: мұражайлардағы «жанды» сабақтар әдістемелік ұсынымдамасы;

5) «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала тіршілігі»): әлеуметтік-тарихи тәжірибе» ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар;

6) «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Назар аударыңыз!
Жоғарыда аталған барлық әдістемелік материалдарды https://www.nao.kz Академия сайтынан «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет