У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы



бет34/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.


2. «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығының күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).

3. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады.

Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:


  1. әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;

  2. әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;

  3. қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;

  4. жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;

  5. әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста тәрбиелеу.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 11-сынып.

«Технологиялық дайындық» бөлімі:

1) Дөңгелекті машина жүргізу негіздері және ережелері. Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Жол қозғалысы Ережелеріндегі негізгі түсініктер мен терминдер. Жүргізушілерді, жол жүргіншілері мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттарды;

2) Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары – Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн қолдану. Маневр жасау. Көлік құралдарының жолдың жүріс бөлігінде орналасуын;

3) Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Қарсы қозғалыс, басып озу. Аялдама және автотұрақ. Қиылыстардан өту бағыттары. Маршруттық көлік құралдарының аялдамасы және жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды;

4) Әртүрлі жағдайлардағы қозғалыс – Темір жол өткелдері арқылы өту. Автомагистраль арқылы қозғалыс. Тұрғын аудандардағы қозғалыс. Маршруттық көлік құралдарының басымдықтары. Дыбыстық сигналдарды және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалануды;

5) Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік құралдарын сүйреу. Көлік жүргізуді үйрету. Жолаушыларды тасымалдау. Жүкті тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбаларының қозғалысы және жолмен мал айдауға қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді;

6) Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салатын белгілерді;

7) Жол белгілері – Міндетті белгілер. Ақпараттық-нұсқағыш белгілері. Қызмет көрсету белгілері (таңбалары). Қосымша ақпарат беру (кесте белгі) белгілерін;

8) Жол таңбасы және оның сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Көлденең және тік таңбалану талаптарына сәйкес орындалатын жүргізушілердің іс-әрекеттері. Жұмыс істеу үшін көлік құралдарының рұқсатнамасының негізгі ережелерін;

9) Автотранспорт құралдарын басқару және жол қауіпсіздігінің негіздері – Сабақтағы қауіпсіздік шаралары. Жүргізушінің жұмыс орнын дайындау. Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін қозғалтқыштың басқару элементтерін әзірлеу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қозғалтқышты қосу. Автомобильді орнынан қозғалту, тура жолдағы қозғалыс, тежеу және тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қисық траекториядағы қозғалыс, маневр. Қосу қорабының қозғалыс жылдамдығын ауыстыра отырып жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Гаражға кіру. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Тар кеңістіктегі бұрылыс. Автомобильді көлік тұрағына қою. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Эстакадаға кіру. Өрде тұрған автомобильді орнынан қозғау, жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешуді;

10) Күрделі жол жағдайында автокөлiк құралын басқару – Қозғалысты бастау және жол жиегіне (тротуар жанына) тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қашықтықты сақтай отырып лекпен қозғалу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Бір қатардан екінші қатарға өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Реттелмейтін жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Реттелетін жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Басып озу. Жағдаяттық міндеттерді шешуді қамтиды.



Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат қарастырылған.

Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «31» қазан №556 бұйрығының 5-қосымшасын іске асыру мақсатында 2019-2020 оқу жылында 11-шы сынып оқушылары «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу үшін жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады (Республика бойынша 16 мектеп тізімі қосымша тіркелген).
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы «31» қазан №556

бұйрығына 5-қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 6 қарашадағы

№ 455 бұйрығына 7-қосымша

(Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы)
10-11 сыныптарға арналған

«Алғашқы әскери және технологиялық даярлық» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу үшін пилоттық мектептердің тізімі




Өңірдің атауы

Пилоттық мектептің атауы

1.

Астана қаласы

№ 13 орта мектебі

2.

Алматы қаласы

М. Мәметова атындағы №28 орта мектебі

3.

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы

Н.Крупская атындағы орта мектебі

4.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№ 51 мектеп-гимназиясы

5.

Алматы облысы, Көксу ауданы

К. Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясы

6.

Атырау облысы, Атырау қаласы

№ 33 орта мектебі

7.

Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы

№ 4 орта мектебі

8.

Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы



№ 34 мектеп-гимназиясы

9.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

№ 49 мектеп-гимназиясы

10.

Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы

№101 мектеп-лицейі

11.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

Ж. Қизатов атындағы № 23 орта мектебі

12.

Қостанай облысы, Қостанай қаласы

№5 орта мектебі

13.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№ 21 орта мектебі

14.

Павлодар облысы, Павлодар қаласы

№ 41 орта мектебі

15.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

№ 40 орта мектебі

16.

Шымкент қаласы

Қ. Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі

17.2 1-сыныптағы «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу бағдарламаларының апробациясы

2019-2020 оқу жылында пилоттық мектептердің бірінші сыныптарында «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер апробациядан өткізіледі (тізім қоса беріліп отыр).

Оқу жүктемесінің көлемі: 1 сынып – аптасына 2 (екі) сағат, оқу жылында 66 сағат. Бұл оқу пәндерін мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқытады.

«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелді).

«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары:

1) білім алушылардың талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын қалыптастыратын әр түрлі тапсырмаларды орындау;

2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккөздердің сан алуан түрлері;

3) қызықты және уәждеуші пәндік мазмұн арқылы білім алушылардың тілді А1 деңгейінде меңгеруіне жету мақсатын көздейді.

Бастауыш мектеп бағдарламасының мазмұны оқушылардың күнделікті қарым-қатынаста неміс және француз тілдерін қолдана білуін дамытуға және одан әрі оқыту үшін берік негіз құруға бағытталған.

Бастауыш мектептің «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға, олардың қызығушылығы мен өзіне деген сенімділігін арттыруға, сондай-ақ неміс және француз тілдерін оқуға деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Кең спектрлі дағдылармен органикалық бірлікте жеке қасиеттерді дамыту білім алушылардың бойына білім берудің базалық құндылықтарын: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік", «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім беру» сіңіру үшін негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдар болуға бағытталған.



«Неміс тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

  1. тыңдалым (Hörverstehen/хёрферштэен): сабақтағы бірқатар іс-әрекет түрлерін орындауға қатысты баяу және анық айтылатын қысқаша қарапайым нұсқауларды тыңдау, баяу және анық айтылатын сұрақтар, көпшілікке таныс есімдер және жер-су атаулары, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздері, Бұл не? түріндегі қысқаша негізгі сұрақтар, фонемалар және олардың тіркесімдерінің дыбысталуы, әліпби әріптері;

  2. айтылым (Sprechen/шпрэхэн): сабақ барысында адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы қарапайым сөйлем құрастырады, өздерін таныстыра алады, сабақтағы шағын әңгімелесу кезінде адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы сұрақтар қояды, таныс сөздер мен сөздер тізбегін анық айтады;

  3. оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): әліпбидің әріптерін таниды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды, кейбір таныс сөздерді біледі, әліпби әріптерін дұрыс реттілікпен орналастырады;

  4. неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): атау септігіндегі зат есімдерді жекеше түрде қолданады, адамдар мен орындар туралы айтады (2-3 сөйлем), есептік сан есімдер - 1-ден 12-ге дейін санайды, адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, ein/айн, der/дэр, ein/айн, das/дас, eine/айнэ, die/ди артикльдерін, қарапайым сұрақтар құрастыру кезінде was/вас, wer/вэр, wo/во, wie/ви сұрау сөздерін қолданады, атау септігіндегі ich/их, du/ду жіктеу есімдіктерін, (Präsens/прэзэнс) осы шақты қолданады.

«Француз тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

  1. тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): сабақтағы бірқатар іс-әрекет түрлерін орындау бойынша баяу және анық айтылған қысқа қарапайым нұсқауларды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпыға мәлім есімдер мен елді-мекен атауларын тыңдау, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздерінің (айтылуы), «Бұл не?» түріндегі қысқа негізгі сұрақтар, фонемалар мен олардың тіркестерінің, әліпби әріптерінің дыбысталуы;

  2. айтылым (production orale/продюксион ораль): сабақта адамдар, заттар және іс-әрекет түрлері туралы бірінші жақтан қарапайым сөйлем құрастырады, сабақтағы қарапайым әңгімелесу барысында адамдар, заттар және іс-әрекет түрлері туралы сұрақтар қояды, таныс сөздер мен фразаларды анық айтады, өзге адамдармен қарапайым әңгімелесу барысында өздерін таныстыра алады және сұрақтар қоя біледі;

  3. оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): әліпбидің әріптерін дыбыстайды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды кейбір көзге таныс сөздерді таниды, сөздерді әліпбилік ретпен орналастыру үшін әріптерді (бірінші әріп бойынша) қолданады;

  4. француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ): жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолданады, адамдар мен елді-мекендер туралы айтады, 1-ден 20-ға дейінгі есептік сандар, адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, заттың орналасуын көрсету үшін sur/сюр, sous/су, dans/дан көмекші сөздерінің қолданылуы, қарапайым сұрақтарды құрастыру кезінде qui’est-ce que c’est/кэс кё сэ?, qui est-ce, où est/ки эс? у э? сұрау есімдіктерін, заттарды көрсету үшін ce/сё, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ сілтеу есімдіктерін, c’est/сэ, ce sont/сё құрылымдарын, өзі туралы негізгі ақпаратты беру үшін жіктеу есімдіктерін қолдану, қарапайым командаларды немесе нұсқаулықтарды құрастыру үшін бұйрық райды Lisez/Лизэ, ouvrez/уврэ, fermez/фэрмэ (болымды түрде) қолданады, өзі туралы негізгі ақпаратты беру үшін осы шақты (Présent/Прэзан) (болымды, болымсыз және сұраулы формаларын) қолданады.

Оқу бағдарламалары бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асады.
17.3 8-сыныпқа арналған «Қоғам және дін» курсының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің апробациясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
27 тамыздағы №390 бұйрығына сәйкес 2019-2020 оқу жылында 31 пилоттық мектепте 8-сыныптардың «Қоғам және дін» факультативтік курсының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері апробациядан өткізіледі.

Оқу курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. «Қоғам және дін» курсын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбына арналған «Қоғам және дін» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері жүргізеді.

«Қоғам және дін» факультативтік курсы – зайырлы қоғамның негізгі құндылықтары мен даму тенденцияларын түсінетін, дін және оның тарихи процестегі рөлі туралы ғылыми білімді жүйелеуге қабілетті, ғылыми дүниетаным мен ұлттық санаға ие, өркениеттің тарихи-мәдени тәжірибесі негізінде ойлай алатын рухани тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік беретін кіріктірілген әлеуметтік-гуманитарлық курс болып табылады.

Пәннің базалық білім мазмұны Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы негізінде әзірленді.



Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:

- білім алушыларға әлемдік тарихи процестегі діннің орны, оның өзара байланысы мен қарым-қатынасы туралы, дін туралы ғылыми білім негізінде зайырлылық және мемлекет пен қоғамның зайырлы негіздері туралы түсінік қалыптастыру;



- өзге халықтардың діни мәдениетіне құрметпен қарауды, діни экстремизм мен фанатизмнің радикалды идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:

  • мемлекеттің білім беру жүйесінің зайырлы сипатын қамтамасыз ету принципін жүзеге асыру;

  • білім алушылардың діндердің тарихы және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы ғылыми білімін қалыптастыру;

  • білім алушылардың зайырлы қоғам дамуының қазіргі кезеңін талдау мен жеке өмірін болжау үшін дін туралы қажетті білімді адамзат өркениетінің құбылысы ретінде меңгеруі;

  • қоғам дамуының зайырлы принциптерінің өзіндік құндылықтары мен әлем халықтарының діни мәдениеттерінің бірегейлігін ұғыну;

  • білім алушылардың азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет дамуының зайырлылық принциптеріне негізделген жеке ұстанымдары мен құндылықтық бағдарын қалыптастыру;

  • қазіргі қоғам мен жеке тұлға өміріндегі діннің рөлін анықтау;

  • әртүрлі діндер мен діни ұстанымдар құндылықтарының арасындағы байланыстарды анықтау;

  • түрлі діни мәдениеттер мен дәстүрлерге төзімділікпен қарауды қалыптастыру;

  • дін және оның тарихы туралы білімнің негізінде діни сауаттылыққа тәрбиелеу;

  • Қазақстан халқының тарихи қалыптасқан дәстүрлерін қастерлеу қабілетін арттыра отырып, қоғамдағы әр түрлі жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру;

  • білім алушылардың діни әдебиет, электронды ресурстар мен БАҚ материалдарын талдауға қатысты сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың коммуникативтік байланыс дағдыларын, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша сұхбаттастық қабілетін дамыту.

«Қоғам және дін» курсы негізінен ақпараттық-ағартушылық, сондықтан білім берудегі негізгі педагогикалық тәсілі – зайырлы, конфессиялық емес болып табылады.

«Қоғам және дін» курсының зерттеу объектісі ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі адамзаттың діни мәдениетінің даму барысындағы оқиғалар, құбылыстар мен үрдістердің алуантүрлілігі болып табылады.

Оқу бағдарламасы дінді өркениеттердің рухани мәдениетінің бөлігі ретінде, ал адамды жалпыадамзаттық және діни мәдениеттің негізін қалаушы ретінде қарастырады. «Өнер өркениеттердің рухани әлемінің көрінісі ретінде», «Өнердегі діни бейнелер» тақырыптары білім алушыларға қоғамның дамуындағы мәдениет пен діннің тығыз өзара байланысын түсінуге мүмкіндік береді.

Білімалушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда: адам өмірі - басты құндылық, махаббат пен отбасы құндылықтары, бәсекеге қабілетті қоғам және мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы еңбектің рөлі сияқты тақырыптарды зерделеу өте маңызды.

Осы негізде қоғам мен мәдениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан Батыс пен Шығыстың көрнекті ойшылдарының мәдени және рухани мұрасы оқытылады.

Діни наным-сенімдер мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы туралы тарихи шолумен қатар, «Қазақстан - зайырлы мемлекет» тақырыбы берілген. Бұл білім алушылардың мемлекеттің зайырлы сипатын Республиканың табысты дамуының маңызды шарты ретінде бағалай білуіне мүмкіндік береді. «Қазақстан - дінаралық диалог пен келісім елі». «Діни төзімділік, толеранттылық және келісім – мемлекеттер мен қоғамдардың үйлесімді өмір сүруінің негізі ретінде» мазмұндық желілері курстың басты жолы болып табылады.

Білім алушылардың экстремизм мен терроризмді қазіргі әлемнің жаһандық қауіпі ретінде түсінуіне ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан, жүйелі алынған білім бір жағынан білім алушыларды Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде өз халқының рухани мәдениетін сақтау және қорғау қабілетін қалыптастыруға, екінші жағынан, діни сананы және дінге деген көзқарасты анықтауға, оларға құрметпен қарауға мүмкіндік береді .

Курс мазмұнында білім алушылардың өз бетімен зерттеу әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Сонымен, «Қоғам және дін» курсы білім алушыларға қоғам, мәдениет және дін туралы, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәні туралы қажетті білім береді. Бұл курс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтар мен толеранттылыққа қайшы келмейтін принциптер туралы түсінігін қалыптастырады.



Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік ұсыныстар

«Қоғам және дін» курсы бойынша оқу процесінде оқытудың келесі: құндылыққа бағдарланған тәсіл, тұлғаға бағдарланған тәсіл, іс-әрекеттік тәсіл, саралап оқыту тәсілі, коммуникативтік тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Курсты оқытуда Қазақстандық патриотизмді, толеранттық сананы, тарихқа, ата-баба дәстүрі мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, басқа халықтардың діни дәстүрлеріне сыйластықпен қарауды және экстремизм мен фанатизмнің радикалды идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыруда құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру ұсынылады.

Тұлғаға бағдарланған тәсіл білім алушылардың жеке мүдделері мен қабілеттерін, дербес оқиғаларды талдау және бағалау үшін қоғамдағы діннің орны мен рөліне қатысты кешенді мәселелерді талқылау процесінде қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, білім алушылардың қорытындылары мен тұжырымдарын, пайымдауларын және мәдени құбылыстар мен процестерді талқылауда жеке пікірі болуын, өз ұстанымын анықтау, қорғау қабілетін, іске асыруды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Іс-әрекеттік тәсіл білім алушылардың өзекті сұрақтарды бірлесіп талқылауға, рөлдік ойындар және басқа да шығармашылық білім беру түрлеріне белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Саралап оқыту тәсілі білім алушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатына олардың әр түрлі топтарының оқу қызметін, пәннің арнайы жасақталған құралдарының көмегімен ұйымдастыру және сараланған тапсырмаларды қолдануды қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың дұрыс сөйлеуін, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тапсырмаларды, сондай-ақ шынайы коммуникативтік қарым-қатынасты (жұптық және топтық жұмыс) дамытуға бағытталған.

«Қоғам және дін» курсын оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану ақпаратты іздеу, сұрыптау және фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды анықтау, салыстыруға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, білім алушылардың білімін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2019 жылғы «27» тамыздағы

№ 390 бұйрығына қосымша


Негізгі орта білім беру деңгейінің
8-сыныбына арналған «Қоғам және дін» курсының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін сынақтан өткізетін эксперименттік білім беру ұйымдарының тізімі





Областар атауы



Мектептер атауы


Мектеп

типі



Оқыту тілі

1

Ақмола облысы


Көкшетау қаласы, №14 орта мектебі

қала

аралас

Бурабай ауданы, Оқжетпес орта мектебі

ауыл

аралас

2

Ақтөбе облысы

Темір ауданы, Шұбарқұдық елді-мекені №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы №1

ауыл

қазақ

Ақтөбе қаласы, № 25 жалпы орта білім беретін мектебі

қала

аралас

3

Алматы облысы

Көксу ауданы, Ақшатоған ауылы, №5 орта мектебі

ауыл

орыс

Талдықорған қаласы,

М. Жұмабаев атындағы



№19 орта мектеп-гимназиясы

қала

қазақ

4

Атырау облысы

Атырау қаласы, Ж. Қаражігітов атындағы № 16 мектеп-лицейі

қала

аралас

Индер ауданы, «Көктем» қазақ орта мектебі

ауыл

қазақ

5

Шығыс-Қазақстан облысы

Өскемен қаласы, Меновное орта мектебі

қала

аралас

Өскемен қаласы, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі

қала

қазақ

6

Жамбыл облысы

Тараз қаласы, №40 мектеп-гимназиясы

қала

орыс

Меркі ауданы, №5 Ақарал мектеп-гимназиясы

ауыл

қазақ

7

Батыс-Қазақстан облысы

Орал қаласы, №24 жалпы орта білім беретін мектебі

қала

орыс

Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы

ауыл

қазақ

8

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының академик
О.А. Жәутіков атындағы жалпы білім беретін № 1 қазақ орта мектебі

қала

қазақ

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, №15 жалпы орта білім беретін мектебі

қала

аралас

9

Қостанай облысы

Қостанай ауданы, Озерная орта мектебі

ауыл

аралас

Лисаковск қаласы, Лисаковск қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мектеп-гимназиясы

қала

орыс

10

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы, Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебі

қала

қазақ

Арал ауданы, Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейі

ауыл

орыс

11

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы, №17 жалпы білім беретін орта мектеп

қала

аралас

Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, М.Горький атындағы мектеп-лицейі

ауыл

орыс

12

Павлодар облысы

Павлодар қаласы, М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беретін мектебі

қала

аралас

Аққулы ауданы, С.Сатыбалды атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

ауыл

қазақ

13

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы, Алқатерек орта мектебі

ауыл

қазақ

Петропавл қаласы, №44 орта мектебі

қала

орыс

14

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы

қала

аралас

Созақ ауданы, Созақ» жалпы орта мектеп – гимназиясы

ауыл

қазақ

15

Нұр-Сұлтан қаласы

№ 53 мектеп-лицейі

қала

аралас

16

Алматы қаласы

Медеу ауданы, №19 жалпы орта білім беретін мектебі

қала

аралас

17

Шымкент қаласы

Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясы

қала

қазақ


18. ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ

Сандық білім беру ресурстары-бұл ұсынылған бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шындық және интерактивті үлгілеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу процесінде ресурстар болып табылатын өзге де оқу материалдары.

Сандық білім беру ресурстары (СБР) –сандық технологиялар базасында құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.

Оқыту процесінде пайдалану үшін сандық ресурстардың келесі тізімі ұсынылады:

"Duolingo»

Duolingo-да оқыту ойын түрінде өтеді: сөздерді дұрыс табу, сөйлем құрастыру және таймермен тапсырмаларды орындау қажет. Сервис ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке бағдарламаны құрайды. Сайт тегін, бірақ жарнаманы ақылы түрде алып тастауға болады.


"Memrise»

Интерактивті тапсырмалар мен әр түрлі тақырыптарға жүздеген курстар (өнер, ғылым, мансап, ойын-сауық және т.б.) көмегімен ондаған тілді үйренуге мүмкіндік беретін Портал. Сонымен қатар, Memrise дұрыс жауап нұсқаларын таңдау қажет бейнедиалогтарды пайдаланады. Қаласаңыз, басқаларды пайдалану үшін, тіпті оқыту курсын өзіңіз жасай аласыз.



"Udemy»

Пайдаланушылардан он мың курстар бар Сайт. Орыс тілді де бар, бірақ олар аз — көп бөлігі ағылшын тілінде оқыту бағдарламалары. Саласы әртүрлі: музыка мен дизайннан бастап робототехника мен бухгалтерлік есепке дейін қамтылған. Курстардың ұзақтығы орта есеппен екі сағаттан сегіз сағатқа дейін.


«edX»

Сайтта әлемнің барлық университеттерінен мыңдаған онлайн-курстар табуға болады. Өзіңді Гарвард немесе Массачусетс технологиялық институтының оқушысы сезінудің тамаша тәсілі. Кез келген ғылымды: философия, логистика, бағдарламалау, саясаттану, өнертану және т.б. оқуға болады.



"Coursera»

Әр түрлі тақырыптарға арналған курстар бар ірі порталдардың бірі. Мұнда кез келген нәрсені зерттеуге болады, ал қаласаңыз, үйден шықпай-ақ қандай да бір шетелдік университет дәрежесін алуға болады.



"Skillshare»

Түрлі тақырыптарға ондаған мың бейне сабақ: фотосурет, SEO-оңтайландыру, маркетинг, идеялар генерациясы және т.б. Контентті құрушылар үшін өте пайдалы.



"FutureLearn»

Тегін онлайн курстар ұсынатын 40-тан астам университеттерді біріктіретін Британдық ресурс.



"Лекториум»

Оқушылар, студенттер және мамандар үшін көптеген курстар. Курстар өте сапалы визуалды контентпен ерекшеленеді.



"Универсариум"»

Жалпы білім беретін дәрістер мен еркін қол жетімді курстар.



Білім беруді ақпараттандыру ұлттық орталығы

http://www.nci.kz

2011 жылы" Ұлттық ақпараттандыру орталығы" АҚ 5-11 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша 468 СБР әзірледі, оның ішінде 234-қазақ тілінде, 234-орыс тілінде:

5-ші сынып үшін 98 СБР;

6-сынып үшін 40 СБР;

7-сынып үшін 40 СБР;

8-ші сынып үшін 60 СБР;

9-сынып үшін 60 СБР;

10-сынып үшін 58 СБР ;

11-сынып үшін 112 СБР.
www.BilimLand.kz -электрондық оқулықтар мен қосымша сандық білім беру ресурстарынан тұратын білім беру порталы.
www.imektep.kz-қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған электрондық оқулықтары бар бастауыш мектептің мультимедиялық курсы (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дуниетану, математика, өзін тану, еңбекке баулу, музыка, бейнелеу өнері).
www.twig-bilim.kz -BBC Motion Gallery студиясынан бейне сабақтар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған электронды оқыту кешені. Баланың дамуы мен PISA тестілеріне дайындық үшін тамаша ресурс.
19. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ПЕДАГОГТЕРІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Педагогтің өздігінен білім алуы - кәсібилік пен педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің маңызды шарттарының бірі.

Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары мұғалім жұмысының жаңа форматын болжайды, оған оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістерін, технологияларын таңдау еркіндігін береді.

Мұғалімнің білім берудегі заманауи үрдістермен қатар жүргені, үнемі өз білімі мен біліктерін жетілдіріп, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктерін қолдана білгені маңызды.

Осыған байланысты білім беру ұйымдарының мамандары үшін келесі заманауи әдебиеттер тізімі ұсынылады:

1. Даг Лемов «Мұғалімнің шеберлігі. Көрнекті мұғалімдердің дәлелденген әдістері».

2. Тимоти Уокер «Фин оқыту жүйесі».

3. Джуди Дирксен «Оқыту өнері. Кез-келген жаттығуды қалай қызықты және тиімді етуге болады».

4. Питер Грей «Оқу еркіндігі. Мектепке қарсы ойын».

5. Кэрол Дюк «Икемді сана. Ересектер мен балалардың даму психологиясына жаңа көзқарас».

6. Хосе Антонио Марина «Талантты тәрбиелеу».

7. Елена Щебланова "«Жетістіксіз дарынды оқушылар».

8. Нина Джексон «Сынып мұғалімі. «Қиын» оқушылармен, күрделі ата-аналармен жұмыс істеу және кәсіптен ләззат алу".

9. Адель Фабер, Эйлен Мазлиш «Балалардың оқуы үшін олармен қалай сөйлесуге болады».

10.Владимир Лизинский «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім».

11.Джуди Аппс «Тыңдау және есту үшін».

12. Ли Лефевер «Түсіндіру өнері».

13. Джулия Дирксен «Оқыту өнері».

14. Даниель Пинк «Драйв».

15. Аня Каменетц «Тест».

16. Фелиситас Акоста, Соня Ногейра «Мемлекеттік білім беру жүйесін 21 ғасырдың сценарийінде қайта қарастыру. Саясат пен тәжірибе арасындағы жаңа және жаңартылған мәселелер». Sense Publishers-Роттердам, Нидерланды.

17. Б. Йи, А. Sliwka, Раутиайнен М. "Финляндия: болашақ мектеп жолында».

18. Эдвард де Боно «Өзіңізді ойлауға үйретіңіз» ойлауды дамытуға арналған оқу құралы.

19. Парслоу Э., Рэй М. «Оқытудағы Коучинг». Оқытудың практикалық әдістері.

20. Людмила Петрановская «Құпия тірек. Балаға бауыр басу».

21. Людмила Петрановская «Егер баламен қиын болса».

22. Януш Корчак «Баланы қалай жақсы көру керек».

23. Юлия Гиппенрейтер «Баламен сөйлесу. Қалай?».

24. Даниэль Пеннак «Мектептегі қиындық».

25. Бел Кауфман «Төменге құлдыраған баспалдақпен қайта жоғары көтерілу».

26. Кэндзиро Хайтани «Қоянның көзқарасы».

27. Дэйв Грей «Қылмыстық Ойлау».

28. Малколм Глэдуэлл «Генийлер және аутсайдерлер».

29.Кен Робинсон «Борыш».

30. Кэрол Дуэт «Икемді Сана».

31. Альфи Кон «Марапаттау Жазасы».

32. Джон Медина «Ми Ережесі».

33. Даниель Гоулман «Эмоциялық Интеллект».

34. Аманда Рипли «Әлемдегі ең үздік Оқушылар».

35. Ақиқат Рас «Өмір Сөзсіз Керемет Болады».

36. Пол Таф «Балалар Табысқа Қалай Жетеді?».

37. Дэйв Бургесс «Оқу күтпеген жағдай секілді».

38. Юлия Гиппенрейтер «Баламен сөйлесу. Қалай?».

39. Выготский Л.С. «Жоғары психикалық функцияларды дамыту».

40. Блум Б.С. «Толық меңгеру теориясы: теория және практика».

41. Блум Б.С. «Оқу мақсаттарының жіктелуі».

42. Сухомлинский «Мен балаларға жүрегімді беремін».

43. Игорь Манн «Нөмір - 1. Өз ісіңде қалай жақсы болуға болады».

44. Джим Коллинз «Жақсыдан ұлылыққа. Неге кейбір компаниялар серпіліс жасайды, ал басқалары ... 

45. Дэниел Гоулман «Эмоциялық интеллект. Неге ол IQ қарағанда көп болуы мүмкін».

46. Игорь Манн және Дмитрий Турусин «Байланыс нүктелері. Маркетингті және сіздің компанияңыздың кірісін арттыру үшін жұмыс дәптері».

47. Роберт Чалдини, Ноа Гольдштейн және Стив Мартин «Сендіру психологиясы. Сендіре алу үшін 50 сендіру тәсілі» .

48. Роджер Сайп «Миды дамыту. Жылдам оқу, жақсы есте сақтау және үлкен мақсаттарға жету».

49. Кэрол Дуэк «Икемді сана. Ересектер мен балаларды дамыту психологиясына жаңа көзқарас».

50. Митчел Резник «Оқу спиралы. Балалар мен ересектерді дамытудың 4 принципі».

51. Dorling Kindersley (DK) «Ғылым қалай жұмыс істейді? Біздің әлемнің құрылымы туралы көрнекі фактілер».

52. Альфи Кон «Наградамен жазалау. Мектеп бағасымен, мотивация жүйесімен, мадақтаумен басқа да жолдармен қайсысы сәйкес емес».

53. Альфи Кон «Жүрекпен тәрбиелеу. Ережесіз және шартсыз».

54. Дуг Лемов, Эрика Вулвей және Кейти Ецци «Білімнен дағдыларға дейін. Кез келген іскерлікті тиімді жаттығудың әмбебап ережелері».

55. «Сұрақтар – бұл сұрақтарға жауаптар. Жұмыс пен өмірде серпінді идеяларды іздеу және күрделі мәселелерді шешу жолдары».

56. Джон Готтман «Баланың эмоционалдық интеллекті. Ата-аналарға арналған практикалық нұсқаулық».

57. Джули Дирксен «Кез келген оқытуды қызықты және тиімді ету».

58. Билл Торберт «Осы кезеңдегі көшбасшылық».

59. Рэндалл Инглунд және Альфонсо Бусеро «Жоба жетекшісі. Жұмысқа қажетті барлық дағдылар».

60. Ричард Талер және Касс Санстейн «Nudge. Таңдау архитектурасы».

61. Деннис Бакке «Шешуші адам. Әрбір адам өздігінен шешім қабылдай алатындай болашақ ұйымын қалай құруға болады».

62. Фредерик Лалу «Болашақ ұйымды аша отырып» .

63. Нир Эяль «Ілмекте. Әдеттерді қалыптастыратын өнімдерді қалай жасауға болады».

64. Лиза Фельдман Барретт «Эмоциялар қалай пайда болады? Ми түсінігіндегі және эмоцияларды басқарудағы революция».

65. Джули Литкотт-Хеймс «Олардан арылыңыз. Балаларды ересек өмірге қалай дайындау керек».

66. Дуг Лемов «Мұғалімнің шеберлігі. Алдыңғы қатарлы оқытушылардың жүргізген техникалары».

67. Мартин Томич, Кара Ригли, Мадлен Бортвик, Насим Ахмадпур, Джессика Фроули, А. Баки Кокабалли, Клаудия Нуньес-Пачеко, Карла Стракер, Лиан Лок «Ойлап тап. Жаса. Сындыр. Қайтала. Дизайн-ойлау тәсілдері мен құралдарының үстел кітабы».

68. Джозеф Хигни «Жобалық менеджмент негіздері. Классикалық басшылық».

69. Юрген Саленбахер «Жеке бренд жасаңыз. Мүмкіндіктерді қалай табуға, дамытуға және ерекшелеуге болады?».

70. Крейг Ричардсон «Minecraft бағдарламалау. Python көмегімен әлеміңізді жасаңыз».

77. Джек Льюис және Адриан Вебстер «Ми: нақты нұсқаушы. Тиімділікті арттыру және стресті төмендету үшін нені білуіңіз керек».

78. Ньюфельд Гордон, Матэ Габор «Өз балаңызды бетімен жіберіп алмаңыз».

79. Петрановская Людмила Владимировна «Құпия тірек. Балаға бауыр басу».

80. Альтшуллер Генрих Саулович «Идея табу. Өнертапқыштық есептерді шешу ТРИЗ-теориясына кіріспе»

81. Садықова Гүлназ «ТРИЗ-педагогика. ТРИЗ-сабақтарының әмбебап конструкторы (алгоритм)».

82. Юрий Гурин «Сабақ+ойын. Оқушыларға арналған заманауи ойын технологиясы».

83. Светлана Ахмерова «Педагогтың кәсіби қызметі және денсаулығы».

84. Ғабит Бекахметов, Әйгерім Коржумбаева «Критикалық ойлау негіздері».

85. Мағжан Жұмабаев «Педагогика».

86. П. Мехисто «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту контекстіндегі «Скаффолдинг» (CLIL)».

87. Ж.Б. Кажигалиева, К.К. Байтенова, Ж.А. Жумабаева. «Қане, достар, оқиық! Ортақ тақырыптар бойынша сыныптан тыс оқуға арналған хрестоматия», 2-сынып.

88. К.К. Байтенова «Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері».

89. З.М. Мендыгалиева, М.П. Кушнир, Е.П. Петрик «Бастауыш мектепте математиканы оқытудың белсенді әдістері».

90. З.М. Журбенко, Е.А. Вьюшкова, Ы. Турсунбайкызы «Білім беру бөлімін тігінен жоспарлау».

91. Р.С. Тоганакова, М.С. Танжарикова, М.С. Оракова Қазақ тілі. «Тарихи тұлғалар» бөлімі арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, 6-сынып.

92. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика».

93. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық технологиялар //Под ред. Л.К.Гербенкиной, Л.А.Байкова редакциясымен.

94. Әбенбаев С. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі».

95. Тажбаева С.Г. «Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі».

96. Глазырина Т.Н. «Тарихты оқыту әдістемесі».

97. «Мұғалімнің көшбасшылығы арқылы білім беруді түрлендіру. Дэвид Фросттың редакциясымен.

98. «Оқу мен оқытудың белсенді әдістері» www.cpm.kz



Ата-аналарға арналған кітаптарды ата-аналар лекцияларына, тренингтерге қолдануға болады, сонымен қатар ата-аналарға оқуға ұсынуға болады.


МАЗМҰНЫ


1.

Жалпы ережелер

3

2.

Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

40

3. 1–4-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

45




«Тіл және әдебиет» білім саласы




«Математика және информатика» білім саласы




«Жаратылыстану» білім саласы




«Адам және қоғам» білім саласы




«Технология және өнер» білім саласы




«Дене шынықтыру» білім саласы




4. 5–9-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

88




«Тіл және әдебиет» білім саласы




«Математика және информатика» білім саласы




«Жаратылыстану» білім саласы




«Адам және қоғам» білім саласы




«Технология және өнер» білім саласы




«Дене шынықтыру» білім саласы




5. 10-11 сыныптардағы жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

183

5.1 Жаңартылған білім мазмұндағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен оқитын 10-сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

183




«Тіл және әдебиет» білім саласы




«Математика және информатика» білім саласы




«Жаратылыстану» білім саласы




«Адам және қоғам» білім саласы




«Дене шынықтыру» білім саласы

«Графика және жобалау»






5.2 2012 жылғы МЖМБС және 2013 жылы енгізілген оқу бағдарламалары бойынша оқитын 11-сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

242





«Тіл және әдебиет» білім саласы




«Математика және информатика» білім саласы




«Жаратылыстану» білім саласы




«Адам және қоғам» білім саласы




«Технология» білім саласы




«Дене шынықтыру» білім саласы




6 Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері

305

7 Орта мектепте құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың ерекшеліктері

316

8 Орта білім беру ұйымдарында жан басына бөлінетін нормативтік қаржыландыруды іске асыру ерекшеліктері

330

9 Шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктері

335

10 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері

348

11 Кешкі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері

356

12 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктер

363

13 Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері

382

14 Білім беру ұйымынан тыс оқытудың ерекшеліктері

393

15 Қазақстан Республикасының жалпы орта мектептерінде балаларға қосымша білім беру ерекшеліктері

398


16 жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік қызметті ұйымдастыру

410


17 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оәк апробациядан өткізу

420





17.1 11-сыныптың оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен ОӘК-ті апробациялау










17.2 1-сыныптағы «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу бағдарламаларының апробациясы




18 Цифрлық білім беру ресурстары

435

19

Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі

437









2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының

жалпы орта білім беретін ұйымдарында


білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хат

Басуға 26.08.2019 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.

Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 27,4.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК



010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 15-қабат.

1 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік кабинеттердің дамуы. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 116 б. - https://nao.kz/blogs/view/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет