У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Оқу-әдістемелік қызметті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету



бет33/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Оқу-әдістемелік қызметті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мынадай нормативтік-құқықтық құжаттармен айқындалады:

- 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (5-тарау, 29-бап, 1, 2 -тармақ) - «Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады», «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау: орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне».

- «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 40 бұйрығы;

- «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың Үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы;

- «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығы, 2-тармақ;

- «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы
№ 77 қаулысы;

Әдістемелік кабинет/орталық қызметінің мақсаты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды жүзеге асыру, үздіксіз білім беру үшін жағдай жасау, педагог және басшы кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.

Білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің/орталықтарының штаттарын қалыптастыру «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әдістемелік кабинеттер «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығына сәйкес жұмыс істейді. Бұйрықта «Әдістемелік орталықтар/кабинеттер» жалпы ережесі, ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларының 2-тармағында жазылған.

Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті үйлестіру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) оқу-әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары:

1) оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және педагогке, білім беру ұйымдары мен әдістемелік бірлестіктерге көмек көрсетуге бағытталған білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша оқу - әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және өткізу (консультациялар, сабақтарды талдау, дәрістер, мастер-кластар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, Педагогикалық шеберлік мектептері, кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу);

2) білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша, оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұнын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдар, ұсынымдар әзірлеуді ұйымдастыру;

3) педагогикалық қызметті зерделеу, талдау және бағалау, тәрбиеленушілер мен оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу, жұмыс тәжірибесін жинақтау мен жүйелендіруді қамтамасыз ету, жұмыстың тиімді нысандары мен олардың нәтижелері туралы деректер банкін құру;

4) білім беру ұйымдары мен педагогтарға инновациялық қызметке қолдау көрсету, тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

5) педагогтарды мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен уақтылы таныстыру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін, сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын зерделеу және шығармашылық игеру;

6) педагогтарды балалар мен ересектерді оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиет туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу, бейне, медиатека жасау;

7) қалалық, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде білім алушыларды білім беру мен тәрбиелеуге қатысатын ғалымдармен, білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру;

8) жетекші мамандарды тарта отырып, оқу-әдістемелік материалдарды сараптау, оқу-әдістемелік және сараптамалық кеңестердің, уақытша ғылыми-зерттеу және шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру;

9) біліктілікті арттыру ұйымдарымен бірлесіп, педагогикалық және басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.

Білім берудегі қазіргі жағдай, білім беру мәртебесі мен міндеттерінің өзгеруі, оған балалар мен ата-аналар тарапынан қойылатын жаңа талаптар, сондай-ақ басқа да бірқатар басқа да себептер әдістемелік орталық/кабинет қызметінің ұйымдастырлуына ерекше өзектілік береді, сол себепті ол:



  • қоғамның заманауи талаптарын ескере отырып, білім беруді дамытуды қамтамасыз етуі;

  • педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуы, ең үздік тәжірибені анықтауы және жинақтауы сонымен қатар ондағы маңыздылықты айқындап қызметкерлерге жеткізуі; 

  • білім берудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша мәселелерді шешуі; 

  • заманауи педагогикалық парадигмаға және жаңа педагогикалық технологияларға негізделген білім беру процесінің жоғары сапасына қол жеткізуі; 

  • зерттеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыруы тиіс.  

Табысты тәжірибе-бұл жоғары нәтижелілік пен оңтайлылықпен, яғни жоғары тиімді нәтижелерге қол жеткізумен ерекшеленетін тәжірибе. Табысты педагогикалық тәжірибені анықтау және қолдау мақсатында келесі критерийлерді орындау қажет:

- Өзектілігі. Бұл критерий, ең алдымен, қоғамдық даму үрдістеріне, мемлекеттің әлеуметтік тапсырысына, нормативтік-құқықтық құжаттарға, заманауи педагогикалық ғылым идеяларына, педагогтардың кәсіби мүдделеріне сай болуы тиіс. Өзектілік критерийі өңірлік білім беру саясатының міндеттерін шешуге ықпал етуі тиіс



- Ғылыми негізділігі, ғылым жетістіктеріне сәйкестігі. Табысты тәжірибені педагогикалық ғылымның заманауи жетістіктерін ескере отырып негіздеу қажет. Бұл тәжірибе педагогтардың шығармашылық теориялық ізденістерінің және әдістемелік іс-әрекетінің нәтижесі немесе сынамалар мен қателіктер процесінде табылған болуы мүмкін.

- Оптималдығы. Тұрақты оң нәтижелерге қол жеткізу үшін қатысушылардың күштерін, құралдарын және уақытын оңтайлы жұмсау. Жоғары нәтижеге қол жеткізу қатысушылардың шамадан тыс жүктелуі, олардың денсаулығына зиян келтіретін күштерді шамадан тыс жүктеу есебінен болса, тәжірибені табысты деп санауға болмайды.

- Жаңашылдық және жаңашылдық элементтерінің болуы. Ғылыми жаңалық, белгілі әдістемелер элементтерінің комбинациясы, әдістемелік қызметтің жекелеген жақтарын ұтымды ету және жетілдіру, әдістемелік қызметтің даму перспективаларын терең түсіну сияқты жаңашылдықтың нақты сапалық көрсеткіштері болуы тиіс.

- Нәтижелілік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес анықталады.

- Тұрақтылық. Тұрақтылық критерийі болған кезде табысты тәжірибе белгілі бір уақыт бойы тұрақты жоғары көрсеткіштер береді және өзгермелі жағдайларда нәтижелердің берілген деңгейін сақтайды

- Перспективасы. Табысты тәжірибе оны қайталауға және шығармашылық пайдалануға, бұл тәжірибені бұқаралық практикада кеңейтуге мүмкіндік беруі тиіс.



Осылайша, табысты тәжірибе-бұл шығармашылық ізденістің, жаңашылдықтың, бірегейліліктің элементтері бар әдіскерлер мен педагогтардың жоғары шеберлік тәжірибесі.

Қазақстандағы білім берудің жаңартылған мазмұнының мәні «білетін адам» тұжырымдамасынан, яғни білім, білік және дағды жүйесімен қаруланған адамнан«өмірге дайындалған адамға» яғни, белсенді және шығармашылық ойлауға, әрекет етуге, интеллектуалдық, адамгершілік және физикалық тұрғыдан өзін-өзі дамытуға қабілетті адам концепциясымен айқындалады. Бұл ретте оқушыны оқыту кезінде ауыр және түрлі жоспарлы жұмыс процесіне, материалды оқу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге тарту қажет.

Әдістемелік қызметті жаңарту төмендегідей сапалы позицияларда қарастырылады:

• білім беру тәжірибесі мен білімге деген сұранысты жүйелі ұғыну негізінде педагог кадрлармен жұмысты өзгерту;

• жинақталған педагогикалық тәжірибені шығармашылықы өңдеу; 

• инновацияларды енгізу негізінде қалыптасқан жұмыс тәжірибесін жетілдіру. 

Білім беру жүйесіндегі әдістемелік жұмыстың иерархиялылығы келесі деңгеймен анықталады:

- аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет; 

-білім беруді басқару органдары құрылымындағы әдістемелік бөлім; 

-қалалық, аудандық ақпараттық-әдістемелік орталық (кабинет); 

- ғылыми-әдістемелікқалалық (аудандық) әдістемелік орталық (кабинет); 

- біліктілікті арттыру мекемелерінің құрылымындағы оқу-әдістемелік кабинет (бөлім) және т.б. 

Мақсаттары мен функцияларында айырмашылықтары бар әдістемелік қызметтер қызметі, арнайы міндеттерді шешуге бағытталған. Аудандық (қалалық) әдістемелік орталық/кабинет, әдістемелік қамтамасыз етудің дәстүрлі және басым деңгейі ретінде келесі қызметтерді көрсетеді:

- әдістемелік көмек көрсете отырып, кадрлардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін анықтайды және оларды қайта даярлауды жүзеге асырады;

- қызметкерлерді білім мазмұны, оқытудың инновациялық технологиялары, жаңа оқу құралдары және т.б. туралы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етеді.

Заманауи әдістемелік қызмет түрлі педагогикалық экспериментті жүргізуге, авторлық әзірлемелерге және педагогикалық технологиялар спектрін енгізуге назар аударуы тиіс. Негізгі функциялармен қатар аудандық (қалалық) деңгейлердегі әдістемелік қызмет білім беру процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуге, ақпараттық қажеттіліктерді диагностикалауға, кадрларды аттестаттауға, мекемелерді аттестаттауға және мемлекеттік аккредиттеуге бағдарлануы мүмкін.

Барлық деңгейлердегі қазіргі әдістемелік қызмет жұмыстың дәстүрлі түрлерін (консультациялар, семинарлар) және жалпы практика үшін жаңа (педагогикалық шеберлік конкурстары, психологиялық практикумдар және т.б.) түрлерін бірге ұштастырады. Мұндай формалар арқылы қандай да бір қызмет түрін әдістемелік қамтамасыз етуге, әдістемелік қызмет принциптеріне сәйкес мұғалімге кәсіби-педагогикалық көмек көрсетуге, қиындықтарды сауатты түрде жоюға, педагогикалық, әдістемелік, тәрбие, білім беру қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты туындаған сұрақтарға негізделген жауаптар беруге мүмкіндік пайда болады.

«Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығының 2 параграфына сәйкес, Әдістемелік орталық (кабинет) қызметінің мақсаты білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды жүзеге асыру, үздіксіз білім беру үшін жағдайлар жасау, педагог және басқарушы кадрлардың кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады.

Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік қызмет педагогке оның кәсіби дамуына көмек көрсетуге бағытталған, өйткені оның дұрыс ұйымдастырылуы әдістемелік қызметтің барлық субъектілерінің тиімді кәсіби-әдістемелік қарым-қатынастарына байланысты.

Келесі критерийлер әдістемелік қызметтің негізі болып табылады:

- оқушылардың функционалдық сауаттылығы;

- авторлық әдістемелер (бірегейлігі);

- педагогтардыңы өз қызметіне қанағаттануы;

- педагогтердің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі.

Әдістемелік орталық/кабинет қызметін жоспарлаудың бастапқы кезеңі Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасына сәйкес 7 бағытқа бағдарлануы қажет, олар білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдіскерлер мен педагогтардың өзара іс-қимылының тиімділігін анықтайды. Атап айтсақ:

- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

- Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

- Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

- Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

- Талантты және дарынды балаларды оқыту.

- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

- Оқытуды басқару және көшбасшылық.

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес педагогтің «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» лауазымдық міндеттері көрсетілген.



Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік қызметтің бірінші кезеңінде жоспарлау:

- мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерін зерттеумен;

- біліктілікті арттыру процесін жоспарлаумен;

- инновациялық қызмет саласындағы консалтингпен байланысты іс-шараларды ұйымдастыруға және енгізуге бағытталуы тиіс.

Мазмұнды компонент келесі іс-шараларды қамтиды:

- педагогикалық тәжірибелерді жүйелеу;

- жұмыстың тиімді формаларының деректер жинағын құру,

- оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін тарату;

- қазіргі педагогикалық әдебиеттерді талдау;

- ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізу;

- әдістемелік басылымдарды әзірлеуді ұйымдастыру;

- оқу-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру;

- видеотекалар, медиатекалар құру.

Әдістемелік қызметтің операциялық-іс-әрекет компоненті барлық білім беру саясатын тікелей жүзеге асырумен сипатталады:

- ғылыми қауымдастықпен өзара іс-әрекет;

- тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- оқу-әдістемелік материалдардыц сараптау;

- оқу-әдістемелік және сараптамалық кеңестердің, шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру;

- мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекет.

Мұнда әдістемелік қызметтің түрлі формалары: сабақтарды талдау, педагогикалық шеберлік мектебі, педагогикалық оқулар, мастер-класстар, кәсіби шеберлік байқаулар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар өзекті болып отыр.

Әдістемелік қызметтің бағалау компоненті оқушылардың функционалдық сауаттылығының деңгейін және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін айқындаумен сипатталады және педагогтер қызметінің мониторингін, оқушылардың білім жетістігінің мониторнигін өткізуге бағытталған.

Әдістемелік қызметті басқарушылар (директордың ғылыми-әдістемелік, бағдарламалық-әдістемелік және оқу-тәрбие қызметі жөніндегі орынбасарлары), қызмет бағыттары бойынша әдіскерлер, құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, педагогтар, ғалымдар кіретін мамандар тобы жүзеге асырады.

Педагогтердің біліктілігін арттыру процесін жоспарлау бойынша әдістемелік кабинеттер қызметінің келесі бағыттары қамтылуы тиіс:

- педагогикалық қызметті жетілдіру (педагогқа балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ұйымдастырушылық-әдістемелік және техникалық көмек көрсету);

- пән мұғалімдері ассоциацияларының қызметін үйлестіру;

- білім беру ұйымының практикасына ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибе жетістіктерін енгізу, педагогтың ғылыми және теориялық құзіреттілігіне ерекше назар аудару;

- білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- әдістемелік бірлестіктердің, кафедралардың, зертханалардың және педагогтердің шығармашылық топтарының жұмысына басшылық жасау;

- педагог қызметкерлерді педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерімен таныстыру;

- педагогтердің кәсіби дайындық деңгейін, олардың кәсіби қажеттіліктері мен мәселелерін зерттеу.

Инновациялық қызмет саласындағы консалтинг бойынша әдістемелік кабинеттер/орталықтар мынадай іс-шараларды жүргізе алады:

- жаңартылған білім мазмұнының негізгі үрдістері бойынша кеңес беру;

- педагог-жаңашылдармен өзара іс-қимыл және сабақ өткізуге әдістемелік көмек;

- білім беру ұйымдарына көмек көрсету (мектептерге, балабақшаларға, тұрғылықты жері бойынша клубтарғажәне т.б.);

- үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;

- біліктілікті арттыру институттарымен үздіксіз байланысты жүзеге асыру.

Педагогикалық тәжірибені жүйелеу және тиімді жұмыс нысандарының деректер жинағын құру бойынша әдістемелік қызметтің мазмұнды компоненті келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

•  оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жасау (бағдарламалар, құралдар, ережелер, тезистер, дәріс мәтіндері, әңгімелер, жоспарларжәне семинар өткізу бойынша ұсынымдалар, оқу ойындары, серуендер, оқытудың белсенді формалары және т.б.); 

қандай да бір нақты оң педагогикалық тәжірибені терең зерделеу және одан әрі жоғары кәсіби әдіскер тәжірибесін жүйелі сипаттау, анықтау, таңдау, зерделеу, жинақтау және қалыптастыру;

тәжірибе жағдайын зерттеу және талдау, педагогтарда шығармашылық ізденуде туындайтын жаңа үрдістерді анықтау, ғылым ұсынымдарының тиімділігі мен қол жетімділігін зерттеу;

педагогикалық тәжірибені түсіну, негіздеу, талдау және жалпылама жүйелі сипаттау;

Педагогикалық тәжірибені тарату үшін таңдау критерийлерін әзірлеу(бірнеше жыл бойы білім беру және тәрбие қызметіндегі жоғары және тұрақты нәтижелер); педагогикалық қызметтің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы (оқу-тәрбие міндеттерін шешуде және мақсатына жетуде, педагогикалық, әдістемелік және басқару қызметінің мазмұнында);  білім беру процесінде денсаулық сақтау жүйелерін есепке алу; педагогикалық тәжірибенің ғылыми негіздері (педагогикалық эксперимент жүргізілген, педагогикалық тәжірибе жасалған ғылыми тұжырымдамалар, теориялар, ережелер, әдістемелер);  педагогикалық тәжірибенің жаңашылдығы (жаңа мазмұны, формалары, педагогикалық технологиялар); белгілі ғылыми әдістер мен оң педагогикалық тәжірибені табысты қолдану; педагогикалық, әдістемелік, басқару еңбегінің жекелеген жақтарын ұтымды ету; жаңа педагогикалық жағдайларда оң педагогикалық тәжірибені модификациялау элементтерімен жаңғырту. Әртүрлі семинарлар, кеңестер, конференциялар, байқаулар, диспуттар және т.б. өткізу.

Әдістемелік кабинет қызметінің мазмұны даму міндеттеріне және жоспарланған жаңашылдықтардың сипатына сәйкес анықталады. Әдістемелік қызметтің қызметі білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуге және енгізуге, мектептен тыс тәрбиеден білім алуға өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңуге, педагог қызметін жетілдіруге, оның кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған және келесі іс-шараларды қамтыйды:

- педагогикалық құралдармен тұлғаның мотивациялық саласын дамыту;

- білім беру ұйымдарының бірлескен қызметінің жобаларын құру және тәрбие және білім беру қызмет;

- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, қызметті жоспарлау, есептілік, оқу топтары мен балалар ұжымдарының білім беру бағдарламаларын құру бойынша педагогтар үшін әдістемелік ұсынымдар беру;

- білім берудің заманауи нысандарын, әдістері мен технологияларын ұғыну;

- білім берудің жаңартылған мазмұнының негіз қалаушы сәттерін ескере отырып, педагогтар, балалар мен ата-аналар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

- түрлі жаппай педагогикалық іс-шаралардың (конкурстар, олимпиадалар, оқулар және т. б.) сценарийлерін құрастыру және оларды бағалау критерийлерін анықтау 

Әдістемелік қызмет түрлері:

Әдістемелік көмек – әдіскердің, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің, педагогтардың, балалар ұжымының сұраныстары мен қажеттіліктеріне жедел және перспективалық әрекет етуі.Әдістемелік көмек түрлі құралдармен – кеңес беру, әдістемелік басшылық, әдістемелік қамтамасыз ету және т.б. жүзеге асырылады.

Тақырыптық кеңес әдіскермен алдын-ала жоспарланып, перспективалық жоспарға енгізіледі. Тақырыптық кеңестерді оқыту семинарларының бағдарламасына енгізуге болады. Тақырыптық кеңестерге дайындық кезінде әдіскер көрнекі құралдар мен әдістемелік материалдарды таңдайды.

Ағымдағы кеңес педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметі барысында туындайтын әртүрлі мәселелер бойынша жүйелі түрде өткізіледі.

Жедел кеңес әкімшіліктің, әдіскердің бастамасы бойынша педагогтердің  нақты тәрбие ісітерін ұйымдастыру және жүргізу барысында өткізіледі.Әдіскердің құзыреттіліг жіберілген қателіктерге жедел әрекет еткенде және шұғыл көмек көрсетуде көрінеді.

Тәлімгерлік жас мамандармен жұмыста, сондай-ақ нәтижелі педагогикалық тәжірибені игеруде қолданылады. Осы көмек түрінің негізінде, педагог қызметінің проблемалық өзіндік талдау, оқу бағдарламаларын, жаңа әдістемелерді апробациялау жағдайы мен процесс талдау және т.б. деректері бар. 

Әдістемелік басшылық педагог қызметкерлермен бірге бірлескен шығармашылық қызметтің перспективалық және нақты мақсаттарын, оларға қол жеткізудің тиісті тәсілдерін нақты айқындаумен айқындалады, білім беру қызметін ұйымдастыру кезеңдері мен тәртібін белгілейді, білім беру қызметінің нәтижелілігінің өлшемдері мен көрсеткіштерін әзірлейді, жұмыс бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Әдістемелік оқыту – әдіскерлердің әдістемелік бірлестіктерін құру және жұмысқа қатысу, сондай-ақ педагогикалық шберханаларды, проблемалық семинарларды, пікірталас клубтарын, шығармашылық зетрханаларды құру.

Әдсітемелік қызмет түрлері:

- теориялық семинарлар (баяндамалар, хабарлама); 

- семинар-практикумдар (баяндамалар, хабарлама);

- диспуттар, пікірталастар («дөңгелек үстел», диалог-дау, дебаттар, форум, симпозиум, «аквариум техникасы», «панельді пікірталас», «идеялар» кассетасы және т.б.); 

- «іскер ойындар», рөлдік ойындар, иммитация - сабақ; панорама-сабақ;

- ғалым-дидакт, психолог, социолог, логопед және дәрігер дәрістері; 

- қазіргі заманғы жаңа әдістемелерді, технологияларды, психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін талқылау; 

- жеке ашық сабаққа, өзара сабаққа қатысу, іс-шараларға немесе олардың цикліне қатысты талдау; 

- авторлық оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын талқылау және талдау; 

- балалардың дамуын диагностикалау әдістерін талқылау; 

- түрлі көрмелер, өз білімін жетілдіру бойынша есептер (баяндамалар, рефераттар, сабақ әзірлемелері, дидактикалық және көрнекі құралдар дайындау; үздік балалар жұмыстарының көрмелері; 

- нәтижелі педагогикалық тәжірибені талқылау және оны тарату мен енгізуге ұсыныстар; 

- «Үздік әдіскер», «Үздік жыл мұғалімі» байқаулары; 

- педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференциялар жән т.б.

Әдістемелік қызмет үлгісіне сәйкес әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің мақсаттары мен міндеттері анықталды1:

* Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтарды әдістемелік қолдау;

* Заманауи білім беру саясаты контекстінде педагогтармен әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту;

* Консалтингтік қызметтер спектрін кеңейту, олардың қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

* Қызметкерлерді ішкі және сыртқы оқыту есебінен өзінің кадрлық әлеуетін күшейту.

Әдістемелік қызметінің критерийлері:

* Педагогтардың кәсіби өзін-өзі жетілдіру,

* Авторлық бағдарламаларды әзірлеу,

* Инклюзивті білім беруді, менторлық институтты, критериалды бағалау бойынша мектеп және өңірлік үйлестірушілердің қызметін дамыту үшін жағдай жасау.

Әдістемелік қызметтердің қызметі педагогтердің біліктілігін арттыруды болжаумен, жоспарлаумен және ұйымдастырумен, олардың қызметінің мониторингімен, инновациялық педагогикалық тәжірибенің әзірлемелерін сараптаумен, әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеумен айқындалады.

Осылайша, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік кабинеттің/орталықтың қызметі заманауи педагогикалық парадигмаға, жаңа педагогикалық ойлауға, педагогтың кәсіби қызметінің жеке стиліне, сондай-ақ заманауи педагогикалық технологияларға негізделген білім беру процесінің жоғары сапасына қол жеткізуге және қолдауға бағытталған.



17. ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОӘК АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ
17.1 11-сыныптың оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен ОӘК-ні апробациялау

11 сыныптардың оқу пәндері бойынша оқулықтар мен ОӘК апробациясының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әзірленген оқулықтар мен ОӘК сапасын бағалау және оларды одан әрі жетілдіру.

Міндеттер:


  • әзірленген оқулықтардың, ОӘК тиімділігін практикада тексеру:

  • оқулықтар сапасы, ОӘК (әзірленген мазмұнының сәйкестігі);

  • оқулықтар, ОӘК Үлгілік оқу бағдарламалары, оқу мақсаттарына қол жеткізуге ОӘК бағыттылығы, дизайны);

  • апробациядан өткізілетін оқулықтардың оқу бағдарламасына сәйкес дәрежесін анықтау;

    • жаңартылған білім беру мазмұнының 11-сынып бағдарламасы бойынша пысықтау, ұсыныстар, оқулықтар, ОӘК әзірлеу.

Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы апробациялық оқулықтар мен ОӘК бойынша ұсыныстарды әрбір пилоттық мектеп 2020 жылдың наурыз айында ұсынады.
11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу

2019-2020 оқу жылында 17 пилоттық мектептің 11-сыныптарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқулықтарын апробациялау жалғасады.

Оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың кәсіпкерлік, бизнес, экономика, менеджмент және маркетинг негіздерінен базалық білім алуы; өз таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және кәсіпкерлік қойманың ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; қазіргі нарықтық жағдайларда болашақта өз бетінше әрекеттену үшін практикалық база құру.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:

1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;

2) өмірлік саналы ұстанымдарды және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;

3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;

2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;

3) оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

4) оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;

5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;

6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;

7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.

Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны 4 бөлімді құрайды:

«Стартап акселератор» 1 және «Стартап» 2 алғашқы екі бөлімі бизнес-моделдеумен таныстырады, сондай-ақ жобаның стартап негізінде «өте қажетті» разрядынан қажетті әлеуметтік дағдыларды әзірлейді. Білім алушы белгілі бір білімдерге ие бола отырып, өз бизнес-идеясын қалыптастырады және бизнес-акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру үшін құралдарды алады.

«Кәсіпкердің өзін-өзі ілгерілетуі» бөлімі оқушының әлеуметтік дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда, онда ол да қаржылық сауаттылыққа үйренеді, отбасы үшін жеке тиімді қаржылық жоспарлаумен, банк жүйесімен және халықаралық нарықтармен танысады. Осы бөлімнің басты артықшылығы демо-шотты пайдалана отырып, KASE нақты мәліметтеріне ойын платформасы арқылы инвестициялау дағдыларын алу болып табылады.

Бұл жұмыс білім алушылардың аналитикалық қабілетін жандандырады, оқиғалардың мәнін және олардың экономикалық көрсеткіштерге әсерін түсінуге үйретеді.

«Даму стратегиясы» бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың даму болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, Бизнестің ауқымымен, халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді. Қазақстан өнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке пайымын қалыптастырады. Бұл бөлім тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет және Қоғамдық қозғалыстар жүзеге асыратын шаралар кешенімен таныстырады.

Орыс және қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні оқыту процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді, басқа бағыттарда басымдықтар қоя отырып. Академиялық білімнің орнына практикалық дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл оқушылармен өзара іс-әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін көрсетеді. Оқыту процесінің өзі Life-long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына жауап беретін тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс болып табылады.

11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында сынып журналына "есептелді" ("есептелген жоқ") қойылады.
11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №556 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 16 пилоттық мектептердің 10-шы сыныптардың «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері апробациядан өткізілді, 2019-2020 оқу жылында 16 пилоттық мектептердің (3-қосымшасы) 11-шы сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері апробациядан өткізу жалғастырылады.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған.

2019-2020 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбында және 2020-2021 оқу жылынан бастап 11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады:



Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет