У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі



бет6/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

2019-2020 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10-сыныптарда жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.

Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады.

Бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдын ала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.

Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.

Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті ұстану маңызды.

Бағалау жүйесі ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.

Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.

Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:

- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;


  • «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;

  • Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;

  • Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;

  • Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

  • Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

  • Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.

Әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.

Мұғалім:


  • бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;

  • бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);

  • бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе «НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;

  • білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;

  • үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;

  • сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі керек.

Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге болмайтынын білуі тиіс.

Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.



Назар аударыңыздар! Білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.

Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді.

Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:

1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде, үнемі өзін-өзі бағалау жұмыстарын өткізеді.

2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;

3. Білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.

4. тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлері қолданылады және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді;

5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады;

6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді;

7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың (ТЖБ) оқу тапсырмаларына өтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.

Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.

Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.

9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.

10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.



  1. Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы керек, яғни:

- тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;

    • тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп» немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».

2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қарай мұғалім қалыптастырушы бағалау шеңберінде белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізуді жорамалдай алады.

Критериалды бағалау құралдары

Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.

Негативті баға білім алушының ынтасына,  жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Білім алушының оқу жетістіктеріне қатысты өзінің эмоционалдық қатынасын, уайымын көрсету қажет. «Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), «Қандай тамаша идея, оқулықтың авторы бұл туралы әлі ойламаған», «Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».

Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:

- білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;

- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;

- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді айтыңыз.

Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.

Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.

Мұғалім білім алушыларға  өзара әрекеттестіктің, конструктивті қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.

Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.

Айдарлар үлгілерін мұғалім қалыптастырушы бағалау бойынша кері байланыс беру үшін оқытудың барлық мақсаттарымен құрастыра алады.

Білім алушылар мен ата-аналарды барлық оқу кезеңінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы түсінуді қамтамасыз ету маңызды, бұл толтыруға қосымша уақытты қажет етпейтін электрондық нұсқада дайындалған айдарларды ұсыну арқылы мүмкін болады, ал білім алушының оқу материалын меңгерудегі бағалау сипаттамаларының, жетістіктері мен проблемаларының барлық спектрін қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.

Бақылау - қалыптастырушы бағалау түрінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. Формальды емес бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формальды бақылау - мұғалім қандай да бір дағдылардың қаншалықты дамығанын көруге мақсат қояды.

Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.

3-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.
3-кесте. Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері


Дағдылар

Сипаттама

Білу

Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу және еске түсіру

Түсіну

Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды көрсету

Қолдану


Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану

Талдау


Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, және/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.

Синтез

Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету

Бағалау

Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру

Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.

Төменде берілген ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін қолданылатын етістіктердің кестесі мұғалімге бағалау критерийлерін құрастыруда көмектеседі (4-кесте).
4-кесте. Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы


Р/с

Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі

1

Білу

Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау, жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.

2



Түсіну


Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.

3


Қолдану

Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу, иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау, аздап жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.

4



Талдау


Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырату, зерттеу, тәжірибе жасау, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.

5



Синтез

Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату, анықтап алу және т.б.

6

Бағалау

Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру, дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу,, алдын ала болжау, реті бойынша бөлу, ұсыну-ұсыныс жасау, бөліп/атап көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып шығу.

Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады.

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім бағалауда жеке тәсілдемені ескеруі тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын дамыту үшін көп уақыт қажет екенін көрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалімдер өздігінен әзірлейді. Қалыптастырушы бағалау бойынша есеп беру құжаты болуының қажеттілігі жоқ.

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалімнің өзі білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін анықтайды.



Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі (сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды.

Критериалды бағалау рәсімдері бойынша нұсқаулық

  1. Критериалды бағалау жүйесінің принциптері, рәсімдері және құралдары

1.1 Критериалды бағалау жүйесінің принциптері

1.1.1 Критериалды бағалау жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:



  • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен және күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.

  • Объективтілік, нақтылық және валидтілік. Бағалау нақты және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына және күтілетін нәтижелерге жетуді бағалайтынына сенімділік бар.

  • Анықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті және ашық ақпарат береді, білім беру процесінің барлық қатысушыларының қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырады.

  • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерінің прогресін уақытылы және жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс болып табылады.

  • Дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесін, мектепті, мұғалімдер мен әр оқушының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Білім алушының жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінің нәтижелері мен олардың қалыптасу процесі ғана бағалануы мүмкін екенін түсіну маңызды.

Бағалаудың негізгі критерийлері жоспарланған нәтижелер болып табылады. Бұл ретте бағалау нормалары мен критерийлері, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (БЖБ мен ТЖБ) нәтижелерін қою алгоритмі мұғалімдерге және білім алушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.

Бағалау жүйесі білім алушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау дағдыларын меңгере отырып, бағалау қызметіне қатысатындай етіп құрылады.

1.2 Критериалды бағалау жүйесінің рәсімдері

Критериалды бағалау білім алушы өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы ақпарат алған кезде тұрақты кері байланысты болжайды. Бұл ретте мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін дербес анықтайды. Тіпті аралық жұмыстың қанағаттанғысыз нәтижелері білім алушылардың нәтижелерін жақсарту үшін ұсынымдық сипатта болуы тиіс.

1.2.1 Мұғалім тоқсан бойы өткізілетін бағалауды алдын ала жоспарлауы және бағалау үшін оқытудың нақты нәтижелерінің (оқу мақсатының) тізбесін анықтауы тиіс.

1.2.2 Қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізу қорытындылары бойынша балл қою білім алушылар үшін түсінікті болуы және оқу уәждемесін арттыруға ықпал етуі тиіс.

1.2.3 Қалыптастырушы бағалауды қолдану оқушылардың жұмысын тексеру нәтижелері бойынша мұғалім сабақтағы жұмыстың мазмұны мен дұрыстығы туралы жазбаша немесе ауызша пікірлер қолданатынын білдіреді.

Сабақта білім алушыларды кері байланыспен қамту және саны бойынша нормалар жоқ. Мұғалім кері байланысты берудің формасын, мазмұнын және жиілігін дербес анықтайды.

1.2.4 Білім алушылардың үй тапсырмасын мұғалім жазбаша түрде (дәптерде және/немесе күнделікде) немесе ауызша тексереді және түсіндіреді.

1.2.5 Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары сабақ барысында өткізіледі және басып шығаруды және одан әрі сақтауды қажет етпейді.

1.2.6 Білім алушының орындалған жұмысының нәтижесі немесе түсініктемесі дәптерге мұғалімнің таңдауына кез келген түсті қаламмен қойылады.

1.2.7 Мұғалім қалыптастырушы және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша: а) жеке алынған білім алушы деңгейінде; ә) сынып/параллель деңгейінде алынған мәліметтерді талдайды. Қалыптастырушы бағалау қорытындысы білім алушылармен талқыланады.

1.2.8 Мұғалім білім алушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін бір оқу жылы ішінде жинайды және сақтайды.

1.2.9 Мұғалім білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелерін балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қояды, балдарды ауыстыру шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.

1.2.10 Бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып-үйренгеннен кейін жиынтық бағалау бір пән бойынша тоқсан сайын үш реттен артық жүргізілмейді.

1.2.11 Бір тоқсанда үш және одан да көп бөлімдер (ортақ тақырыптар) оқылған жағдайда, мұғалім өздігінен оқу мақсаттарының саны мен тақырыптарының ерекшелігін ескере отырып, бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) біріктіреді.

1.2.13 Бір бөлімді (ортақ тақырыптарды) оқыған жағдайда ТБЖ-ның ширегінде тоқсанның екінші жартысында бір рет, тоқсанның соңына дейін кемінде екі апта бұрын өткізіледі. ТБЖ-ны екі бөлікке бөлуге және екі ТБЖ түрінде жүргізуге жол беріледі.



1.2.14 БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер сыныптағы білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып өздігінен құрастырады. Басты талап - пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкестігі. Үлгі үшін ұсынылған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын пайдалануға жол берілмейді.

1.2.15 Жылдық жиынтық бағалау немесе оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.



1.3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау

Оқыту барысында мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке жоспарды қолдана алады, дифференциалды және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлей алады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне (қалыптастырушы және жиынтық бағалау) өзгерістер енгізе алады.

Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерге жүгінуге болады:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары (2018 жылғы 09 ақпандағы № 47 бұйрықпен өзгерістер енгізілген).

2. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы.

3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ, 2016

4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешен http://smk.edu.kz

5. Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтының «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құрал» бөлімінен табуға болады: https://www.nao.kz

6. Онлайн курс «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» https://academia.kz/ru/course/1



Назар аударыңыздар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және «Орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жүргізуі үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей құжаттарды жүргізу белгіленді:



  • сынып журналы;

  • тақырыптық-күнтізбелік жоспар;

  • күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар);

  • қритериалды бағалау бойынша құжаттар (қалыптастырушы және жиынтық бағалау);

  • білім алушылардың күнделігі.

Сынып журналы әр мұғалім үшін міндетті түрде жүргізілетін қатаң есептегі құжат болып табылады.

Сынып журналы білім беру ұйымын электрондық жүйеге қосқан кезде тек электронды форматта толтырылады, оны қағаз түрінде толтыруға жол берілмейді.

«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының 23-тармағына сәйкес білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және балдарды ауыстыру шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.

Оқу жылы ішінде білім алушыны бір мектептен бір мектепке ауыстырған кезде оның жиынтық бағалау нәтижелері электрондық (қағаз) журналынан үзіндімен ресімделеді, директордың қолымен, мектептің мөрімен куәландырылады және білім алушының жеке ісімен бірге беріледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 47 бұйрығы редакциясында).



Оқу жылында тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық журнал басып шығарылмайды, білім беру ұйымдарында электрондық журналды электрондық тасымалдағышта (флеш, диск) сақтау көзделуге тиіс.

Электрондық журналды жүргізу жөніндегі қызметтерді қамтамасыз ететін компания электрондық журналды мұрағаттық сақтауды және нормативтік құжаттар мен істер номенклатурасында белгіленген уақыт көлемінде "қарау" режимінде қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Табельдер оқу жылы аяқталғаннан кейін бір рет басып шығарылады. Ата-аналардың әр тоқсан аяқталғаннан кейін табельді қарауға мүмкіндігі болуы тиіс.

Білім алушылар мектептен кеткен жағдайда табель қажеттілігіне қарай басып шығарылады.



Электронды журналды жүргізу

1. «Kundelik.kz» электрондық журналы

Kundelik.kz – сынып журналы мен күнделікті, сонымен қатар электронды құжат айналымының мүмкіндіктерін білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы желілік өзара қарым-қатынастың құралымен біріктіретін интернет-портал.

«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын қолданғаны үшін абоненттік төлем алынған емес және алынбайды.

Ата-аналарға Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй тапсырмаларын білуге үнемі тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.

Тұтынушы мәліметтерін қорғауға қатысты ақпарат. Kundelik.kz сайты және тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйелер операторына тиесілі ақпараттық-есептеу ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасының аумағында жабық қорғалған мерзім орталығында орналастырылады. Тұтынушылар мәліметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей жүргізуінде болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру жабық болғандықтан, ешбір деректер қолжетімді емес. Kүнделік.kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-қатынас жасай алады. Бұл әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді.

Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді тұлғалар кіре алмайды, ондай тұтынушы бірден анықталып, оған тосқауыл қойылады.

Бұдан басқа, әрбір тұтынушы өз бейінінде, мәліметтері ешкімге көрінбейтін, қызметтерді таңдап ала алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдердің қарым-қатынас жасау үшін ең қауіпсіз білім алу ортасына айналдырады.



Тіркелу үшін тұтынушының ЖСН-інің болуы міндетті емес. Ата-аналарға тіркелу үшін тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана, мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады.

Осындай жолмен, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн коммуникация орнатылады. Сонымен қатар, келешекте, мысалы, Ата-аналар кеңесі және т.б. ата-аналарға арналған ақпараттық бөлімдер қосылады.

«Kundelik.kz» жүйесінде жыл басында бір-ақ рет таңдап алынатын журналдың екі түрі бар, олар – жаңартылған мазмұнға кірген 1-10-сыныптарға арналған «Критериалды бағалау журналы» және 11-сыныптарға арналған «Классикалық журнал».

Жиынтық бағалау журналында оқу бағдарламасы бөлімдері үшін жиынтық бағалаудың ең жоғарғы санын қою және ең жоғарғы балл көрсетілген баған қарастырылған.

Егер оқу бағдарламасының бөлімдері аз болса (мысалы 2 бірлік), онда 2 артық жиынтық жұмыстарының ең жоғарғы балын көрсету қажет емес.

Жиынтық бағалау журналына:



  • бөлім бойынша әр жиынтық жұмысының (БЖБ) балы – жиналған балдардың сомасы мен оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі;

  • оқу кезеңінің жиынтық жұмыстары (ТЖБ) бойынша балы –ерекшеліктерге сәйкес жиналған балдардың сомасы;

  • оқу кезеңі бойынша баға - оқу кезеңінің ішінде барлық жиынтық жұмыстарға белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген балдар сомасы;

  • жылдық баға – шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңі бойынша ықтимал ең жоғарғы балға жиналған соманың пайыздық арақатынасы.

Пайыздарды шығару үшін балды енгізген кезде браузер парақшасын жаңарту керек: парақшада «Ctrl+F5» пернесінің комбинациясын басу керек.

Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға қойып, түзету немесе жою, содан кейін пернетақтадағы «Enter»-ді басу керек. Егер қателесіп басқа бөлім толтырылатын болса, онда алдымен балдарды жойып, содан кейін ғана ең жоғарғы балды жоюға тура келеді.

Жиынтық бағалауды қою үшін алдымен «Ең жоғарғы балды», содан кейін БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды қою керек. 1-сыныптарда БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды тек 3-4-тоқсандарда қою қажет.

Жаңа оқу жылында электрондық журналға үй тапсырмасы және айдарлармен жұмыс істеу кезінде педагогтерге көмек ретінде Күнделік жүйесінің функционалын пайдалану, сондай-ақ электрондық журнал жүргізу және үйде оқитын балаларға арналған сабақ кестесін құру, кері байланыстың ауызша түсініктеме беру құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар енгізілді.

Түсіндіру жұмыстары мақсатында мұғалімдер, ата-аналар мен білім алушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланды.


Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?

Білім алушылар мен ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни әкімші болып табылатын қызметкерге хабарласу қажет. Егер әкімші туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне хабарласуға болады.



Не үшін профильді баптауда өз тегі, аты-жөнін өзгертуге болмайды және қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады?

Тұтынушылардың тегі, аты-жөнін, туған күнін және жынысын редакциялау құқығының болмауы жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін «Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушылар, ата-аналар және мұғалімдер туралы деректерді автоматты түрде жинауға негізделген. Білім беру саласындағы электронды құжат айналымының мәні осында. Берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға тек келесі мектеп әкімшілігінің ғана құқықтары бар: • әкімші; • сынып жетекшісі.



Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады?

Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы навигациялық жолақтан «Білім беру» - «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет. Ата-аналар үшін сол навигациялық жолақта «Балалар» бөлімі бар. Берілген сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі. «Күнделік» сілтемесі бойынша: күнделік (ағымдағы аптаның әдеттегі қалпы бойынша сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар); сабақта оқытылған және үйге берілген тапсырма.

«Мұғалім жазбалары» бағаны жекелеген білім алушылардың мінез-құлықтары мен олардың жетістіктері немесе оқу барысында артта қалуы туралы ескертпелер жазу мақсатына қызмет етеді.

Білім алушылардың бөлімдер/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалау қорытындылары бойынша балдары аталған жұмыс өткізілгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде журнал бағанына қойылады.

Үй тапсырмасына «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады.

Мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін қалай жаппай жүйеге енгізуге болады?

Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкерлер уақытын үнемдеу үшін жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін импорттауға болады. Қажетті шаблондары бар адамдарды импорттау жөніндегі нұсқаулықты қолдау қызметі порталынан табуға болады.



Бағалардың жиі сақталмай жоғалып кетуіне байланысты мұғалімге бағаны қайта қоюына тура келеді. Ол жағдайда не істеу керек?

Журналдағы бағаның жоғалып кетуінің бірнеше себептері бар:

*журналда әкімші, пән мұғалімі, мұғалім-редактор немесе сынып жетекшісінің бағаны әдейі немесе кездейсоқ нүктелі жоюы себеп болды;

* әкімшінің әдейі немесе кездейсоқ кестені жоюы себеп болды;

* бағаларды қоюда Internet Explorer браузері қолданылды (қолданылмайтын нұсқа).

* бағалау жүйесі күшпен өзгертілді.

Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау мақсатында үштен артық қызметкердің әкімшілік құқығын көрсетпеу ұсынылатындығын еске саламыз.

Кесте генераторы бойынша сұрақтар.

Кестені түзету және топтарды қосқан кезде, сабақта нақты қандай шағын топтар қатысатындығын тексеру қажет. Егер, қателесіп басқа топты таңдаса, онда қойылған бағалар жоғалып кетеді.

Кестені ауыстыру немесе жаппай жариялау қажет емес. Егер бір пән бойынша ғана туындайтын болса, деректерді өзгерту қажет. Алдымен, енгізілген қатені анықтау керек. Егер кабинет, сабақтың нөмірі немесе мұғалім дұрыс көрсетілмесе, онда бағалар жоғалмайды. Егер қателік кіші топтың өзінде, болмаса пәнде болса, онда бағаларды көшіріп, экспорттап, содан кейін өзгерту керек.

Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?

Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» мақаласында: жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар.

Жеке білім беру ұйымдары «Күнделік» электрондық журналына қосыла алады. Бұл үшін басты сайтта https://kundelik.kz / қосылуға өтінім беру қажет.

(«ББҰ қосу» командасы).



Пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған кезде Kundelik.kz пайдаланушыларды Қолдау қызметіне хабарласуға болады:

8 (727) 313-18-32 немесе team@kundelik.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет