1-сатылымға Сақина қойылады.
Сақина – саусаққа салатын, әр түрлі үлгіде күмістен, алтыннан, тағы басқа металдан соғылатын бұйым.
Ал қазақ тілінде сақинаға байланысты көптеген атаулар қалыптасқан. Олар мынандай: ақық сақина, алтын сақина, балдақ сақина, бұрама сақина, кавказ сақина , күміс сақина, қола сақина, моншақты сақина, құсмұрын сақина, неке сақинасы.
1-тапсырма. Сәйкестендіру ( мәні сай келетін саны бар сақиналарды біріктіру).
Құдағи жүзік (98) 84/3
Неке сақинасы (26) 42*9
Құстұмсық сақина (13) 52/4
Балдақ (378) 49/2
Неке жүзігі (28) 84/3
2-сатылым. Білезік.
Білезікті сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.
2- тапсырма. Ат әбзелдері -Үлестірме қағаздағы есепті шығару керек. Ол үшін алдымен есепті оқып, талдап алайық.
1-оқушыға:
Зергер 5 грамдық 18 алтын сақина және 15 грамдық 7 күміс білезік жасады. Зергер барлығы неше әшекей бұйым жасады?
5 гр – 18 алтын сақина ?
15 гр – 7 білезік
Шешуі:5*18+15*7= 195
Жауабы:195 әшекей бұйым
2-оқушыға: Шеберханада әрқайсысы 65 грамдық 3 орам күміс сым және әрқайсысы 21 грамдық 6 орам алтын сым жұмсалды. Шеберханада барлығы неше грамм металл сым жұмсалды?
65 гр – 3 орам ?
21 гр – 6 орам
Шешуі: 65*3+21*6=321
Жауабы: 321 грамм металл жұмсалды.