Уақытша өкіметтің мемлекеттік институттарының ыдырауы, большевиктердің билікке келуі



бет3/7
Дата24.02.2022
өлшемі134,14 Kb.
#133140
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 апта

3.2 Желтоқсандағы жалпықазақ съезі.

  • Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
  • Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.

3.3 Ә.Бөкейхановтың төрағалығымен Алашорда (Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы. Алаш автономиясын жариялауға дарялық.

  • Алаш автономиясы (Alaş avtonomïyası) (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ республикалық мемлекеті.[1]
  • Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:
  • Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
  • Қазақ автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
  • ... Қазақ арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет