Уакаева Гульнар Кадесовна биология пәні мұғалімі Зеренді ауданы Жылымды негізгі мектебі Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі



Дата25.08.2017
өлшемі80,32 Kb.
#26448
Уакаева Гульнар Кадесовна

биология пәні мұғалімі

Зеренді ауданы Жылымды негізгі мектебі

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі.

Бүгінгі жаңа технологиялар білім саласына елеулі жаңалықтар әкелуде және жаңа ғасыр, білімділер ғасыры болғандықтан, ой-өрісі дамыған ,дұрыс шешім қабылдай білетін, ел ертеңі үшін аянбай өз үлесін қосатын және әлемдік дамыған елмен тең дәрежеде болуға, болашақтың туын биік көтеретін азаматтар тәрбиелеуге өте тиімді . сондықтан әрбір ұстаз өз білімін жетілдіріп, жаңа ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуі қажет.

Биология пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, білімдерін толықтыру мақсатында 7-сыныпта «Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар» тақырыбында сабақ өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар

Сабақтың мақсаты: Қосжарнақтылар класына жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарымен таныстыру.

1. Білімділігі: Асқабақ, орамжапырақ тұқымдастарының жемісі, тұқымы, мекен ететін жері, гүл формуласымен таныстыру.

2.Дамытушылығы: Тірек - cызба арқылы оқушылардың өз ойын еркін, жүйелі жеткізе білу қабілеттерін, салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.

3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға, аялауға, өсімдіктерді күтіп баптауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, кесте, электронды көрсетілімдер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО элементтері.

I. Қызығушылығын ояту.

Ой қозғау.

Танымдық сұрақтар

Гүлді өсімдіктер қандай кластарға бөлінеді?

Дара және қосжарнақты өсімдіктердің бір - бірінен айырмашылығы неде?

Көкнәр тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады? Олардың қандай пайдасы бар?

Сүйелшөп туралы не білесің?

Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады, маңызы қандай?

Сексеуіл қандай өсімдік, оның қандай пайдасы бар?

II. Мағынаны тану.

Іші сары, сырты қатты, Отыз көйлек киінген,

Дәні - дәрі, дәмі - тәтті. Бір түйме жоқ ілінген.

Пісіріп жесең, ас - тамақ. (Орамжапырақ)

Оның аты .... (Асқабақ)

Б.Б.Ү. кестесін толтырады.

Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр бақша өсімдіктеріне жататын шөптекті біржылдық өсімдіктер. Қаратау маңында көпжылдықты - құтырған қияр деген түрі өседі. Алқа тұқымдастар - жатаған сабақты, көп тұқымды өсімдіктер. Алайда Мексикада өсетін қияр - чайот асқабақ тұқымдастарының бір тұқымды түрі болып саналады. Асқабаақтын жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Кәдімгі асқабақтың қауақ, бәлішқауақ тәрізді түрлері бар. Асқабақ тұқымдамтардың жемісі - қабақ (тыквина). Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.

Орамжапырақгүлді тұқымдастар шаршыгүлділер тұқымдас деп те аталады. Бұл олардың гүлінің шаршы тәрізді орналасуына негізделген. Жемістері - бұршаққын немесе бұршаққынша. Орамжапырақгүлділер - шала бұталы, көпшілігі біржылдық немесе көпжылдық, қосжынысты, шөптекті өсімдіктер. Жабайы орамжапырақтың қауданы болмайды. Мәдени түрі аққауданды орамжапырақ - екіжылдық өсімдік.

Орамжапырақгүлділер тұқымдастары көкөністік (орамжапырақ, шомыр, шалғам), майлы (рапс, арыш), татымды (қыша, ақжелкек), дәрілік (ақбасқурай) өсімдіктер болып келеді. Қышабас, жұмыршақ, қанатжеміс - арамшөптер. Екіжылдық орамжапырақгүлді жирен сарбасқурай Қазақстан Қызыл кітабына тіркеліп, қорғалуда.



"Топтастыру"
Асқабақ тұқымдастары

Орамжапырақ тұқымдастары



Биологиялық диктант

1) Қауын туыстас өсімдіктердің жемісі ........ деп аталады.

2)Қауын іріктемелері әңгелек ...... деп аталады.

3) Орамжапырақ гүлділердің май алынатын түрлері ......

4)Асқабақ, қарбыз ..... бақшада өсірілетін қосжарнақты өсімдіктер.

Жауабы: 1) бұршаққын. 2)қара күләбі, дәмбілше, торлама 3)рапс, арыш. 4)қауын, қияр.

Венн диаграммасымен салыстырыңдар.
Асқабақ Орамжапырақ




ІІІ. Ой толғаныс.


Бақша өсімдіктері

Көкөністік орамжапырақ




Асқабақ тұқымдастарын қандай мақсатта өсіріледі?


ІV.Бекіту.

Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар - қосжарнақты өсімдіктер. Жемістері қабақ және бұршаққын деп аталады. Оларды азықтық, дәрілік, техникалық мақсатта пайдаланады



Алабота тұқымдастарға жатады.

Ақалабота

Сексеуіл

Қызылша

Шпинат

Бұйырғын

Өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арам шөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Гүлі – ірі гүл шоғырлы, күлтесі болмайды. Гүлформуласы – Т4А4Ж1

Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.



Бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алаботатұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және бұта сексеуіл деп аталады. Сексеуілдің

Гүлі ұсақ, қосжынысты – бір үйлі, қабыршақ тәріздігүл жапырақтың қолтығында 4-тен

орналасады. Көктемде гүлдейді. Жемісі –қанатты жаңғақша, қыркүйек-қазан айларында пісіп жетіліп, қараша–желтоқсан айларында жерге төгіледі.


Алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туыстастың 6 түрі бар. Кәдімгі қызылша–қызылшаның мәдени түрі. Оған

асханалық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасықамтылады. Қант қызылшасы республикамызда Талдықорған, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Етті, жуантамыры жемтамыр деп аталады.




Бір және екі жылдық шөптекті алабота тұқымдастардың бір туысы. Бұлардың 3 түрі бар. Витаминдерге де бай: А1,В1,В2,С және

РР болғандықтан,

астыдәмдеуге

өтепайдалы.

Бақша шпинаты – екі үйлі. Аталық гүлінің формуласы: К4А4Ж0, аналық гүлінікі:К0А0Ж(1)


Алаботатұқымдастардыңтуыстастылары да қосжарнақтыөсімдіктергежатады. Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің 17 түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды түйе, қой-ешкі, жылқы жейді. Алайда жапырақсыз бұйырғын немесе итсигек

деген түрі өте улы.



"Көкөністер арифметикасы"

1) Асқабақтың дұрыс өсуіне және пісуіне 60 күн қажет. Егер бірінші маусымда дәнін егсек, оның жемісін қай уақыттан бастап жинаймыз? (20 шілде)

2) Бұл екі жылдық өсімдікті ең алғаш испандықтар еккен, содан кейін Грецияға, Египетке, Римге таралған. Бұл көкөніс пісіріліп түскі тамақ соңында тәтті тағам ретінде берілген. Кейін орыстардың ұлттық тағамына айналды. Бұл қандай көкөніс?(асқабақ)

V.Үй тапсырмасы. §25.

Тест сұрақтары.

1. Асқабақ тұқымдасын көрсет:

А) орамжапырақ

Ә) алма

Б) пияз


В) картоп

2. Орамжапырақ жемісі:

А) бұршаққын

Ә) бұршаққап

Б) дәнек


В) тұқымша

3. Гүлшоғыры жай шатырлы өсімдік:

А) наурызшешек

Ә) бидай

Б) қарақат

В) тары

4. Күріштің гүлшоғыры қалай аталады?

А) күрделі масақ

Ә) жай масақ

Б) собық


В) шашақгүл

5.Қырыққабаттың гүлшоғыры қалай аталады?

А) собықтан

Ә) шашақ

Б) жай масақ

В)себетгүл

Жауаптары: 1) A, 2) A, 3) A, 4) A, 5) Ә.

1. Көкнәр тұқымдастары қандай өсімдіктер? (ағаш, бұта, шөптекті)

2. Көкнәр тұқымдастардың ғаламшарда қанша түрі бар? (700-ге жуық, Қазақстанда 44 түрі кездеседі)

3.Жапырағы қалай орналасқан? (кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақшалары болмайды)

4. Көкнәр гүлінің құрылысы.

а) гүлі қос жынысты

ә) тостағанша жапырақшасы - 2

б) гүлі тез түсіп қалады

в) күлтесі - 4

г) аталығы көп, аналығы көп



ғ) жемісі қауашақ, тұқымдары ұсақ, түсі қара болып келеді

5. Көкнәрдің сирек кездесетін түрі (жіңішке көкнәр)

6. Көкнәр тұқымдастар нелер арқылы тозаңданады? (жәндіктер)

7. Көкнәр тұқымдастардың ең улысы? (сүлейшөп)

8. Алабота тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады? (қызылша, асжапырақ, көкпек, сораң, алабота, теріскен, сексеуіл, бұйырғын)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет