Уалибековна



бет20/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Disser
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Өз білімін жетілдіретін – оқушылардың ӛз бетінше білімді меңгерудегі мақсаты мен іскерлігін қалыптастыру. Химиялық жетістіктерді іздестіру, білім алудағы кемшіліктерін ӛздігінен анықтау және толықтыруға талпыну. Осы арқылы оқушылардың оқу-танымдық ынтасын және танымдық қабілетін жетілдіру. Сонымен қатар оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылатын, оқушылардың қабілеттіліктері мен бейімділіктері ескерілетін тапсырмалардың жүйесі жасалынады [107,108].
Біріктіретін – оқушылардың әртүрлі білім кӛздерінен, әртүрлі іс- әрекеттердің нәтижесінде оқу үдерісі кезінде алған бірыңғай толық білім негізін таңдауға және меңгеруге жаттықтыру.
Үйлестіретін – барлық оқыту құралдарын әлдеқайда тиімді әрі функционалды пайдалануды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, оқушылардың оқыту пәніне жататын оқулықтан тыс бұқаралық ақпарат құралдарының кӛмегімен алған қосымша мәліметтерді меңгеруі.
Дамыта-тәрбиелейтін – еліміздегі химиялық жетістіктерді зерттеп меңгеру негізінде тұлғаның жан-жақты дамуы. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, азаматтық және әскери борышқа тәрбиелеу. Дамыта тәрбиелеу функциясында, қазіргі мектептердегі химия оқулықтарының ерекшелігі анағұрлым анық және толық байқалады. Бұл жағдайда кӛрсетілген функциялардың әрқайсысының белгілі бір дамытушылық-тәрбиелік жүктемесі бар екендігі айқын [109,110].
Біз бұл функцияны жәй ғана тәрбиелік деп атамай, дамыта-тәрбиелейтін деген себебіміз жастарды дамытуда оқулық дамыта-тәрбиелеу шарттарының негізігі міндетін орындайды.Оқулықтың және оның ӛзіне тән құралдарының кӛмегімен мұғалім оқушы тәрбиесіне пәрменді ықпал етуге мүмкіндік алады. Жақсы жасалынған және қатаң эстетикалық талаптарға жауап беретін суреттеме (иллюстрация) оқушыға әсер еткен уақытта, ол ӛзінің эстетикалық талғамын, қабылдау мен түсінігін қалыптастыруды дамыту арқылы жанама (қосымша) тәрбие алады. Дәл осылай бүкіл дидактикалық функцияларды ескеріп құрылған оқулықтың тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін пайдалану оқушының жан-жақты тәрбиеленуіне ықпал етеді. Оларды ізденушілік негізінде шешу - ӛнімді жүйелі және шығармашылық ойды дамытады. Осылайша, барлық жағдайлардағы мұғалімніңоқулық құралдары кӛмегімен оқушыларды тәрбиелеуге ықпал етуі, оқыту үрдісінде, оқулықтың оқу материалының (жанама тәрбие) әсерін дамыту негізінде жүзеге асады.
Оқулықтың дидактикалық функциялары ӛзара байланыста және органи- калық бірлікте, кешенді түрде кӛрсетілуі керек. Оқулықтың дидактикалық функциялары арқылы оқытудың тәрбиелеу, білім беру және дамыту мәселелері әлдеқайда толық және дәйекті түрде жүзеге асады [111].
Атап ӛтілген дидактикалық функциялардың жиынтығы сӛзсіз ашық жүйе болып табылады. Ол толық аяқталған емес, керісінше ары қарайғы зерттеудің бастапқы нүктесі болып табылады[55]. Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген дидактикалық функциялардың артықшылығы біріншіден, жүйелі тәсілге сүйенеді, білім беру мазмұнын іске асырудың бүкіл жүйесінің нақты талаптарын кӛрсетеді. Екіншіден, тұтас оқу үдерісінің дидактикалық функцияларын қайталамай, оны оқытудың жетекші құралы ретінде айқындайды.
Жоғарыда атап ӛтілген оқулықтың дидактикалық функцияларының бірден бірі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың жалпы қағидалары мен функцияларына қарама-қайшы келмейді. Олардың әрқайсысы және барлығы
кешенді түрде, оқу үдерісіндегі білім беруді, дамытуды, тәрбиелеуді бірлікте және толыққанды іске асыруда мақсатты түрде жұмыс істейді.
Алайда, жекелеген функциялар механизмінің жұмысын зерттеу арқылы, олардың әрқайсысы белгілі бір дәрежеде толық оқыту үдерісінің сол немесе басқа функцияларына «ұмтылатынын» атап ӛтуге болады.
Оқулықты жасау үрдісінде оның дидактикалық функцияларының қалай бағдарламаланып, бекітіліп, жүзеге асатынын қарастырайық.
Үйлестіру функциясы- оқулықтардың түбегейлі ерекшеліктерінің бірі – оқу құралдары жүйесінің барлығына сүйене отырып, оны қолдануда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануды үйлестіреді.
Кӛптеген авторлар оқулықтың дидактикалық функцияларын ӛте күрде- лендіріп, бірнеше түрлерге бӛледі. Бірақ, химия оқулықтарының дидактикалық функцияларына осы жоғарыда аталғандарын жеткілікті деп қараймыз.
Қазіргі таңда осы жоғарыда аталған оқулықтың дидактикалық функция- ларын химиядан білім беру барысында пайдаланудың мүмкіндігі мол.
Орта мектептердегі химияны оқытудың іс-тәжірибесінде оқулықтың ақпараттық функциясын алдыңғы қатарлы мұғалімдер ӛте тиімді деңгейде пайдаланады. Біріншіден, оқулықтағы әрбір тақырып бойынша берілетін мәтіннің мазмұны белгілі бір химиялық элеметті ғылыми тұрғыдан сипаттайтыны белгілі. Сондықтан да нақты тақырып бойынша ғылыми ұғым беруде бұл ақпаратты қолданбай ӛту мүкін емес. Бірақ, тақырыптың мазмұнына қарай ол ақпаратты қолданудың кезеңі де, қолдану түрі де ӛзгеретіні белгілі. Оқушылардың ізденушілігін дамытуға тырысқан және соны мақсат етіп қойған ұстаз ең алдымен ақпаратты бірден оқытпай, оның мазмұнын саналы түсінуге оқушыларды дайындауға тырысады. Ол үшін оқушылардың ӛмір тәжірибесін, бұрын меңгерген білімдерін естеріне түсіретіндей жағдай туғызады. Сонымен қатар, оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың ӛздігінен ізденістерінің нәтижесін тұжырымдап алғаннан кейін барып дайын ақпаратты талдауға кӛшеді.Сонда ғана оқулықтың ақпараттық функциясының ғылыми негізі анықталады[112,113].
Оқулықтың тасымалдаушы функциясы химия пәнінің басқа пәндермен сабақтастығын байланысын күшейтетін мақсатты қамтамасыз ететіні белгілі.
Қазіргі таңдағы білім беруге қойылып отырған талаптардың негізгілерінің бірі берілетін білім негіздерінің ғылымилық мазмұнын күнделікті болып жатқан жаңалықтармен байланыстыра отырып, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету. Олай болса, оқулықтың бұл функциясын жүзеге асыру кезінде мұғалім оқушылардың ӛздігінен ізденуіне негіз болатын тапсырмалар бере отырып, білімге керекті деректер мен ғылыми мәліметтерді табуына жағдай жасайды. Сол арқылы оқушылардың дайын материалды меңгерумен шектелмей, ізденушілік әрекеттерін тудырып, саналы меңгеруін қамтамасыз етеді. Бұл функцияны аша түсу алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдердің іс- әрекеттері арқылы жүзеге асады. Бұл мәселе мұғалімнің кӛп ізденуін, теориялық және әдістемелік дайындығының жоғары деңгейде болуын қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет