Уалибековна


Химия оқулықтары мен оқу құралдарының дидактикалық функциялары және оның қазіргі кездегі орындалу жағдайы мен мүмкіндігі



бет17/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Disser
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4

Химия оқулықтары мен оқу құралдарының дидактикалық функциялары және оның қазіргі кездегі орындалу жағдайы мен мүмкіндігі


Оқулықтардың кез келген теориялық мәселелерін қарастыру оның педагогикалық мақсаттылығын анық білмейінше мүмкін емес. Химия оқулықтары қазіргі таңдағы қоғамның даму қарқынына байланысты алдына қойылған белгілі оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған.
И.Я.Лернер мен В.В.Краевский оқулық құрастырудағы маңызды нысандар ретінде мына мәселелерді айырықша атап кӛрсетеді:

  1. білім мазмұны;

  2. іс-әрекет тәсілдері;

  3. шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру құралдарын таңдау;

  4. ӛзара тәрбилеуді басшылыққа алу;

Осы жағдайларды кӛрсете отырып, оқулық құрастырудың дидактикалық негіздері дегеніміз- дәлірек айтқанда білім беру мазмұны құрамының негізгі элементтерінің ӛзара үйлесім табуы деп анықтайды[100, 12 б] .
Оқулық пән білім беруге керекті басқа барлық қосымша оқу құралдарын (оқу құралдары, ғылыми әдебиеттер, міндетті және қосымша кӛркем әдебиеттер, әдістемелік нұсқаулар т.б.) және оқыту құралдарын (кӛрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, күйтабақтар т.б.) ӛз жанына жинақтайды, оқушының олармен ӛзіндік жұмыс атқаруын үйлестіреді.
Қоғамдағы ғылыми-техникалық революция оқулықтың мазмұнының, жалпы және пәндік білім кӛлемінің жаңаруын талап етеді. Бұрын оқулыққа қойылатын талаптар дидактикалық тұрғыдан сараланып кӛрсетіліп келді. Енді оқулыққа қойылатын талаптар онан да әрі күрделеніп, әр пәннің мазмұнының құндылық бағдарлылығына үлкен мән беріліп отыр. Қазіргі таңда болашақтың иесі жастардың рухани-адамгершілік, ұлттық-мәдени және жалпы адами құндылықтар негізінде тәрбиелеуге кӛп кӛңіл бӛлінеді. Ал, бұл мақсатты орындауда оқулықта берілетін материалдардың осы бағытта болуы керектігі анық. Сонымен қатар, әсіресе, химия оқулықтарында Қазақстандық компонененттің басым болуы ескерілуге тиісті. Себебі, мұндай материал арқылы оқушылар ӛз елінің, Отанының байлығымен, табиғатымен таныса отырып, оны құндауға, сақтауға, сүюге үйренеді [101,102]. Болашақ қоғам мүшелеріне бұл ӛте керек қасиеттердің бірі болып есептеледі. Оқулық мазмұны оқушылар үшін тартымды болуы, ондағы берілетін түрлі тапсырмалардың ӛздігінен жұмыс істеуге бағытталуы,балаларды зерттеушілікке тартуы. Осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, оқулықта кеткен кейбір кемшіліктерді сол пәннен берілетін қосымша оқу құралдарымен сабақтастыра оқыту арқылы оқушының біліктілігін, дағдысын дамыту және оқу үрдісі кезінде олардың алған білімді ӛз бетінше қабылдауын, пайдалануын жүзеге асыруға болады.
Оқулықтарды терең функционалды талдау нәтижесі оның әрбір құры- лымдық элементтінің мақсатын ғылыми тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді. Оқулықтың дидакциялық функцияларын зерттеген ғалымдар оның әрбір
элементінің атқаратын қызметін талдап кӛрсетеді. Мұндай ғалымдардың қатарында: Г.Маендорф (бұрынғы ГДР) атасақ, ол кӛлемді тәжірибелер мен зерттеулердің негізінде, кез келген оқулықты жасау мәселелерін оның функцияларын анықтаудан бастау керектігі туралы тұжырымға келген.
Ал, Н.Ф.Талызина болса, оқулықтың дидактикалық функцияларын топтарға бӛліп қарастырады:

  • оқулық – оқытатын мазмұнды оқушыға жеткізуші болып табылады;

  • оқулық арқылы мазмұнды меңгеру үдерісінің іске асуына қарай, оқушылар жӛнінде мағлұматтар алуға болады;

  • оқулық оқу үдерісіне оқушыларда оқу әрекетін қабылдауға ұмтылдыратын түрткілер қалыптастыру құралы (проблемалық оқыту, сызбалар мен кӛрнекіліктерді үйлестіре оқыту,т.б); [103].

Неміс ғалымдары оқулықтың мына функцияларын талдап кӛрсетеді:

  • ақпараттық;

  • уәждемелік және ынталанушылық;

  • бағытаушылық;

  • ұтымдылық;

  • оқу материалын түсіндіруге кӛмекшілік функцияларын атап ӛтеді.

Кейінгі зерттеулерде оқулықты құрастыру барысындағы функцияларды жүзеге асыру үрдісінде оның тәрбиелеу әсеріне басты назар аударылу керектігі айтылады. Бұл ретте, алғашқы 3 функция оқушының іс-әрекетін басқарса, ал кейінгі 2-уі мұғалімнің әрекетін кӛрсетеді.
Неміс зерттеушілері уәждемелік (мотивациялық) және ынталан- дырушылық функцияларын күшейтуді ынталандыру функциясы деп те атайды. Ол оқушылардың оқу үдерісіне ынтасын, олардың жұмысқа деген қызығушылығы мен оңды кӛзқарасын тудыруға, оқытылатын материалға сыни, шығармашыл тәсілдеме жасауға бағытталған. Бұл функцияны ӛмірмен байланысты, іскерлікпен құрастырылған мәтіндерді пайдалануға, суреттемеге (иллюстра- цияға), проблемалық сұрақтарға, тапсырмаларға, сонымен қатар, кӛркем безендіруге сай оқушылардың қызығушылығын арттыратын, ынтасын жандандырудың құралы ретінде ұсынуға болады [104,105].
Оқулық оқушыға арналғанмен, мұғалімнің тарапынан оқыту үрдісінде оқулықтың барлық функцияларын аша отырып қолданатын құрал болып табылады. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың оқулықтың дидактикалық функциялары туралы кӛзқарастарына сүйене отырып, оқулық оқу үдерісін жүзеге асырудағы негізгі құралы екендігін атап ӛткіміз келеді. Сонымен қатар, қазіргі таңда оқулық тек білім беру құралы ғана емес, ол оқушылардың бойына ұлттық-мәдениетті, рухани-адамгершілікті, жалпы адами құндылықтарды дамытатын құрал деп қараймыз. Әрине, бұл айтылғандарды орындау оқулықтың мазмұнына байланысты. Сондықтан да, оның оқушыға білім мазмұнын терең меңгеруге және жан-жақты тәрбие беруге кӛмектесетін белгілі басты қасиеттері болуы керек.
Оқулықтың функционалдық мақсаттары тұтастай алғанда қоғам талаптарына сай ӛзінің педагогикалық қызметін оқу курсының негізгі бӛлігі
ретіндегі (практикалық оқу іс-шараларын жүзеге асырғанға дейінгі) оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқушылардың іс- әрекеттерін ұйымдастыруды іріктеуге кӛмектесетін бірегей мазмұнды қамтиды.
Оқулықтың дидактикалық функциялары білім берудегі, оқушылармен біріге отырып педагогикалық қызмет атқару жүйесіндегі алатын орынын кӛрсетеді. Оқулық – бұл кітап формасындағы дидактикалық функцияларға сәйкес нақты құрылылған оқыту, білім беру, тәрбиелеу құралы. Оқулықтың мұндай құрылымын жетілдіру үшін, оның оқыту мақсатын жүзеге асыру үдерісіндегі нақты атқаратын міндетін және жеке құрылымдық бӛліктерінің функциялық қызметін айқындау қажет.
В.Г.Бейлинсонның «Мектеп оқулықтарын бағалаудағы функционалдық тәсіл» деген мақаласында [106]. оқулықты оқытудың құралы ретінде оның функционалдық мақсатқа бағытталу мүмкіндігі туралы идеяны дәйекті түрде талдайды. Ол мұнда оқулықты (дидактикалық зерттеу нысандарының бірі ретінде) оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне қол жеткізетін қажетті құралы ретінде қарастырып және оны тек ӛзіне тән функциялары бар жүйе ретінде кӛрсетті. Оқулықтың әрбір бӛлімібарлық талапта қызмет ететін элементтерден тұратын жүйе. Соның арқасында оқулықтың нақты әрі тиімді функциялары іске асырылады, таратылады, ал олар арқылы әлдеқайда кең кӛлемді, ауқымды оқу жүйесінің функциялары да жүзеге асады. Оқулықтың дидактикалық функцияларын анықтау (оның функционалдық сипаттамасы) оқыту нысандарының жүйелік сипаттарына сай жүйелік тәсіл арқылы жүзеге асырылды.
Оқулықтың әртүрлі функцияларын оқшаулап, жекелеп қарау шартты түрде жүргізіледі (білім беру үдерісінің бірлігі мен ӛзара байланысы негізінде оқушыларды дамыту және тәрбиелеу). Алайда, оқулықтың дидактикалық функцияларының алғашқы талдауының ӛзі, оларға сай тасымалдаушыны – оның құрылымдық компоненттерін табуға, осы компоненттердің белгілерін анықтауға, оқулықтарды құрастырудағы функционалдық тәсілдемелер принципін қалыптастыруға, оларды бастапқыда бағалау үшін объективті критерийлерді табуға кӛмектеседі.
Мектеп оқулықтарының дидактикалық функциясы аясында біз оның мақсатты түрде қалыптасқан мазмұнын, мақсатын оның оқушыларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу шарттарын жүзеге асыру үрдісіндегі орынын анықтай отырып, оны оқыту құралдарын тасымалдаушы ретінде қабылдаймыз.
Оқулықтың тасымалдаушы функциясы қазіргі таңның талабымен қара- ғанда тек базалық ғылыми мазмұнының ашылуымен ғана шектелмейді. Онда ұлттық мәдениетті, адами құндылықтарды, еліміздің мәдени, әлеуметтік, экономикалық жағдайларын ашып, осы тәрбиелердің негізінде тасымалдаушылық деңгейінің болуы кӛзделеді.
Оқулықтың дидактикалық функцияларын анықтау кезінде жалпы білім беретін мекеменің және қоғамның әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруға бағытталған оқыту үдерісінің құрылымы мен әдістерін ұсынатын нақты тарихи жағдайларды ескеру қажет. Себебі, диктикалық функциялылығы жан-жақты
қарастырылғаноқулықтардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға, мұғалім- дердің жоғары дәрежедегі дайындығын қажет етеді. Оқулықтың дидактикалық функцияларын толық аша отырып қолдану үшін және оқулықтың басқа барлық оқу құралдарымен ӛзара байланысын күшейтуде, Қазақстандық компоненттер- дің берілуі, сол арқылы еліміздің әлеуметтік, зкономикалық ғылыми технологиялық дамуына оқушылардың кӛзін жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі күні қазіргі кездегі заманауи оқулықтарға функционалдық мақсатты амалдар тұрғысынан келу мәселелерін тұжырымдап қана қоймай, дидактикалық функцияларды күшейту бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, оқулықтарды құру теориясын дамытуға оңтайлы қадам жасалуда.
Зерттеу нәтижелері кӛрсеткендей, заманауи оқулыққабілім беру кітабына, білім мазмұнын тасымалдаушыға, соның ішінде, оқушылардың жасы мен басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті түрде меңгеруге тиісті бағдарлама талабымен анықталған қызмет түрлеріне тән дидактикалық функциялар тӛмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет