Уалибековна



бет16/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Disser
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
оқулықтың жалпы теориясының міндеті кез келген оқулық үшін белгілі бір дәрежеде міндетті болып саналатын педагогика мен кітаптанудың талаптарына сай, әмбебап принциптер тиімділігінің логикалық негіздемесі және зерттеу жолы арқылы оқулықтың жалпы үлгісін жасау;

  • оқулықтың жеке теориясының міндеті – белгілі бір оқу пәні кітабының формасының ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы теория принциптерінің ережелерін және:

    а) нақты пәнді (химия, физика, математика және т.б.);
    б) қолданылатын оқыту әдісін (мысалы, бағдарламаланған);
    в) оқушының жеке басы және оқытудың нақты шарттарын (жасы, мектептің түрі, оқыту әдісі және т.б.) зерттеу болып табылады[97, 15 б].
    Оқулықтың жалпы және жеке теориясын зерттеп, дамыту кезінде зерттеушілер оқу кітабының типологиясын жасау қажеттелігіне, сонымен қатар оқу кітаптарын кешенді зерттеуге (оқу кешені) кезігетіні анық, оның жүйесінде әлдеқайда толық және терең формада білім мазмұны жасалуы тиіс [98].
    Химия оқулықтарының мазмұны мен құрылымы психологиялық және педагогикалық талаптарға сай болған жағдайда әрбір тақырыптан кейін берілген сұрақтар мен тапсырмалардың деңгейлеп берілуі арқылы оларды шешуді оқушының мүмкіндігіне сай келетіндей тұрғыдан қарастырылады. Бұл оқушылардың ӛзіне деген сенімі мен батылдығының артуына кӛмектеседі.
    Орта мектептің бейорганикалық бӛлімге арналған химия оқулықтары бойынша берілетін білім жаратылыстанулық ғылым мен білімнің интеграциясы, ақпараттары мен оны практика жүзінде қолдануды кешендендіру, білім беру үрдісінің тәжірибелік-бағдарлылығын жүзеге асыру, оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың мүмкіндігі жағынан қарастырылады. Бұл принциптерді орындауда тиімді әдістер арқылы оқулық пен оқу құралдарының мазмұндық сабақтастығын қолдану жүзеге асады.Сол
    арқылы химияның осы саладағы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін кӛрсету мүмкіндігі туып, оқу ақпараттары ғылыми біліммен толықтырылады. Оқулық мазмұнының интерактивті сипаты әр мәтін мазмұнының дидактикалық аппаратпен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Оқулықтың әдістемелік аппараты тек мәтін бойынша берілетін сұрақтар мен тапсырмалар арқылы шектелмейді. Бұл әр тарау мен бӛлімдер бойынша берілетін тапсырмалар, сұрақтар, тесттер және т.б. арқылы айқындалады[99].
    Химия оқулығын құруда ең алдымен оның мазмұнының атқаратын нақты дидактикалық мақсаттары анықталады. Екінші, оқу материалдарының тақырыптық мазмұны оның кӛлемі мен құрылымы жоспарланады. Үшінші, берілетін материалдың мазмұнының басқа жаратылыстанулық пәндермен байланысы қарастырылады. Тӛртінші,жүйелік және «идеологиялық» мәселелерді шешуді қарастырады.Бесіншіден, тақырыптардың мазмұнының жаңа ғылыми жетістіктермен және қоршаған ортамен байланысын жүзеге асыру қарастырылады.Алтыншы, әрбір тақырыптың қосымша оқу құралымен байланыстыратын тұстары ескеріледі. Жетінші, тақырыптар бойынша берілетін әдістемелік бӛлімнің деңгейлік мазмұны сараланады. Сегізінші, әрбір тақырыптар бойынша берілетін сызбалар, кестелер, суреттер т.б. материалдар қамтылады. Осындай мазмұндық, құрылымдық жағынан дидактикалық талаптарға сай келетін оқулықтардың мазмұнын оқу құралының мазмұнымен байланыстыру қиынға түспейді.
    Біз жоғарыда И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткиннің пікірлеріне тоқталып, олардың оқулықты тек білім беру құралы ғана емес, ол мұғалімнің сабақты ұйымдастырудағы басшылыққа алатын құралы деген пікірін келтірген болатынбыз. Шын мәнінде де, оқулықтағы берілген мәтіннің мазмұнына қарай мұғалім оқушыларға білім берудің тиімді әдістерін қарастырады. Осы тұста қазіргі таңда тек оқулықтағы мәтін мазмұнымен шектелу жеткіліксіз болатынын мектеп ӛміріндегі іс-тәжірибелер кӛрсетіп отыр. Себебі, мұғалім балаларға химиядан берілетін білімді ӛмір тәжірибесімен байланыстырыпқана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын күшейту үшін қосымша оқу құралындағы материалдармен тақырыптың теориялық тұстарын толықтыруға тиіс. Осыған байланысты оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын түрлендіре ұйымдастыруға жағдай туады.
    Профессор С.М.Исаев жалпы оқулықтар құрастыру туралы сӛз еткенде оқулық жазған авторлардың үнемі ойынан оқулық мазмұнының үш адамға арналатындығын шығармауға тиістігін айтады. Ең алдымен дейді, ғалым оқулық оқушыларға арналады. Мұнда ғылыми тексерістің барлық деңгейінен ӛткен, ӛмір шындығымен шыңдалған, нақты ғылыми деректерге негізделген, сол оқулықты пайдаланатын жастардың жас ерекшеліктеріне лайықты деңгейде, түсінікті тілде, жеткілікті кӛлеммен берілген материалдарды оқушыға арнайды. Екінші жағдайда, осы материалды сыни кӛзбен қарап, жетіспейтін ұғымдарын толықтырып, берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орынды жерінде, оқушылардың мүмкіндігіне қарай қолдануға дайындалатын мұғалімге арналады. Үшінші жағдайда, балаларының түсінбеген жерлерін
    толықтыру, сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге кӛмекке келу үшін оқулықты ата-аналар да пайдаланады. Сондықтан да, оқулықтағы кӛрнекіліктердің орынды берілуі, әдістемелік аппараттың дұрыс құрылуы оқулық үшін негізгі талаптардың бірі. Олай болса, бейорганикалық химиядан берілетін оқулықтар (7-9 сыныптар) химиялық теориялық ұғымдардың ғылыми негізде берілуінің бастамасы деп есептейміз. Бірақ, осыған дейін бастауыш сыныптардағы
    «Дүниетану» пәнін оқу барысында оқушылар зат, дене және олардың қасиеттері мен құрамдары туралы ғылыми ұғым алады. Сонымен қатар, олар заттармен тәжірибе жасауды да біледі. Тәжірибелер арқылы олар суда еритін ерімейтін заттарды да анықтауға жаттыққан. Бұл олардың алғашқы элементарлық ұғымдары болғанмен, олардың тәжірибенің және эксперименттің не екенін білуіне негіз салған ұғымдар қатарына жатады. Бейорганикалық химиядан алғашқы білім беруде оқушылардың осы бастауыш сыныпта меңгерген білімдерінің маңызы ескеруілуге тиіс. Химия оқулықтарының мазмұны жылдан-жылға, сыныптан-сыныпқа қарай күрделеніп отыратыны белгілі. Осы тұста психологиялық тұрғыдан оқушылардың білімінің арасында қарама-қайшылықтар туады. Ол қарама-қайшылықтар бұрын меңгерген ұғыммен жаңа ұғымның арасындағы ескі білімді жаңаның ығыстыруынан, бірақ бұл ескіні жоққа шығару емес, керісінше жаңа білімнің ескіге негізделуі. Сондықтан да оқулық мәтіндерінен кейінгі берілетін сұрақтар мен тапсырмалар құрамында оқушылардың бұрын меңгерген білімін естеріне түсіретіндей материалдар болуы ӛте орынды.
    Оқушылар 10-сыныпқа дейін осы курс арқылы химиядан тұжырымды біртұтас ғылыми білім алатын. Қазіргі таңда химия пәні 7- сыныптан басталып отыр. Бұл оқушылардың жас ерекшеліктерінің ӛзгергендігін кӛрсетеді. Химиядан ұғым беруде бұл ерекше ескерілетін жағдайлардың бірі деуге болады.Сонымен, оқулықтардың педагогикалық психологиялық негізін талдау барысында біріншіден, оқулық құрудың теориясымен оның педагогикалық – психологиялық негіздері тереңнен кележатқан тарихи үдеріс. Әр кезеңнің, әр қоғамның алдына қойған талаптарына орай, білім саласына қойылып отырған талап та ӛзгеріп отырады. Осымен байланысты білім беру бағдарламалары да ӛзгеріске ұшырайды. Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамуы, мектеп қабырғасында оқытылатын пәндердің мазмұнының тереңдеуіне, қазіргі таңдағы ғылым мен техника жетістіктерінің білім мазмұнына ендірілуіне әкеліп соғады. Осыған орай, біздің ізденісімізде жаңа буын оқулықтарының мазмұн жағынан біраз жетістіктерге жетсе де, әлі де жетілдіре түсуді қажет ететіндіктерін кӛрсетіп отыр. Біз оны жоғарыда тақырыпты алған себебімізге байланысты қайшылықтарды кӛрсеткенде айта кеткенбіз. Оқушылар химияны не үшін оқитынын жақсы түсінеді. Себебі, жаңа буын оқулықтарында бұл мәселені ашуға мол мүмкіндік жасалған. Химиядан нені оқыту керек деген мәселе де елеп екшеленген деуге болады. Ал, қазіргі таңда қалай оқыту керек?- деген мәселені талдауды жан-жақты қарауға тура келеді.Сонымен қатар, химияның болашағын аша түсу үшін оның басқа жаратылыстану пәндерімен байланысын күшейте түсу жағына кӛңіл бӛлінуге тиісті.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет