орта мектептің химия оқулықтары мен оқу құралдарын құрастырудың педагогикалық-психологиялық негіздерін саралау;
химия оқулықтары мен оқу құралдарының дидактикалық функциялары және оның қазіргі кездегі орындалу жағдайы мен мүмкіндіктерін ашу;
бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралдарын сабақтастыра пайдалануда орындайтын оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының жүйесі;
бейорганикалық химия оқулығы мен оқу құралын пайдаланудың тиімді әдістерін тәжірибелік – экспериментке қою және оның нәтижесі.
Зертеудің ғылымиболжамы: егер, химия пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындаудың дидактикалық негізі сараланып, осылардың байланысы арқылы оқушылардың ӛзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдары мен әдістерін берілсе, онда оқушыларға химиядан білім беруде оқулықтар мен оқу құралдарын байланыстыру жүзеге асады.
Зерттеу әдістері:теориялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми еңбектерге шолу; ғылыми-логикалық шығарылымдардың талдамасы, тәжірибелік бақылаулар; педагогикалық эксперимент; сауалнама; оқушылар және химия пәнінің бағдарламасы мен оқулықтар мазмұнын талдау; оқытушылармен жүргізілген әңгімелер, анкеталық сұрақтар, алынған нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.
Тәжірибелікәдістер: педагогикалық эксперимент, бақылау, сұхбаттасу, сауалнама жүргізу.