Біліктілік иллюзиясының масштабтары әр түрлі.
Қарапайым өлең жолдарынан бастап, кәсіби маман
дықтың тақырыптарына дейін. Осы себепті бұл құбылыс
ты үйренуді үйренудің ең үлкен індеті деп анықтар едім.
Біліктілік иллюзиясы орын алуының тағы бір себебі –
қайталау. Жаңа материалды меңгеру барысында көбіміз
қайталауға басымдық береміз. Психолог Джеффри Кар-
пикке
36
зерттеуі бойынша қайталаудың өнімділікке әсері
өте төмен. Қайталау әрекеті көмектеспегенімен ғана қой-
май, кері әсерін де тигізуі әбден мүмкін екені анықталып
қойыпты.
Оның орнына еске түсіру әрекеті айтарлықтай тиімді
әрі пайдалы болғанын айта кеткен де жөн болар. Ғылыми
мәтінді меңгеру тапсырылған студенттер қайталау емес,
еске түсірумен айналысқанда ғана жоғары нәтиже көрсе
те алған.
Өлең жаттау мысалында қорытындылайтын болсақ,
ақпарат есте қалу үшін 10 рет қайта оқығанша, 1 рет
оқып еске түсіруге тырысқаннан ұтасың. Кітапты оқу ба-
рысында бір тараудан кейін кітапты жауып қойып есіңе
түсірсең, не біреуге әңгімелеп айтып берсең оң әсерін
ұлғайтасың. Ал қолдана алсаң мүлдем естен шықпайтын
болады. Тренингке қатысқан күні үйге бара салысымен,
басынан соңына дейін еске түсіріп көрсең, тренингке
кеткен ақшаңның ақталары сөзсіз.
Джеффри мырза зерттеуінің ең қызығы – зерттеу-
ге қатысқан студенттердің таңдауы қайталау болғаны.
Олардың ойынша жаттаудың ең ыңғайлы жолы қайта-
лау екен. Көріп тұрғандай, осындай жалған сенімдердің
салдарынан біліктілік иллюзиясы кең тарап бара жатыр.
Google сынды сервистер оған өз үлесін қосып та жүр. Те-
лефонның көмегімен кез келген ақпаратты оңай әрі тез
(Internet болса болғаны) табу мүмкіндігі «мен білемін»
деген ұстанымды «сыйлайды» екен.
Зерттеудің ашқан тағы бір жаңалығы – жаңа материал-
ды көрнекі құралға, яғни диаграммаға, интеллект кар-
___________
36
Джеффри Карлик – психолог. Пердью университетінде когнетивті психология
профессоры.
88
таға айналдыру немесе сурет ретінде салудың тиімділігі.
Аталмыш әрекеттер жаңа материалдың мида сақталуы-
на жақсы әсер етеді деген үмітпен практикаға кірісіп ке-
теміз. Алайда, жаңа ақпараттар жұмыс жадында болған
кезінде өзара тығыз байланыс орнамаса, тиімділігі айтар-
лықтай болмайтыны анықталды. Яғни, жаңа материалды
толық түсінбесек және бұрынғы білгенмен байланысты-
ра алмасақ, ертең қолдана алуымыз да екiталай. Жоғары
да келтірген қойма мысалымен түсіндіретін болсам, жаңа
ақпарат тиісті орнында сақталмай, бір қуыста қалып
қояды.
Ал еске түсіру дағдысын дамыту үшін, кілтті (өзекті)
идеяларды анықтауды не оның мәнін түсіндіруді меңгеру
керек. Бұл көбіне уақытпен келетін дағды дер едім. Сон-
дықтан бастапқыда кездескен сәтсіздіктен қаймықпа.
Толық көрініс (Big Picture). Бүгінгі білім беру жүйе-
сінің негізгі кемшілігі қайталау арқылы жаттауға негіз-
делуінде. Мектеп оқушылары көптеген ақпаратты жа-
дында сақтап алған. Тіпті қатты қиналмай қайта шығара
да алады. Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Ертең-ақ естен
шығады.
Жұмыс жадындағы ақпаратты екі жол күтеді. Бірін-
шісі – ұзақ мерзімді жадтың бір бұрышында қалып қою,
сәйкесінше оны ұмытып қалу. Екіншісі, ұзақ мерзімді
жадтан өз орнын табуы және керек кезде еске түсіре алу.
Осы екі жад арасында үйлесiм пайда болып ортақ жұмыс
болғанда ғана біздің миымызда «толық көрініс» пайда
болады. Не керек екенін, не үшін және қалай керек екенін
түсіне бастаймыз.
ТҮCІHУ ЕКІ ҚАДАМНАН ТҰРАДЫ. Қысқа мерзім-
де жадтағы ақпараттың өзара байланысын, мәнін ұғу. Біз
осыны түсінген кезде ғана олардың арасында берік бай-
ланыс орнайды. 2. Сол жаңа орнаған берік байланыстағы
ақпараттар жиынтығының үлкен жүйедегі орнын түсіну
және орналастыру.
Мысалмен түсіндіріп көрейін. Көз алдыңа мейрамхан-
наны елестет. Бәрімізге таныс мысал ғой. Даяшы келіп
сенен тапсырыс қабылдады. Осы кезде даяшының миы
зейінді режимде жұмыс істеп тұр. Себебі, ол әр клиенттің
қалауын жеке-жеке жаттап алуы керек. Шатаспауы тиіс.
Даяшылар бұл межеден әдетте сүрінбей өтеді. Сенің бер-
ген тапсырысың оның жұмыс жадында сақталды. Тапсы-
рыс орындалып, ас дастарқанға жеткізілгеннен кейін
және сен шотты жапқаннан соң даяшыдан не тапсырыс
болғанын сұрасаң, жауап бере алуы қиындау. Жұмыс жа-
дында болған тапсырыс, ұзақ мерзімді жадта жүйеленбей
қалды.
Дәл осындай арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар
мұны «Даяшы феномені» деп атайды. Бүгінгі оқушылар-
дың көпшілігі және тек олар ғана емес, көпшілігіміз осы
феноменге шалдығып қалдық.
Ал егер даяшы әр клиенттің болмаса да, тұрақты кли-
ент тапсырысының логикасын байқай алса ше... Яғни
жұмыс жадындағы ақпараттың өзара байланысын қа-
лыптастыра алса, сол клиентке қызмет көрсету деңгейі
айтарлықтай жоғары болатын еді. Даяшылардың «Сізге
әдеттегідей ме» деп сұрайтынын кинодан көп көріп жүр-
міз ғой. Қарапайым тапсырыстар негізінде клиенттің
болашақ қалауын анықтай алатын даяшы маман ретінде
өте құнды. Бұл даяшы кейде клиентке сұрағанын емес,
қалағанын бере алуы әбден мүмкін. Ал даяшының осы
қабілеті – толық көріністі көре алғанында.
Осы бөлім үйренуді үйренуге байланысты тұжырым-
ды екі сұраққа жауап бере алды деп сенемін. Олар:
1. Не істеу керек?
2. Қалай істеу керек?
Біріншісінде қайталау керек десек, екіншісіне ин-
тервалмен, яғни араға уақыт салып қайталауды ұсынып
отырмын.
ҚАТЕЛІКТЕР. Үйренуді үйренуге мүмкіндік ашатын
келесі элемент – қателіктер. Жағымсыз негативті әсері
бар ұғым болғанымен, үйрену – қабілетті шыңдаудағы
таптырмас амал. Қателік жасау табиғатын бір тараудың
ғана масштабына ашу оңай емес. Сол себепті негізгі ойда
ғана жазуды жөн көрдім.
90
«Ақымақ ешқандай қателіктен сабақ алмайды; ақыл-
ды өз қателігінен сабақ алады; тек дана адам ғана өзгенің
қателігінен сабақ алады» деген сөз бар халықта. Бұған
«Біреудің тонна қателігі бес тиын, өзіңнің грамм қателі-
гің мың тиын» деген нақылды да қосуға болады. Саналы
адам өзінің қателігінен сабақ алады. Бұл біздің бойымы-
ға туа біткен қабілет. Кішкентай кезiмiзден одан әрі да-
мып отыруымыз керек. Алайда, кейбір келеңсіз жағдай-
лардың әсерінен бар заттың өзі жоқ болып қалады.
Қателікке ұрынған сайын үйренуді үйренудегі тәжіри-
бең артады. Қателік істеуден қорықпау керек. Ең басты-
сы, бір қателікті қайталамасаң болғаны. Қателіктен сабақ
алмаған жағдайда ғана қателік қайталанады. Кейде бір
қателіктің беретін сабағы көп болады.
Қателіктің ең үлкен пайдасы – жадымыздағы ақпарат-
тардың негізінде құрылған заңдылықтардың өзектілігін
анықтау, себеп-салдарлы байланысын жою не күшейту.
OVER ОҚУ. Жаңа идея, жаңа сөз, жаңа тұжырым не-
месе жаңа амалды үйрену кезінде, белгілі бір уақыт ішін-
де, оларды жаттап алып, жадымызға сақтаймыз. Енді осы
жерден тоқтамай одан әрі ізденіске көшіп, одан көп жаңа
дүниені тұтына беруді over оқу (овер оку) деп атаймыз.
Яғни, жаңа ақпараттың арасында байланыс орнап, өз ор-
нын тапқаннан кейін қолданысқа өтпей, алдыңғы әрекет
ті қайталай беру.
Овер оқудың өзіндік орны бар. Ол белгілі бір әре-
кетті автоматизмге (дағдыға) жеткізуі мүмкін. Мысалы,
былғары қолғап шеберлерінің қауіп төнгенде қол серме
уі, музыка маманының аспапта еркін ойнауы. Аталған
жағдайларда овер оқу өте пайдалы. Автоматизм жүйке
сыр берген кезде жақсы көмектесе алады. Халықтың ал-
дына шығуға уайым пайда болғанда сәтті өнер көрсетуге
өз ықпалын тигізеді.
Алайда, осы саладағы зерттеулерге сүйенсек, овер
оқудың ең үлкен кемшілігі – құнды уақыттың зая кетуі.
Ұзақ мерзімді жадта пайда болған бір байланысты ғана
шындау арқылы шектеліп қалуға болады. Үнемі балға-
мен ғана жұмыс істеген адамға өзге жұмыс тапсырсаң, ол
тек балғамен орындауды ойлайды.
ШЛАГБАУМ ЭФФEKTICI. Өмірде оқыған кітап-
тарымыз, жинаған тәжірибеміз және түйген сабақтары-
мыз бізге көмекші деп сенеміз. Алайда, осы тақырыпта
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кері тұстары да
анықталған екен. Миымызға кірген кез келген ақпарат
жаңа ақпараттың келуіне белгілі бір деңгейде кедергі бо-
лады. Шлагбаумдар сияқты өткізбей қояды. Бұл үйренуді
үйренуге қатысты тағы бір маңызды мәселе.
Олай болмауы үшін миымызда қалыптасқан шаблон
дардан бас тарта алуымыз керек. Жаңа ақпаратқа ашылуға
дайын болуға тиіспіз. Онсыз тұрақты дамып отыруымыз
екіталай. Кәсіпте қанша тәжірибем болса да, осыған
дейін қанша кітап оқысам да, қаншама серіктестермен
жұмыс істеу тәжірибесі болса да, жаңа мүмкіндік пайда
болғанда жас баладай «ашқарақтана» кірісемін. Білемін
деп емес, білмеймін деген позициядан бастаймын.
92
ЛОГИКАНЫҢ
ЛОГИКАСЫ
Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайрат-
кері, физика-математика ғылымдарының док-
торы – Асқар Жұмаділдаев
37
: «қоғамымызда екі нәрсе
логика және салыстырмалы теория жетіспейді» – дей-
ді. Ойланып қарасақ, шын мәнісінде еш нәрсені қиын-
датпай, барлығын логикаға салатын болсақ, өмір біз
ойлағандай қиын болмайтын еді. Біз өзіміз оны тым
қиындатып жіберуге құмармыз. Оның мысалын «Versus»
академиясына білім алуға келетін адамдардың көпшілі-
гінен көре аламын. Олар үйренуге келген, жауабын таба
алмай жүрген сұрақтарын жай ғана логика мен ақылға
салса, шешімін оп-оңай табар еді. Логикалық ойланба-
уымыздың басты себебі – бала кезден біздің орнымызға
шешім қабылдағанына, біз үшін барлығын ата-анамыз-
дың ойлап қойғанына үйренгенбіз. Жалпы статистика
бойынша дүние жүзіндегі адамдардың 2%-ы ғана ойла-
на алады, ал 3%-ы «ойлана аламын» деп ойлайды екен,
қалған 95%-ы мүлдем ойланбайды.
Ресейде «Магнит» деген үлкен азық-түлік дүкендер
желісі бар. Олардың иесі, Краснодар қаласының тума
сы – Сергей Галицкий
38
– Мәскеуде тұрмай-ақ, Ресейдегі
миллиардерлердің қатарына кірген адам. Олег Тиньков
өзінің «Бизнес секреты» деген бағдарламасында: «Cіздің
____________
37
Аскар Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика
математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990)
38
Сергей Галицкий – Ресейдегі ең ірі «Магнит» сауда желісінің негізін қалаушы,
басшысы.
ерекшелігіңіз неде? Неге сізбен бір аулада ойнаған бала-
лар жеңіске жетпеді, ал сіз миллиардер болдыңыз?», –
деп сұрайды. Сергей Галицкий: «Мен де ұзақ ойландым.
Түсінгенім, бізде адамдардың көбісі логикалық ойлап
дағдыланбаған. Егер олар логикалық түрде ойланатын
болса, кез келген адам жеңіске жетер еді» – деп жауап бе-
реді. Миллиардер мен әйгілі математик бір мәселені ай-
туда. Логикалық түрде ойлау, жасау дегеніміз – барлығын
кезегімен, рет-ретімен және дұрыс нәрсені дұрыс жасау.
Ал бізде адамдар дұрыс емес нәрсені дұрыс жасауға
құмар. Мысалы, темекіні әдемілеп шегеді, арақ ішкенде
тіскебасарларын дайындап қояды, оған бір маңызды ри-
туал сияқты қарайды.
Ал негізінде, барлығын логикаға салып, дұрыс нәрсені
дұрыс жасасақ, біз көптеген сұрақтарымызға жауапты да
табамыз, көшіміз алға жүріп, табысқа да жетеміз, өзімізді
де дамытамыз. Шынында да, өмірдегі іш пыстырарлық
қызық емес нәрселер, ол – пайдалы нәрселер. Таңертең
ерте тұрып жүгіру, ойлану, дұрыс тамақтану, кітап оқу
іш пыстырады, бірақ пайдасы зор. Ал түнгі клубқа бару
дұрыс емес нәрсе, бірақ біздікілер оған ұйқысын қиып
барады, тамақты талғап жеймін десең, таңдау үлкен.
Сондықтан да өмірдің барлығы осындай логикалық ой-
лаудан, таңдаудан тұрады.
94
ПІКІРДІ ӨШІРІП,
АҚЫЛДЫ ҚОСУ
Түріктің атақты комигі Джем Йылмаздың
39
«Бұлардың ақылы жоқ, пікірі бар» деп айтқаны
бар еді. Сол сияқты, кез келген жағдайды, істе, бастап-
қыда «менің ойымша солай болу керек еді» деген сияқ-
ты біз өзіміздің пікірімізді қосамыз. Әрине, егер сен
ел мойындаған, кәсіби орта мойындаған шебер маман
болсаң, сенің пікірің үшін ақша төлейді, оған құлақ аса-
ды. Ал қазір кітапты қолына алып отырған адамдар-
дың басым бөлігі – енді ғана жеңіс жолына тұрған
адамдар. Сондықтан бұл жерде маңыздысы – пікірді
өшіру. Мысалы, мейрамхана бизнесін ашқысы келген
жігіт осы салаға байланысты өз пікірін білдіреді. Бірақ
әлі мейрамханасы жоқ, демек, бұл жігіт әлі «шикі».
Мейрамхананы ашу барысында қалыптасқан тәртіпті
өзгертіп, өзінің ойынша, өзінің қалауынша жасайды,
яғни пікірін қосады.
Мысалы, біздің «Rumi»-де палаумен бірге ең көп саты-
латын тағам – манты. Оны мәзірге қосу «Палау жемейтін-
дерге не ұсынуға болады?» деген сұрақ туындағанда кел-
ген ой. Бұған дейін, «Rumi»-ден басқа мейрамханаларда
да манты ұсынылатын, бірақ біз айына қырық мың манты
сатамыз, біздегі мантылардың дәмді екенін көбі айтады,
мойындайды да. Біздің «Rumi»-дің мантылары үйдегідей
түйілген, ал басқа мейрамханаларда шет-шеті өрнектеліп,
дұңғанша түйілген. Сонда «неге шеттен түйілу керек?»
деп сұрадым, аспаздар «енді, барлығы солай істейді ғой»
деп жауап берді.
____________
39
Джем Йылмаз – түрік актері, сатирик.
Бірақ, «барлығы солай істейді» деген – ол пікір. Ал
миды қосатын болсаң, барлығымыздың ең жақсы көретін
мантымыз, үйде түйілген, аналарымыздың жасаған ман-
тысы. Демек, барлығы жақсы көретін, өз үйіміздегідей
манты жасау ақылға қонымды ғой. Сол кезде мен пікірді
өшіріп, ақылды қосуға ұсыныс тастадым.
Кейін білгенім, үйдегідей мантының жасалуы, шетінен
түйілген мантыларға қарағанда ұзағырак, яғни көбірек
уақыт алады екен. Дегенмен, біз «барлығы солай істей-
ді, оған қоса азырақ уақыт алады» деген пікірді өшіріп,
ақылымызды қостық. Есесіне, қазір айына қырық мың
манты сататын, бізге бәсекелес бола алатын мейрамхана
жоқ.
Кітап оқығанда да, «Жатып оқығым келіп тұр» деу –
қате пікір. Себебі, кітапты жатып оқуға болмайды. Ол
миға қонымды емес. Оған қоса, жарық сол жақтан түсуі
керек, арқан тік болуы керек, таза ауа кіріп тұру керек
дегендей, өзінің ережелері бар.
Колледже сабақ беріп жүрген кезімді еске түсіріп,
«Алғашқы «Rumi» біздің қазақ-түрік колледжінде жа-
салған» деп күлемін. Колледжде буфет болатын, оның бір
күндік саудасы – бес мың теңге. Мен маркетингтен сабақ
беремін, бірде буфеттегі қызметкерлерден «неге мәзіріңіз
кішкентай?», «неге жұмыс жүрмейді», – деп сұраймын.
«Осылай болып қалыптасып қалған» деп жауап береді,
96
бұл да пікір. «Мәзіріңізде кофе болу керек, мерчендай-
зинг болуы керек» деп түсіндіріп ақылды қосып жатсам,
ешкім мойындамайтын. Ал біз студенттерімізбен сауал-
нама жүргіздік, студенттер колледжге қанша ақшамен ке-
летінін біліп алдық. Біздің анализ бойынша, студенттер
аптасына бес жүз, мың теңге алып келеді екен. Ал, сол
кездегі буфеттегі қызметкерлер «студенттердің ақшалары
жоқ» деген қате пікірде болды. Нарық бар, бірақ нарыққа
дұрыс өнім берілмеді. Ақылды қосу арқылы біз студент-
термен бірге буфеттің бір күндік саудасын отыз бес мың
теңгеге, яғни жеті есе көтердік.
Досың келіп, бірге бизнес жасауды ұсынды, сен
келістің. Уақыт өте келе, ішіңде критикалық (сыни) ой-
лану пайда болады. «Егер жүрмей қалса», «ақшамнан
айырылсам» деген күмән пайда болады. Осындай жаман
ойға берілудің әсерінен, жақсы идеяң құрдымға кетеді,
сөйтіп, ештеңесіз қаласың,
Біреудің жасап жүрген ісіне, бастамасына міндетті
түрде өз ойымызды қосамыз. Бұл жеңіске жету жолында
бізге қатты кедергі жасайды. Себебі, тек қана сырттан тон
пішетін, сынға ғана жарайтын адам болып қала береміз.
Үнемі біреуге ақыл айтамыз, ал өзіміз еш нәрсе жасауға
талпынып та көрмейміз. Ал сен сынаған адам, пікіріңе
қарамастан жеңіске жеткенде, сен әлі бір орында қалып
қойған адам болып отыра бересің. Бірдеңені болса да қо-
рықпай іс-әрекет жасаған адамда прогресс болады, опық
жеп қалса тәжірибе жинайды. Ал сен қандай болдың, сол
күйіңде қаласың. Негізінде, өмірді көрген, кәсібін дөңге-
летіп нәтижеге жеткен азаматтар, біреудің ойын, идеясын
жамандамайды, адамдардың бетін қайтарып, ешқашан
еңсесін түсіруге жол бермейді. Олар «істеп көр» деп ай-
тады. Себебі, ертеңгі күні ұтылып қалса, минусқа кірсе
де, ол адамның көзқарасы, ойлау қабілеті өзгеретін
тәжірибе жинайтыны біледі және оны дұрыс санай-
ды. Кезінде оларға да ешкім сенбеген, ал пікірін қосып,
сынағандар көп болған.
Ақыл заңға негізделеді, біліммен жұмыс жасауды талап
етеді, ал біздің «менің ойымша» деп айтқан пікіріміздің
99%-ы қате. Оған қоса, пікір көп жағдайда субъективті
болады, ал бізге объективті нәрсемен жұмыс жасау керек.
Сондықтан біз де ойлануымыз керек, өмір бойы біреудің
әрекетіне сын айтып, жаңсақ пікірге сеніп отырамыз ба,
әлде ақылды пайдаланып, өз өмірімізді өзіміздің қолы-
мызға алып, оны өзгерте аламыз ба? Мәселе осында.
98
KITAП ОҚУ ШЕБЕРЛІГІ
Бернард Шоудан
40
: «Сіз бос уақытыңызда не істей-
сіз?» – деп сұраған болу керек. «Бос уақытымда
серуендеймін, ұйықтаймын, достарыммен пікірлесе-
мін», – деген екен. «Сонда қашан кітап оқисыз?», - дей-
ді сұхбат алушы. «Шоу: Кітап бос уақытта оқыла-
тын нәрсе емес, оған арнайы уақыт бөлемін»,
– деп жа
уап берген екен.
Аптасына бір кітап оқимын деп нысана қойған адам,
ең азы, бір жылда елу кітап оқиды. Бір сала бойынша
кітаптарды үздіксіз оқу әдетке айналса, бірнеше жылда
сен сол саладағы сарапшы болып шығасың. Ал түбегейлі
білімнің адамды өмірдің кез келген саласында алға же-
телейтін қуатты күш екенін айтудың қажеті жоқ шығар?
Батыс мамандары дабыл қағады: «Ақпарат қай салада да
тез дамып жатыр. Бәсекеге қабілетті болу үшін тұрақты
түрде оқып отыру керек». Бізде дәл сондай бәсекелестік
жоқ. Басқа елдерге қарағанда, біздің адамдардан жеңіске
жету үшін сұралатын
дүние аса көп емес. Біз-
де өзгелерден сәл ғана
көбірек ізденсең, өзге
лерден оқ бойы озық
тұрасың. Бастысы, ны-
санаңды таңдау, өзің
бірінші болатын саланы
анықтау. Мысалы, біз
Астана қаласында мей-
рамхана аштық. Қасын
да он бес мейрамхана
бар. Ал «Rumi»-ге кезек
қандай? Өзіндік фиш-
каң болса, бәрі болады.
____________
40
Марнард Шоу – ағылшын жазушысы. Нобель сыйлығының лауреаты (1925).
Фишка табу үшін көп дайындық керек. Бір салаға қатыс-
ты оқи берсең, ұңғыл-шұңғылын еріксіз біліп аласың, се-
нен асқан сарапшы маман табылмайды.
Кітап оқу – жеңіске жететін, жолы болғыш адамдар-
дың әдеті екен.
«Жеңіске жеткен адамдардың кітапханасы үлкен бо-
лады, ұтылғандардың теледидары үлкен болады» деген
екен Дэн Кеннеди
41
. Адамның не тұтынатындығына қа-
рап, оның кім екенін айта аласың.
Стамбұлға барған соң, біраз уақыттан кейін эйфория
тарады. Шет елді көріп, бизнес жасайтынымды білдім.
Сөйтіп, бизнес туралы оқи бастадым. Стипендиям жүз
сексен түрік лирасы (сол кездегі курспен) теңгемен он
сегіз мың шамасында. Оның жартысын кітапқа жұмсай-
тынмын. Жүрген жерде кітап қарап жүру әдетім, әлі де
бар. Басқа елдерге, бөтен қалаларға барғанда да менің
шоппингім кітап дүкенінен басталады не онымен аяқта-
лады.
Мысалы, Мәскеудегі «Библио-Глобус» дүкенінде күт-
пеген жерден, өзіңе нағыз керек кітапты тауып алуға
болады. Әдетте ойыңды басқа жаққа бұрып жіберетін,
демек, бизнесіңе де жаңалықтар әкелетін кітаптарды та-
басың. Белгілі маркетинг профессоры Иона Бергердің
42
«Заразительный. Психология сарафанного радио. Как
продукты и идеи становятся популярными» деген кітабы
мен үшін сондай табыс болды. Онда айтылатын сарафан-
дық радио принципін «Rumi»-дің маркетингіне негіз етіп
алдық.
Мен оған дейін-ақ өзімді білімді санап, осы істі бастай
беруіме болатын еді. Маған сенген адамдар болды. Ақша
салынып тұр. Біреудің ақшасы. Ештеңең кетіп жатқан
жоқ. Егер сондай логикада ойлаған адам болсам, «Rumi»
жертөле де сасыған көп дәмхананың бірі болып, екі ай-
дан кейін жабылып қалар еді.
____________
41
Дон Кеннеди – кәсіпкер, 13 бизнес-кітаптың авторы. Маркетинг жөніндегі кеңесші
және копирайтер, кәсіпкерлер үшін топтық тренингтердің авторы және жетекшісі.
42
Иона Бергер – Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебіндегі маркетинг
профессоры. «Темір профессор» атағын алған.
100
Менің ойымша, мінсіз адам жоқ. Сен де осы ойға
өзіңді сендір. Өзінді қанша жақсы көріп, ең ақылды,
бәрін білетін, кітап оқымай-ақ жеңіске жете алатын адам
деп санап тұрсаң да, аспандағы қиялынды жерге түсір.
Идеал емессің. Менің түсінгенім, адамның ең ғажайып
қасиеті, оның идеалдылығы емес. Өзгеруге, өсуге, білім
алуға әзірлігі. Қазір мінсіз болмаса да, келешекте оған
ұмтылатын, сол жолда көп оқуға, ізденуге дайын адам-
мен бағытымыз бір деп санаймын.
Брайаи Трейси «Достижение максимума. 12 принци-
пой» деген кітабында мынадай ой айтады: «Зерттеулер-
ге сенсек, ең табысты америкалықтар жылына 70-тен
аса кітап оқиды. Кедей америкалықтар мүлде оқымай-
ды. Мүмкін, барлық оқырмандар лидерлер емес шығар.
Бірақ барлық лидерлер – оқырмандар». Қарап отырсаң,
лидерлікке жетелейтін қарапайым жол – кітап оқуды
әдетке айналдыру.
Әдетке айналу үшін ол күнделікті оқылуы керек. Де-
мек, күн тәртібінде кітап оқуға уакыт бөл. Уақыт кымбат,
бірақ мақсатсыз өткен уакыттан гөрі оқумен өткен уақыт
бағалы. Сонымен, кітап оқуға қанша уакыт бөлу керек?
Ересек адам үшін орташа оқу жылдамдығы минутына
200-250 сөз иемесе минутына екі бет. Егер бір аптада бір
кітап оқу міндет болса, кітаптың көлеміне қарай, күніне
20- 40 бет оқысан жеткілікті. Ал күніне жиырма бет де-
генің, он-ақ минут. Қырық бет дегенің, жиырма минут.
Өте баяу оқырмансың деген күннің өзінде, күніне жарты
сағат жеткілікті. Ұйықтар алдында жарты сағат кітапқа
көңіл бөлу қиын ба? Бастапқы күндері қиналарсың, ал
әдетке айналған соң кітапқа қолың жүгіріп бара жатқа-
нын өзін де байқамай қаласың.
Қазір мен жылына елу, алпыс кітап оқимын. Бұрын
дебатқа қатысқанмын, облыстың чемпионы да болдым.
Пікірталастың бір кереметі, пікіріңді дәйектеуге үйре-
теді. Демек, неғұрлым көп окуың керек. Содан қалған
әдетте шығар, бірер жыл бұрын көбіне әдебиет, тарих,
теология туралы көп ізденетінмін. Күндердің күні «осы
мен не үшін кітап оқимын?» – деген сұрақ туды. Сәл ой-
ланып қарасам, жарыс үшін сияқты. Өйткені, оқығаным,
білімім басқалардан артық болу үшін, басқалардың аузын
жабу үшін керек сияқты. Сол ойдан өзімді ұстап алдым.
Стоп, Қуаныш! Одан кейін келесі кезеңге өттім.
Жұмыс үшін оқуыма тура келді. Мұнда алгоритм
басқа: оқыдың > іске асырдың > нәтижесін көрдің > қуат
алдың/шабыттандың > басқа кітап оқыдың. Сондықтан
маған кітап оқу қиын емес. Бәрі өзіңе байланысты.
Қазір менің негізгі мақсатым оқу емес, оқығанды іске
асыру. Бизнеске, өміріме пайдалы әрекетке негіз іздеу.
Сондықтан жақсы идея, мені қызықтырған сұраққа жа-
уапты көрген бетте... кітаптың бетін жабамын. Солай, мен
оқыған кітаптың тоқсан пайызы бітпеген. Ойды алдым.
Бітті. Кітапты оқып бітіру маңызды емес. Есесіне осы
техниканың арқасында бизнесіме де, өзіме де көп идея-
лар алдым, алға жылжыдым. Оған мысал көп. Мәселен,
ұжымдағы басты адамдарды қалай қызықтыру керегін
ойлап жүрдім. Сол кезде бізде мейрамхана басқарушы
директоры болды. Онда бекітілген жалақы, айналымнан
проценттер, тағы да басқа игіліктері бар еді. 2015 жылы
Стамбұлға барғанда, осы тақырыпта 150 долларға кітап
алдым. Мақсат айқын еді – жаңағы адамды мотивациялау-
дың жолын табу. Алматыға келіп, кітаптарды ақтарып
отырғанмын. Алғашқы кітап, алғашқы бөлім, алғашқы
абзац: қызметкерлеріңізді партнер (серіктес) қылыңыз
дейді. Бұл миллиардер, әлемдегі ең бай түрік, банкир
және бизнесмен, Гарвардтың МБА түлегі Хусейн Озйе-
геннің
43
кітабы болатын. Мұндай адамға қалай сенбей
сің? Оның принциптері дұрыс болмаса, соншама жеңіске
қалай жетер еді? Кітапты жаба салып, іске кірістім. Нәти-
же де жаман болған жоқ. Біз жаңағы адам, операциялық
кірістің проценттерін алады деп келістік. Келесі айда
___________
43
Хусейн Озйеген – миллиардер, әлемдегі ең бай түрік, банкир және бизнесмен.
Гарвардтың МБА түлегі.
102
оның жалақысы 100 мың теңгеге көбірек болды. Бірақ
сонымен бірге, ол 800 мың теңге үнемдеді. Демек, біздің
табыс ай сайын 700 мың теңге еді. Міне, қандай жақсы
инвестиция – 150$ салып, 700 мың теңге пайда табу.
Біздің «Rumi»-дің негізгі ерекшеліктерінің біріне ай-
налған Masstige – ол да кітаптан алынған ұғым. Бұл қол-
жетімді (mass) және беделді (prestige) деген категория-
ларды біріктіреді. Оны әдетте косметикалық брендтер
өте жақсы пайдаланады. Nivea, L’Oreal, MaXFactor – осы
салада өзін дәлелдеген брендтер. Бір қарағанда қымбат
та емес, бәрінің қолы жетеді, қалтасы көтереді. Және са-
тып алуға да ұялмайсың. Merсі – қонаққа барғанда сатып
алғанды жақсы көретін тәттілеріміз. Сол 1500 теңгеге,
«құрқол бармас үшін» дейтін одан басқа, жақсырақ дү-
ние сатып алуыңыз неғайбыл.
Сөйтіп, «Rumi»-де осы техниканы пайдалануға
талпындық. Біздің кейбір нүктелерімізде орташа чек
«Starbucks»-тан арзанға шығады, бірақ онда қандай
жағдайда да, кіммен де баруға ұялмайсың. Достарыңыз-
бен кездесуге де, құдалық жасауға, сүйіктіңді кешкі асқа
шақыруға, шетелдік қонақтарды күтуге, іскерлік кездесу
ұйымдастыруға да болады. «Би түсетін үй» деген ұғым
бар қазақта, біз сондай, министрді де күтуге болатын
орын жасадық
Әдетте, «Masstige» категориясындағы бренд қалып
тастыруда антураждың орны орасан: «упаковка»,
«подача», т.б. Арзан бағада ұсынған күннің өзінде, та-
уарды біздікінен үш есе қымбатқа сататын әріптестеріміз
секілді «упаковать» етіп беруіміз керек. Осы техника
бизнес әлемінде 2003 жылдан бері бар. Неге бізде ешкім
қолданбайды? Көрмей, білмей жүр ме? Меніңше, бізде
бизнес жасауды ақша салу, сосын күреп ақша табу деп
қана түсінетін секілді. Бизнес жасау үшін білім кере-
гін, әлемдегі үздік идеяларды кішкентай кәуапханада да
қолдануға болатынын білмейді. Білмейді емес, білімнің
маңыздылығына мән бермейді.
|