Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары. Тұлғаішілік конфликтінің жағымды және жағымсыз салдарлары бар. Тұлғаішілік конфликтілер конструктивті (продуктивті, оптимальді) және деструктивті (адамның тұлға
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары. Тұлғаішілік конфликтінің жағымды және жағымсыз салдарлары бар. Тұлғаішілік конфликтілер конструктивті (продуктивті, оптимальді) және деструктивті (адамның тұлғалық құрылымдарын бұзушы).
Конструктивті болып дау-дамайға түсушілердің максимальды дамуымен және оны шешуге максимальды тұлғалық шығындардың жұмсалуымен сипатталатын конфликт табылады. Конструктивті түрде жеңуге болатын тұлғаішілік конфликт тұлғалық дамуды үйлестіру механизмдердерінің бірі болып табылады.
Бала дамуының ерте кезеңдерін талдай отырып, в.М.Афонькова (1974), Л.И.Божович (1981) ішкі конфликтілердің психикалық өмірді қиындататын оның қызмет көрсетудің жаңа деңгейлеріне өтуіне мүмкіндік беретіндігін атап көрсетеді.
Қолайлы тұлғаішілік конфликт моральдық дамудың негізгі ретінде қарастырылады. Индивид ішкі тұлғалық қайшылықтар мен конфликтілерді шешу негізінде өзін тұлға ретінде ұғынады (столин, 1983). Позитивті түрде шешілген конфликтілер мінезді, мінез-құлықтың тұрақтылығын, кездей –соқ жағдайларға тәуелсіздікті шыңдайды, тұлғаның тұрақты бағыттылығының қалыптасуына мүмкіндік береді. (В.С.Мерлин « психологиялық конфликтілер мінез-құлықтың жаңа қырларын қалыптастыруда және тұлғаны түпкілікті өзгертуде маңызды рөл атқарады (1964) деп санады.