Участие третьей стороны в разрешении конфликтов


Тұлғаішілік конфликтілердің негізгі түрлері



бет8/22
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#93147
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Қарым-қатынастағы конфликт

Тұлғаішілік конфликтілердің негізгі түрлері:

  •  1. Жүзеге аспаған тілектер конфликтісі немесе кемшілікті сезіну комплексінің конфликтісі (Юрлов, 1995). Бұл тілектер мен оларды қанағаттандыруды бөгейтін шындық (ақиқат) арасындағы конфликт. Кейде оны «олар сияқты болғым келеді» (референттік топ) мен оны іске асырудың мүмкін еместігі арасындағы конфликт ретінде түсіндіреді.(Захарова, 1982) Конфликт тек шындық тілектерді жүзеге асыруды блакирует ғана емес, сондай – ақ, адамның оны жүзеге асыруға физикалық мүмкіндігінің жоқтығының нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Бұл өзінің сыртқы келбетіне, физикалық мәліметтерімен қабілеттеріне қанағаттанбаушылыққа байланысты пайда болатын конфликтілер. Аталмыш түрге сексуалдық патология негізінде жатқан тұлғаішілік конфликтілер де жатады. (Кратохвил, 1991; Свядощ, 1991; Харитонов, 1996).
  • 2. Рөлдік конфликт бір уақытта бірнеше рөлдерді іске асырудаң мүмкін еместігімен байланысты, (рөларалық тұлғаішілік конфликт) сондай-ақ, тұлғаның бір рөлді атқаруға қойылатын талаптарды әр түрліше түсінуімен байланысты (ішкірөлдік- конфликт) сезімдерден айқындалады. Бұл түрге екі құндылық, стратегиялар немесе өмірдің мәні арасындағы тұлғаішілік конфликтілер жатады(Родных, 1993; Скалепов, 1995).
  • 3. Адаптациялық конфликт кең мағынада, яғни субьект пен қоршаған орта арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық ретінде, ал тар мағынада - әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу процесінің бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық ретінде түсініледі. Бұл шындық талаптарымен адамның мүмкіндіктері (кәсіби, физикалық, психологиялық) арасындағы конфликт (Сенокосов, 1989). Тұлға мүмкіндіктерінің орта немесе іс- әрекет талаптарына сәйкес келмеуі уақытша даяр болмау ретінде, сондай-ақ , қойылған талаптарды орындауға қабілетсіздік ретінде қарастырылуы мүмкін.
  • 4. Адекватты емес өзін - өзі бағалау конфликтісі. Тұлғаның өзін-өзі бағалау адекваттылығы оның сыншылдығына, өзіне талап қоюшылығына, табыстар мен сәтсіздіктерге деген қатынастарына тәуелді. Талаптанулар мен өз мүмкіндіктерін бағалау арасындағы айырмашылықтар адамда жоғары мазасыздану, эмоционалдық олқылықтардың және т.б. пайда болуына әкеп соқтырады (Петровский, Ярошевский, 1990). Адекватты емес өзін-өзі бағалау конфликтілерінің ішінен тым жоғары өзін-өзі бағалау мен өз мүмкіндіктерін шынайы бағалау ұмтылыстарының арасындағы (Юферова, 1975), өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен адамның обьективті жетістіктерін ұғыну арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, максималды табысқа жету үшін талаптануды көтеруге, ал екінші жағынан, сәтсіздіктерге ұрынбау үшін талаптануды төмендетуге ұмтылыстың арасындағы (Хекхаузен, 1986). Конфликтілерді бөліп көрсетеді.
  • 5. Тұлғаішілік конфликтілер қоршаған орта, оның ішінде әлеуметтік орта тұлғасына ықпалын тигізбей пайда болмайтындығы баршаға мәлім. «Таза», тек қана ішкі әрекеттер себебіне байланысты пайда болатын тұлғаішілік конфликтілер жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет