Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет136/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Ядро құрылымы физикасының мәселелері.
 
Ядроның шекті массасы, нейтрондық ядролар және нейтрондық 
жұлдыздар. Менделеев кестесінің шегі (протондар саны бойынша шек). 
Ядролардың мультикластерлік құрамы. Максимал байланыс энергиясы. 
Ядролық тығыздық мәселелері және асқынтығыздық. Ядроның қозған 


күйлерінің энергиясы және оның шегі. Атом ядроларының өлшемдері мен 
пішіні. Ядролық құрылым модельдері (сұйық тамшылық, газдық, қатты 
денелік). 
Ядролық реакциялар мен ыдыраулар физикасының мәселелері. 
Жартылай ыдырау периодтары және ыдырайтын бөлшектердің 
массалары бойынша физикалық шек. Толқындық және корпускулярлық 
процестер кезіндегі ядролық реакциялар механизмі. Ұшып келіп соқтығысатын 
бөлшектердің энергиялары бойынша шекті ауысулар. Молекулаларды
атомдарды, ядроларды және элементар бөлшектерді зондтау. Ядролық 
нұрлардың заттармен әсерлесуінің негізгі заңдары. Әлемнің пайда болуы және 
ғарыштық сәулелер. 
Ядролық физиканың жаратылыстану ғылымдарымен баланысы.
 
Биология мен медицинаның іргелі мәселелерін шешудің ядролық 
әдістері. Ядролық медицинаға кіріспе. Ядролық геология және геофизика. 
Ядролық астрофизика мәселелері. Ғарыштық элементтердің пайда болуы. 
Қолданбалы ядролық физика.
 
Ядролық және термоядролық энергетика. Радиоэкология өмірдің тұрақты 
факторы ретінде. Онкологиялық ауырулардың радон эманациясымен 
байланысы. Медицинадағы радиофармпрепараттар. Азық-түліктерді және 
дәндерді зарарсыздандыру. Деңгей өлшеуіш, шығын өлшегіш, тығыздық 
өшеуіш және автоматика элементтері. Ұзақ ғарыштық ұшуға арналған 
радиоактивті электрбатареялары. 
 
Атом ядроларының жалпы қасиеттері. 
Ядро физикасының және элементар бөлшектердің дамуының негізгі 
кезеңдері. Микродүние құбылыстарының масштабы. Атом ядроларының негізгі 
қасиеттері. Альфа-бөлшектердің шашырауы бойынша жүргізілген Резерфорд 
тәжірибелері. Ядро әсерлесуші протондар мен нейтрондардың жүйесі ретінде. 
Ядроның электрлік заряды. Массалық сан. Изотоптар, изобарлар. Ядро 
массасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет