Учебная программа курса по развитию функциональной грамотности 15-летних школьников, потенциальных участников pisa-2015



бет1/4
Дата16.02.2020
өлшемі448,35 Kb.
#58159
түріУчебная программа курса
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Министерство образования и науки Республики Казахстан

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина







PISA-2015 ЗЕРТТЕУІНІҢ ӘЛЕУЕТТІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

15 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ КУРСЫНЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Әдістемелік құрал

УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА КУРСА ПО РАЗВИТИЮ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ 15-ЛЕТНИХ ШКОЛЬНИКОВ,

ПОТЕНЦИАЛЬНЫХ УЧАСТНИКОВ PISA-2015
Методическое пособие

Астана


2014

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 24 қазандағы № 9 хаттама).

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 9 от 24 октября 2014 года).

PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсының оқу бағдарламасы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 36 б.
Учебная программа курса по развитию функциональной грамотности 15-летних школьников, потенциальных участников PISA-2015. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. – 32 с.

Әдістемелік құрал PISA-2015 зерттеуіне оқушыларды дайындау бойынша материалды құрылымдау мен іріктеудің негізгі принциптері, сондай-ақ 2015 жылы зерттеудің әлеуетті қатысушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда элективтік курсты жүргізу есебінен берілген қосымша оқытудың күтілетін нәтижелері бойынша қажетті бағыттарды ұсынады.

Құрал білім беруді басқару органдарының қызметкерлеріне, әдіскерлерге, жалпы білім беретін мектептер және колледждердің басшылары мен педагогтеріне арналған.

Пособие предоставляет необходимые ориентиры по основным принципам отбора и структурирования материала по подготовке обучающихся к исследованию PISA-2015, а также по ожидаемому результату преподавания базовых учебных предметов с учетом ведения элективного курса по развитию функциональной грамотности потенциальных участников исследования в 2015 г.

Пособие предназначено для сотрудников органов управления образования, методистов, руководителей, педагогов общеобразовательных школ и колледжей.


© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2014

© Национальная академия

образования им. И. Алтынсарина, 2014



Кіріспе
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау мен мониторингтеу ҰБТ және ОЖСБ рәсімдерімен қатар TIMSS, PISA және PIRLS халықаралық зерттеулеріне қатысу арқылы да жүргізіледі [1]. Халықаралық зерттеулерге қатысу көптеген әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар аясында еліміздің білім беру нәтижелерін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді [2, 3 б.].

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) арқылы жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі ерекше орын алады. Өйткені, оған әлемдік экономиканың жартысынан астамы үлес қосады [3]. Екіншіден, PISA тапсырмаларының тәжірибеге бағыттылық дәрежесі мен тапсырмаларды құрастырушылардың біліктілігі жоғары. Бұның барлығы PISA-ны 15 жасар білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылықтарын бағалау бойынша ең беделді халықаралық салыстырмалы зерттеулердің бірі етіп отыр.

PISA халықаралық тест тапсырмалары 15 жасар білім алушылардың мектепте меңгерген академиялық білімін өлшемейді. Зерттеуде олардың академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдану (өмірлік дағдылар), сонымен бірге мәселелерді қою мен шешу, модельдеу, ойлауда қолданатын білімі мен дағдыларының деңгейлері бағаланады.

Үш бағыт бойынша білім алушылардың сауаттылығын бағалау технологиясы PISA жобасына қатысушылардың алған білімдерін қорыта отырып, мектептен тыс жағдайларда қаншалықты қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас академиялық білімнің жоғары кәсіби деңгейде қолданыста жүзеге асырылуы арқылы қазіргі экономиканың қоғамға әсер етіп отыр деген деректі көрсетеді [2, 7–8 б.].

Қазақстан Республикасы PISA зерттеуіне екі мәрте қатысып, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары бойынша оңтайлы жетістіктер көрсетті. Ал 15 жасар білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша нәтижелерінде өзгерістер болмады [4]. Бұл нәтижелер 2004 жылы қазан айында республикамызда білім мазмұнын білімділіктен құзыреттілікке көшу жөніндегі саяси көзқарастың дұрыстығын растап отыр [5].

PISA зерттеуі 2000 жылдан бастап басымды үш бағыттың біріне баса көңіл бөле отырып, үш жылда бір қайталанып жүргізіледі. 2015 жылы зерттеу жаратылыстану сауаттылығына басымдылық беріліп өтетін болады. Алдыңғы жылдары бұл бағыттағы басымдылық 2006 жылы жүргізіліп, 57 ел қатысқан болатын. 2015 жылы 70 елдің қатысуы жоспарланып отыр.

PISA-2015 зерттеуі 2012 жылы өткен зерттеудегідей қосымша жаңашыл мақсаты бар, атап айтқанда, 15 жасар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын интерактивті ортада бағалау мақсаты болып табылады.

Тестілеу жүйесі барынша электрондық болу үстінде және бұл 2018 жылы жалғыз тәсіл болып жүзеге аспақ. Сондықтан интерактиві тапсырмаларды пайдаланып компьютерлік тестілеуге назар аударған жөн.

Қазіргі уақытта республика бойынша PISA-2015 зерттеуіне қатысу мақсатында іс-шаралар өткізілуде. Ол зерттеудің мақсаты мен оның өткізілу тәртібін, тапсырмалардың ерекшеліктерін мұғалімдер мен оқушыларға бағдар етуге, біліктігі мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы оқу бағдарламасын жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлшегі деп санауға болады.


1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Курстың өзектілігі осы құралдың кіріспесінде берілген.

Курстың толық атауы – «PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсы». Бұл курс орта білім беру ұйымдарында оқу жоспарының вариативті бөліміндегі сағат есебінен өткізілетін элективтік курс болып табылады.

Элективтік курстың мақсаты – оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін элективтік курстың алдында мынадай міндеттер тұр:

– математика курсы, жаратылыстану және гуманитарлық цикл курстарына енетін оқу пәндері бойынша игерілетін білім аясын кеңейту;

– білім, білік, дағды мен құзыреттіліктің деңгейін жоғарылату;

– білім алушылардың өз тағдырын, соның ішінде кәсіби бағыт-бағдарын анықтауда белсенділік танытуына септігін тигізу;

– оқу пәндеріне деген қызығушылық қалыптастырып дамыту.

PISA-2015-ке әлеуетті қатысушылары 9-сынып оқушылары немесе колледждің 1-курс студенттері болғандықтан, элективтік курс орта білім беру ұйымдарындағы 8-9-сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған.

Курс математика, биология, химия, физика, география, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілі және әдебиеті секілді базалық пәндерді толықтыратын «қондырма» рөлін атқаратындықтан, курс ұзақтығы мен кезеңдерін мұғалімдердің өздері белгілейді. Бағдарлама материалды құрылымдау мен іріктеудің негізгі принциптері, сондай-ақ «қондырмалық» элективтік курсты жүргізу есепке ала отырып, базалық оқу пәндерін оқытудың күтілетін нәтижелері бойынша қажетті бағдарды ұсынады. Сонымен қатар, бағдарлама PISA-2015 зерттеуіне енген қосымша өлшемдер бойынша кейбір ұсынымдарды қамтиды.

PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адам іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі [2, 51 б.].



Кестеде көрсетілгендей, элективтік курстың мазмұны жаратылыстану сауаттылығы бойынша тақырып пен бөлімдерін қалыптастырады (1-кесте).
1-кесте – Элективтік курстың мазмұны


Бөлім

Тақырыптар

1

2

Физикалық жүйе

  • заттардың құрылымы (мысалы, атом құрылымы);

  • заттардың қасиеті (жағдайының өзгерісі, жылу мен жылу өткізгіштігі);

1-кестенің жалғасы


1

2




  • заттардың химиялық өзгеруі (химиялық реакция, энергия берілуі, қышқылдар/негіздер);

  • күш және жылдамдық (жылдамдық және үйкеліс);

  • энергия және оның айналымы (энергияның сақталуы, энергияның шашырауы);

  • заттардың өзара әрекеттесуі және энергиясы (жарық және радиотолқындар, дыбыс және сейсмикалық толқындар)

Тірі ағзалардың жүйесі

  • жасуша (мысалы, құрылымы мен атқаратын қызметі, ДНҚ, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы);

  • адам (денсаулық, тамақтану, ауру, көбею, асқорыту, тыныс алу және қанайналым жүйесі);

  • популяциялар (өкілдер, эволюция, биологиялық көптүрлілік, генетикалық түрленулер);

  • экожүйелер ( тамақтану тізбегі, энергия мен зат ағындары);

  • биосфера (экожүйелерді қолдау, орнықты (тұрақты) даму)

Жер және ғарыш жүйесі

  • жер қабықтары (литосфера, атмосфера, гидросфера);

  • Жер жүйелеріндегі энергия (энергия көздері, ғаламдық климат);

  • Жер жүйелеріндегі өзгерістер (тақталар тектоникасы, геохимиялық айналымдар, жасампаз және қиратқыш күштер);

  • Жер тарихы (қазбалар, шығу тегі және эволюциясы);

  • Ғаламдағы Жер ғаламшары (тартылыс күші, күн жүйесі)

Технологиялық жүйлер

  • ғылыми сыйымды технологиялардың рөлі (технологиялық проблемаларды шешу, адамдарға көмек беру, зерттеуді жоспарлау және жүргізу);

  • ғылым мен технологияның өзара байланысы (ғылымның дамуын технологиямен қамтамасыз ету);

  • ұғымдар (оңтайландыру, ымыра, қауіп-қатер, пайда);

  • негізгі аспектілер (өнертабыс, проблемаларды шешу)

PISA халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Зерттеудегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге оқушыларға математиканың олардың өмірінде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседі [2, 19 б.; 6, 52 б.].

Математикалық сауаттылықтың екі негізгі ұстанымы бар: математикалық іргелі идея және математикалық құзыреттілік. Математикалық іргелі идея – бұл топ шынайы әрекеттілік, жалпы математикалық түсінік туралы байланыс.

Математикалық іргелі идеяларды қалыптастыру аумағы «Өзгерістер мен қатынастар», «Кеңістік және форма», «Белгісіздік» бөлімдерінің тест тапсырмаларынан тұрады (2-кесте).

2-кесте – Математикалық іргелі идеялар


Бөлімдері

Сипаттамасы

Өзгерістер мен қатынастар

– өзгермелілердің әртүрлі процестердегі өзара байланысы, яғни алгебралық материал;

– объектілер арасындағы мерзімдік және тұрақты байланыстар жиыны;

– өзара байланысқан объектілер жүйелерінде элементтер бір-біріне әсер еткенде өзгерістердің болуы;

– өзгерістердің негізгі типтері туралы түсінік және олардың пайда болу себептерін анықтау;

– сипаттау және болжау үшін математикалық үлгілердің қолданылуы


Кеңістік және пішін

– кеңістіктік және жазық геометриялық пішіндер және қатынастар, яғни геометриялық материал;

– сызбанұсқалар, объектілердің сипаты, олардың орналасуы;

– нәрселер туралы түсінік, визуалдық ақпаратты кодтау және қайта кодтау, навигациялар;

– кеңістіктік визуалдау



Белгісіздік

– осы заманғы ақпараттық қоғамға қатысы бар ықтималдық және статистикалық құбылыстар және тәуелділіктер;

– дерек жиынтығына кірістірілген ақпаратты анықтау және жалпылау (қорытындылау);

– көптеген шынайы процестерге тән өзгермеліліктің ықтимал әсерлерін бағалау;

– әртүрлі экономикалық модельді ғылыми тұрғыда болжау



Сандар

– дүниедегі объектілер, қатынастар, жағдайлар мен адамдардың сандық белгілері;

– әртүрлі сандық пікірлер туралы түсінік;

– санға негізделген деректерді түсіндіру және дәлелдеу;

– өлшем бірліктері, есеп-қисап, абсолют шамалар мен көрсеткіштер, салыстырмалы көлемдер, сандық диаграммалар және сызбанұсқалар туралы түсінік;

– арифметикалық ойлау жолын, сандар жиынтықтарын елестетуді, ауызша есептеуді қолдану, калькуляция мен бағалау нәтижесінің негізділігі


Оқу сауаттылығына білім алушының жазба жұмыстарды түсінуі және оларға рефлексия жасауы, өзінің мақсаттарына жету жолында олардың мазмұнын пайдалана алуы, білімінің дамуы және қоғамдағы өмірге белсене қатысу мүмкіндігі жатады. Оқығанын өмірлік мақсаттарға қолдана алу түсінігі мен қабілеті бағаланады [7, 40 б.].

PISA тесті оқу сауаттылығы бағытында алдыңғы қатардағы халықаралық сарапшылар қажет деп таныған мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгіледі. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады.

Мәтін, жағдаят және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында.

Осылайша «білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығы» бағытында зерттеу әдістемесі тек қана оқуды емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының жеке аспектілерін қарастырады. Бәрінен бұрын, жеке хаттарды оқуды енгізетін өз мақсаттары үшін оқу, көркем әдебиетке қызығушылық пен әртүрлі ақпараттық мәтіндер мен нұсқауларды есепке алады.

Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады.



1-сурет – PISA / функционалдық оқу сауаттылығы
Тест сұрақтарын орындау сәттілігі PISA халықаралық емтиханына қатысушы елдердің 15 жастағы білім алушыларының оқу сауаттылығының деңгейлеріне сәйкес топтастырылды. Тест жұмыстарын орындау нәтижелерін сапалы өңдеу үшін PISA халықаралық шкаласы оқушылардың оқу сауаттылығын 7 деңгейге бөліп бағалайды. Әр деңгей оқырман білігінің толық спектрінен құралады. Оған 3 категория енеді – табу және үзінді келтіру (ақпаратты іздеу, іріктеу және жинақтау дағдылары), кіріктіру және түсіндіру (мәтінді түсіну үшін оқылғанды өңдеу), ұғыну және бағалау (білімге, мәтін идеялары мен мағынасына сүйену).

Оқу сауаттылығының әр деңгейіне сай келетін оқу білігінің сипаттамалары әдістемелік осы құралдың 2-бөлімінде келтірілген.



Әдістемелік ұсыныстар. PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсын өткізу үшін осы құралдың қосымшаларында бірқатар әдістемелік әзірлемелер ұсынылады:

  1. Б. Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасы;

  2. Б. Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасын қолданудың практикалық мысалы;

  3. 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сабақ кезеңдерін ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары (А.Қ. Қисымова мен Е.Б. Нұрланованың сабақтың технологиялық картасын қолдану мысалында).

Ұсынылатын әдебиет тізімі 5-қосымшада берілген.

2 ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Функционалдық сауаттылықты зерттеудің бағалау технологиясына әлемдегі 70 елдің 15 жастағы білім алушыларының оқу жетістігінің 6 деңгейі кіреді. Ең жоғары көрсеткіш – 5-ші және 6-деңгей – өз бетінше ойлай алу білігі, жеке болжамдарын талдап ұсыну, 4–3-шілері – жаңа ақпарат алу үшін алған білімдері мен біліктерін пайдалана алу қабілеті, 2-шісі – қарапайым оқудан тыс жағдайларда алған білімдері мен біліктерін пайдалана алу, 1-деңгей – қарапайым білімнің төменгі деңгейі және тапсырманың табысты орындалуының кішігірім мүмкіндігі [2, 8 б.].

PISA-да жекелеген елдер нәтижелерінің мазмұндылығын анықтау үшін жаратылыстану сауаттылығының 6 деңгейлік шкаласы қолданылады (3-кесте).


3-кесте – Деңгейлер / жаратылыстану сауаттылығы


Деңгей

Білім алушылар нені танытуы тиіс

1

2

6

– өмірде кездесетін түрлі қиын жағдайларда қажетті жаратылыстану білімін және жалпы ғылым туралы білімді анықтау, түсіндіру әрі қолдану;

– әртүрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды байланыстырып түсіндіру және оларды әртүрлі шешімдерге негіздеу үшін қолдану;

– зияткерлік біліктерін (мысалы, дәлелдеу және негіздеу біліктерін) қалыптастырудың жоғары деңгейін таныту, сондай-ақ, бейтаныс ғылыми және техникалық жағдайларда қолданылатын шешімдерді негіздеу үшін алған білімдерін қолдануға дайындығын көрсету.

– жеке, әлеуметтік-экономикалық және жаһандық жағдайлар контекстінде қабылданған ұсынымдар немесе шешімдерді дәлелдеу үшін өз білімдерін қолдану



5

– өмірде кездесетін көптеген қиын жағдайлардың жаратылыстану аспектілерін айқындау, осындай жағдайларда жаратылыстану білімдерін және жалпы ғылым туралы білімдерін қолдану;

– өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдау үшін дәлелдемелерді және тиісті ғылыми негіздемелерді салыстыру, іріктеу әрі бағалау;

– жекелеген білімдер арасында байланыс құру және жағдаяттарды сыни талдау;

– негізделген түсініктеме құрастыру және сыни талдау негізінде дәлелдемелер ұсыну;

– ғылыми біліктері жақсы жетілген

3- кестенің жалғасы




1

2

4

–жекелеген құбылыстар айшықталған және ғылым немесе технология рөлі туралы қорытынды талап етілгенде әртүрлі жағдайлар мен проблемаларды тиімді талдау;

– жаратылыстану және технологияның әртүрлі бөлімдерінің жататын білім негізінде түсіндірулерді іріктеу немесе жалпылау (қорыту) және түсіндірулерді өмірлік жағдаяттардың жекелеген аспектілермен тікелей байланыстыру;

– жаратылыстану білімдерін және негіздемелерін қолдана отырып, өз іс-әрекетін бағалап, шешімдерін айту


3

– кейбір жағдайларда анық қалыптасқан ғылыми мәселелерді айқындау;

– құбылыстарды түсіндіру үшін қажетті деректер мен білімді іріктеу;

– қарапайым үлгілер немесе зерттеу стратегияларын қолдану;

– жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдерінен түсініктерді тікелей пайдалану және түсіндіру;

– деректерді пайдалана отырып, қысқаша әңгіме құрастыру;

–жаратылыстану білімдерінің негізінде шешім қабылдау



2

– таныс жағдайларда бірдей ғылыми білімдердің негізінде мүмкін боларлықтай түсініктемелер беру;

– қарапайым зерттеулер негізінде қорытынды жасау;

– тікелей байланыстар құру және зерттеу нәтижелері немесе технологиялық шешімдерді нақты түсіндіру


1

– тек таныс жағдаяттарда пайдаланылатын шектеулі білімнің барын таныту;

– айқын құбылыстарды түсіндіру




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет