Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет144/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171
Гидатофиттер – су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея), валиснерия, көптеген шыландар, егеушөп, мүйіз-жапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп (тұңғиық), біразы су қабатында (балдыршөп, суөрік) бос жүреді.
Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, су жапырақ клеткалардың екі қабатынан ғана тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен. Дене беткейлері көлемді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетімпейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де, біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.
Гигрофиттер – ылғалды ормандар, мен өзен аңғарларының батпақты шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесінде жоғарғы ағыс жолымен минеральдық заттардың қозғалуы баяулайды. Басым көпшілігінің жапырағы жұқа, жалаңаш (түксіз), кутикуласы жұқа, устьицелері жабылмайды жапырақтың екі бетінде де орналасады. Орталық цилиндрі нашар жетілген, түтікшелері аз, тамыр жүйесі бетіне жақын орналасқан және аз бұтақтанған. Гигрофиттерге көптеген аройниктер, көкбұталар (верескілер), кейбір қырық буындар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.
Мезофиттер – орташа ылғалды ортада тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштары мен бұталары: шалғын және орман шөптесін өсімдіктерінің басым көпшілігі (қызылбас беде, шалғын атқонағы, меруертгүл, сныть), егістік дақылдардан – қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдардың пыстадан басқасының бәрі; Көкөніс дақылдарының көпшілігі; сәбіз, қызанақ, қырыққабат т.б. жатады.
Ксерофиттер – ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер. Олар су теңдестігін (балансын) әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Бұған әр түрлі тіршілік формалары жатады, олардың бірсыпырасы алдыңғы тарауларда берілген. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақты суккуленттер (кактустер, агава) сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы (дрок, қылша). Бейімделу белгілеріне жапырақ тақтасының көлемін кішірейту (жусандар), жапырақтың тікенекке айналуы (жантақ), жапырақ тақтасының түтікше тәрізді ширатылуы (қау), қалың түктермен жабылуы (аюқұлақ) сияқты буландыруды азайтатын, өсімдікті қызып кетуден сақтатын белгілер жатады. Ксерофиттердің құрғақшылыққа бейімделу белгілері (ксероморфты) анатомиялық құрылысында да анық байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет