Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары.
Бұларға жататындар:
Шатыр гүл. Гүл шоғының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағағтар кетеді. Олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады (пияз).
Шоқпарбас гүл. Бұл негізгі өсі қысқарған және аздап етженді болып келетін, ал оның үстінгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді. Нәтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғы түзіледі.
Себет гүл. НЕгізгі өсі табақша тәрізді болып жалпайған, оның үстіңгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады. Себетінің астыңғы жағынан жоғарғы ұсақ жапырақтары черепица тәрізді болып жауып тұрады (гүлкекре – василек, ромашка, күнбағыс).
Достарыңызбен бөлісу: |