Гүл шоғы (гүл шоғыры)
Гүл шоғыры деп өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тарамдалған, гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буындарында жапырақтар орналасады. Олар өркеннің вегетативтік жапырағына ұқсас болуы да, немесе түрі өзгерген, фотосинтездік қабілетін жоғалтқан болуы да мүмкін. Бұларға гүлдің жабындық жапырақтары (перицветники) және гүл сағағының жабындық жапырақтары жатады.
Гүл шоғының жекелеген гүлдерден биологиялық артықшылықтары болады. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
гүл шоғында тозаңданудың жүру мүмкіндігі бірден-бір арта түседі;
гүл шоғындағы гүлдердің біртіндеп ашылуына байланысты, олардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |