Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы Күрделі моноподиальды гүл шоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса онда олар шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүл шоғына мыналар жатады.
Сыпыртқы гүлшоғы. Сыпыртқы гүл шоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарыларына қарағанда жақсы дамып, күшті тармақталған болып келеді.
Қалқанша гүлшоғы. Қалқанша гүл шоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғары гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүл шоғындағы гүлдердің барлығы бір деңгейде орналасады (мыңжапырақ, түймешетен).
Күрделі масақ.Күрделі масақтың негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып, бүйірлік тармақтар береді. Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз, отырмалы болып орналасады. Оларды масақшалар, ал тұтастай гүл шоғын күрделі масақ деп атайды.
Күрделі шатыр. Гүл шоғының қысқарған негізгі өсінен ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың барлығына ортақ орама жапырақшалар (общая обвертка), ал гүл сағағтарының түп жағында жекелеген орама жапырақшалар түзіледі.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегатты гүл шоқтары дер әртүрлі гүлшоқтарының типтерінің бірігіп бір гүл шоғын түзуін айтады.