Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет133/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   171
Жемістің квалификациясы
Жемістер алуан түрлі болып келеді. Оның өзі жабық тұқымды өсімдіктердің систематикалық топтарының ұшы – қиыры жоқ көп түрлілігімен және жемістердің өздерін тарататын агенттерге бейімделушілігімен байланысты болады. Бұл жемістердің филогенетикалық классификациясын жасауды қиындатады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген филогенетикалық классификация гинецейдің типіне негізделген. Қарапайым апокарпты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал эволюциялық тұрғыдан қарағанда жақсы жетілген ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Алайда, осы екі топтың одан арғы классификациясы өте күрделі және өсімдіктерді анықтау практикасында қолдануға келмейді. Сондықтан жемістердің айқын жасанды морфологиялық классификациясына сүйенуге тура келеді.
Жемістерді жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Егер жеміс тек гүлдің бір аналығында ғана дамыса- ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса күрделі болып табылады. Кейде жай жеміс ұяларға ыдырайды, немесе бір тұқымды бөліктерге яғни бунақтараға көлденең перделер арқылы бөлінеді. Күрделі жемістерді біріккен жемістер деп атайды.
Жай және күрделі жемістердің одан арғы классификациясын жасағанда мынадай белгілерді: перикарпийдің консистенциясын, тұқымның санын, перикарпийдің қақырауын, жеміс беретін жеміс жапырақшаларының санын негізге алады. Сонымен, жабық тұқымды өсімдіктердің шырынды және құрғақ жемістер деп, екі топқа айырады. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол клеткалардан түзілген мезокарпиі жақсы дамыған. Экзокарпиі мен эндокарпиі кейде тек сыртқы және ішкі эпидермис түрінде ғана болады. Көбіне олар көп қабатты.
Құрғақ жемістерде шырындыларға қарағанда, мезокарпиі нашар дамыған. Кейде ол тіпті бір қатар клеткалардың тізбегінен ғана тұрады. Құрғақ жемістердің көпшілігінің мезокарпиі көп қабатты болады. Мұндағы мезокарпий клетка ішілік заттарын жоғалтқан парехималық, склеренхималық және қабыршық клеткаларынан түзілген.
Тұқымдардың жемістерден босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі учаскелерінде арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көп тұқымды, қақырақ жемістерге тән. Қақырамайтын жемістердің перикарпилері механикалық жолмен немесе микроорганизмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады.
Құрғақ жемістің перикарпиі сүректелген болып келеді. Құрғақ жемістер: қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер: шиелі жемістер және сүйекті жемістер болып бөлінеді.
Жемістерді құрғақ және шырынды деп бөлу тек қана олардың морфологиялық белгілеріне негізделген. Бұл практикада жиі қолданылатын, жемістердің сыртқы морфологиялық белгілерді жақсы көрсететін, пайдалагуға ыңғайлы жемісьердің морфологиялық классификациясы. Бірақ мұндай классификация жемістердің эволюциялық даму сатыларын көрсетпейді, сондықтан да оның ғылыми тұрғыдан маңызы шамалы.
Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуы мүмкін. Бұларды қорапша тәрізді жемістер деп атайды. Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді:

  1. Таптама – бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс; апокарпты гинецейден біріккен таптама түзіледі.

  2. Боб- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көптұқымды, екі жағынан қақырайтын жеміс. Бобтар спирал тәрізді бұралған, бір жемісті, бунақты болып келеді.

  3. Бұршаққын, бұршаққынша – екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, қос ұялы, тұқымы тік орналасқан, жалған пердесінің ұзына бойындағы рамкелерге бекініп тұратын, екі жағынан қақырайтын жеміс. Бұршаққынша бұршаққыннан ұзындығы мен көлденеңінің арақатынасына қарай ажыратылады. Бұршаққынның ұзындығы көлденеңіне қарағанда 3-4 есе, кейде одан да артық болады. Егерде осы тәрізді жемістің ұзындығы көлденеңінен 2,5 еседен аспаса, оны бұршаққынша деп атайды. Бұршаққынша бунақты болып келуі де мүмкін.

  4. Қорапша – екі немесе одан көп жеміс жапырақшасынанпайда болған, көптұқымды, бір немесе көп ұялы болатын жеміс. Қорапшаның ашылуының әртүрлі жолдары бар: тесіктері, қақпақшасы, тістері, жақтаулары және т.б. арқылы ашылады.

Қақырамайтын құрғақ жемістердің перикарпиі құрғақ, бір тұқымды болып келеді. Бұларды жаңғақ тәрізді жемістер деп те атайды.
Бұған жататындар:

  1. Жаңғақша – перикарпиі қатайып сүректенген, бір тұқымды, жоғарғы гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Апокарпты гинецейдентоптасқан жаңғақша пайда болады. Филогенетикалық тұрғыдан қарағанда, көп жағдайда жаңғақшалар көп тұқымды жемістердің, тұқым бүршігінің редукцияға ұшырауының нәтижесінде пайда болған.

  2. Жаңғақ – перикарпиі қатайып сүректенген бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған құрғақ жеміс. Оның түп жағы біріккен жабындық жапырақтардан пайда болған тостағанша тәрізді қосымшамен қапталған болып келеді.

  3. Шошқа жаңғақ – перикарпиі сүректенген, бірақ онша қатты болмайтын, бір тұқымды, төменгі гүл түйінінен пайда болған жеміс. Оның түп жағы тостағанша тәрізді қосымшамен қапталған болады.

  4. Тұқымша – екі жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болған, қауыз тәрізді перикарпиі тұқыммен тұтаспаған, бір тұқымды құрғақ жеміс.

  5. Дән – құрғақ, бір тұқымды, перикарпиі тұқыммен тұтасып бірігіп кеткен жеміс; ол бір жеміс жапырақшасынан тұратын, жоғарғы гүл түйінінен пайда болады.

  6. Қанатты жеміс – екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, перикарпиі тұқыммен бірікпеген, қауыз немесе жарғақ тәрізді қанатшаға ұқсас өскін беретін, екі ұялы құрғақ жеміс.

Шырынды жемістер жоғарыда айтылғандай жидекті жемістер және сүйекті жемістер болып екіге бөлінеді.
Жидекті жемістерге перикарпиі етженді болып келетін, көп жағдайда көп тұқымды жемістерді жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет