Дәріс № 13
Дәрістің тақырыбы: Тұқымның дамуы
Қарастырылатын сұрақтар:
Тұқымның классификаициясы
Тұқымның дамуы
Ұрық пен эндоспермнің дамуы
Дәрістің мақсаты:
Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралған мүше. Ол сырты жемісқаппен қапталған ұрықтан және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшердекеліп тұрса ісініп өтеді.
Тұқымның классификациясы
Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты эндоспермде, периспермде, ұрықта, эндоспермде және периспермде, эндоспермде және ұрықта тұқымның бес типі болады.
Эндоспермі бар тұқым
Сұлының дәнінің сыртын біршама жарғақ қабат тығыз болып жауып тұрады. Оны дәннің ішкі бөлігінен ажырату қиын. Бұл дәннің қауызымен бірігіп кеткен жемісқап болып табылады. Дән бір тұқымды жеміс болып саналады. Оның ішінде кішкентай ұрық пен эндосперм болады. Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда болашақ өсімдіктің вегетативтік бастамасы болады: ұрықтық тамырша тамыр оймақшасымен, тамырдың қынапшасынемесе колериза, ұрықтық сабақша және бүршікше. Онда ұрықтық жапырақшалармен қоршалған сабақтың өсу конусы жақсы байқалады. Сыртқы ұрықтық жапырақша колеоптиле деп аталынады. Ол бүршікшені топырақ арқылы өткенде қорғап тұрады. Жалғыз тұқым жарнағы эндоспермге жанасып жатады, оны қалқанша деп атайды. Сабақшаның қалқаншаға қарама-қарсы жағында эпибласт орналасады. Ол редукцияға ұшыраған екінші тұқым жарнағы болса керек. Эндоспермнің шет жағында алейрон дәндері деп аталынатын белоктың түйіршіктерінен тұратын клеткалардың қатары болады. Бұл алейрон қабаты, оның астындағы клеткаларкүрделі крахмал дәндерімен толтырылған болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |