Дәрістің тақырыбы: Өсімдіктердегі спорогенез және гаметогенез
Қарастырылатын сұрақтар:
Микро және мегаспорогенез.
Тозаңдату.
Ұрықтану.
Микроспорогенез және тозаңның түзілуі
Дәрістің мақсаты:
Тозаңқаптың ұясының ортаңғы бөлігін спора түзетін ұлпа алып жатады. Оның диплоидты клеткалары мейоз жолымен бөлінеді, нәтижесінде әрбір аналық клеткадантөрт-төрттен гаплоидты микроспора жетіледі. Микроспораның цитоплазмасы тығыз, ал ядросы үлкен болып келеді.
Микроспора әдеттетозаңқаптың ішінде жатып-ақ өсіп аталық гаметофит – тозаң түзеді. Микроспора өсе келе митоз жолымен бөлінеді. Нәтижесінде кішкентай генеративтік клетка және үлкен түтікше клеткасы түзіледі. Тозаң дәні сыртынан, екі қабаттан тұратын спородермамен қапталады: сыртқы- экзиннен және ішкі- интиннен. Экзиннің бойына сіңген және бір немес бірнеше өскіндік поралары болады. Интин целлюлозадан тұрады, жұқа, майысқақ болып келеді жәнепоралары болмайды.
Мегаспорогенез және ұрық қалтасының түзілуі
Нуцеллустың клеткасының біреуі, археспоральды деп аталынады, ол мейоз жолымен бөлініп төрт гаплоидты мегаспора береді. Келешегінде мегаспораның үшеуі өліп, тек біреуі ғана, әдетте халазаға қарағаны ғана сақталады. Мегаспора, микроспора секілді барлық уақытта бір ядролы. Оның көлемі ұлғайып өседі. Ядросы үш еет, бірінен соң бірі методикалық жолмен бөлінеді. Бірінші бөлінуден кейін екі ядро түзіледі, олар қарама-қарсы полюстерге жылжиды, сол жерден келесі екі бөлініс жүрді. Нәтижесінде полюстердің әрқайсысында төрт-төрттен ядро болады. Сегіз ядроның бәрі де алғашқы ядро секілді гаплоидты болып келеді. Әр полюстен үш ядро клетка болып қалыптасады. Микропилярлық полюсіндегі клеткалардың біреуі аналық гаметаға, яғни жұмыртқа клеткасына, ал қалған екеуі серіктік клеткаларға айналады. Халазалық полюстегі үш клетканы антиподтар деп атайды. Қалған екі ядро орталыққа қарай жылжиды да, біраз уақыт өткен соң қосылып, диплоидты орталық ядроны (2n) түзеді. Осылайша ұрық қалтасы деп аталынатын құрылым, аналық гаметфит жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |