Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет121/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   171
Андроцей
Бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны көп мөлшерде- бірден бірнеше жүзге дейін ауытқып отырады. Аталықтары не жеке-жеке бос орналасқан немесе әртүрлі деңгейде біріккен болып келеді. Егер аталықтардың барлығы біріккен болса, онда оларды бір ағайынды, аталықтардың біреуі бос қалып, қалғандары біріккен болса- екі ағайынды, ал егерде аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса- көп ағайынды аталықтар деп атайды. Аталықтардың биіктіктері бірдей болуы да немесе әртүрлі болуы да мүмкін. Биіктіктері әртүрлі болып келетін аталықтарды мынадай топтарға бөледі: екі жақсы жетілген аталығы болатын, үш жақсы жетілген аталығы болатын және т.б. Екі жақсы жетілген аталығы болған жағдайда, аталықтың екеіу басқаларынан биік болады, ал үш жақсы жетілген аталығы болғанда, аталықтың үшеуі басқаларынан биік болады.
Аталық. Қалыпты жағдайда аталықекі бөліктен тұрады- аталық жіпшесінен және тозаңқаптан.
Аталық жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапайым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, әртүрлі формада, бүйірлік өскіншелер жетіледі. немесе бұтақтанады. Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы аталық деп атайды.
Тозаңқап әдетте “текалар” деп аталатын екі жартыдан тұрады, ал ол жартылары бір-бірімен дәнекер арқылы біріккен. Кейде дәнекерді аталықтың жеке бөлігі ретінде қарастырады, бірақ та микроскоппен қарағанда оның ұлпасының тозаңның ұлпасынан айырмашылығы болмайды. Әрбір тека екі ұядан немесе тозаңқаптан тұрады. Тозаңқаптың сыртын бір қабат эпидермис қаптап тұрады. Бұл микроспорофилдің қалдығы болып табылады. Тозаңқаптың тереңдеу орналасқан ұлпалары микроспоранияға жатады. Эпидермистің астында жатқан қабатты эндотеций деп атайды. Эндотецийдің клеткалары, клетка ішілік тірі заттарын ерте жоғалтады, олардың қабырғаларынан тозаңқаптың жарылуына мүмкіндік жасайтын фиброзды белдікшелер бөлінеді. Эндотецийдің астындағы, жас тозаңқапта, ортаңғы қабат және төсеніш қабат орналасады. Төсеніш қабаттың клеткалары ірі, цитоплазмасы қою және бірнеше ядросы болады. Әрбір ұяның ортасында спора түзетін ұлпа болады, оның клеткаларынан алдымен микроспоралар, содан соң тозаң түзіледі. Тозаңқап піскен кезде төсеніш қабат пен ортаңғы қабаттың клеткалары жойылады, өйткені олар клетка ішілік заттарының барлығы өсіп келе жатқан микроспоралар мен тозаңдардың түзілуіне жұмсалады. Тозаңдардың құрылысы бірдей, бірақ оның жабынының морфологиясы алуан түрлі болып келеді. Өсімдіктердің кейбір түрлерінің аталықтарының бір бөлігінің, тозаңдығы болмайды және олар жіпшелер түрінде ғана беріледі. Мұндай стерилді аталықтарды стаминодийлер деп атайды, олар көп жағдайда шірнеліктерге айналып кетеді.
Гинецей
Бұл бір гүлдегі аналықтардың жиынтығы. Бір жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді, бір мүшелі, ал бірнеше жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді көп мүшелі деп атайды. Егерде көп мүшелі гинецейдің жеміс жапырақшалары бір-бірімен бірікпеген болса және көп аналық түзсе онда мұндай гинецейді апокарпты деп атайды, ал егер жеміс жапырақшалардың бір-бірімен бірігуінің нәтижесінде бір ғана аналық түзетін болса, онда мұндай гинецейді ценокарпты гинецейді деп атайды. Ценокарпты гинецейдің гүл түйінінде қанша бағана болса, оның сонша жеміс жапырақшасы болады. Гүл түйінінде қанша ұя немесе тегіс болса, аналықтың аузының сонша жақтауы болады.
Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген белгілердің барлығын ескеріп отыру керек, өйткені олардың белгілерінің біреуі жеміс жапырақшаларының санын барлық уақытта дәл көрсете бермеуі мүмкін.
Аналық. Бұл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшалардың бірігіп кетуінің нәтижесінде түзілетін, тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс. Аналық гүл түйінінен, аналықтың мойынынан және аналықтың аузынан тұрады. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келеді.
Гүл түйіні гүлдің басқа бөлітеріне қатынасына қарай жоғары және төменгі болып бөлінеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл тұғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні тек жеміс жапырақшалардан түзілсе, онда мұндай гүлдің гүл түйіні жоғары болып келеді. Мұндай үгл түйінінің препаральды инемен оңай бөліп алуға болады. Төменгі гүл түйінінің түзілуіне, жеміс жапырақшалармен қатар, гүлдің басқада бөліктері қатысады. Яғни гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері жеміс жапырақшаларымен бірге гүл түйінімен бірігіп кетеді. Сондықтан да мұндай гүл түйінінің гүл тұғырынан препаральды ажырату мүмкін емес. Гүл түйіні жартылай төменгі болып келген гүлдерде, гүлдің барлық мүшелері гүл түйінімен, кем дегенде түп жағымен біріккен болып келеді.
Бір-бірімен қарым-қатынаста болатын ұялардың санына байланысты, гүл түйіні бір ұялы, екі ұялы, көп ұялы болып келеді.
Гүл түйінінің ішінде тұқым бүршігі пайда болады. Тұқым бүршігінің гүл түйінінің қабырғасына бекінетін жерін “плацента” деп атайды. Тұқым бүршігі плацентаға тұқым аяқшасы арқылы бекініп тұрады. Тұқым бүршігін сыртынан екі жабындық қабат жауып тұрады. Сыртқы қабаты “интегумент” деп аталынады, оның жоғарғы жағы қосылмай тозаң кіретін тесік қалдырады. Тұқым бүршігінің түп жағы “халаза” деп аталынады, ол тұқым бүршігінің тозаң тесігіне қарама-қарсы ұшында орналасады. Жақсы жетіліп қалыптасқан тұқым бүршігінің интегументінің астында көп клеткалы ұлпа “нуцеллус” орналасады. Оның клеткаларының біреуі археоспоральды клеткаға айналады. Одан төрт мегаспора түзіледі. Оның біреуі өсе келе сегіз ядролы ұрық қалтасына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет