Гүлдің формуласы мен диаграммасы
Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде мынадай белгілерді пайдалану керек: тостағанша жапырақша (Calex)- Ca, күлте жапырақша (Corolla)- Co, аталықтары (Androeceum)- A, аналықтары (Gynjtceum)- G, қарапайым гүлсерігі (Perigonium)- P. Гүлдің типтерінің де шартты белгілері болады: қос жынысты- о, аналық гүл- n, аталық гүл- о, дұрыс гүл-*, бұрыс гүл-↑ немесе ↓, ассимметриялы- ↓.
Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5- жапырақшалы күлте- Со5, 6- мүшелі андроцей А6), егерде олардың саны бір түрдің әртүрлі особьтарының гүлдерінде тұрақты болмаса (әдетте 12- ден көп болса)- шексіздікпен белгілейді.
Гүлдің жапырқшалары бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда, олардың цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5- мүшелі күлте- Со(5), екі ағайынды андроцей- А(9)+1). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше шеңбер түзіп орналасса, онда жекелеген шеңберлердің мүшелерінің санын көрсететін цифрлардың арасы + белгісімен байланыстырылады (Со(5+5)).
Формулада гинецейді түзетін жеміс жапырақшаларының саны көрсетілуге тиісті. Егерде жеміс жапырақшалары бірнешеу болса, онда олар бір-бірімен біріккен бе немесе бірікпей әрқайсысы жеке аналық түземе, гүл түйінінің орналасуы қандай- жоғарғы ма немесе төменгі месоларға көңіл бөліп, дұрыс белгілеу керек. Сонымен қалтагүлдің формуласын былай жазуға болады: * Р5 А∞ G∞-, алманың формуласын- *Са(5) Со(5) А∞ G(5), асбұршақтың формуласын: ↑ Са(5) Со3+(2) А(9)+1 G1.
Гүлдің құрылысы жөнінде бұдан да толығырақ ұғымды диаграмма береді, ол дегеніміз гүлдің өске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы проекциясы болып табылады. Диаграмма гүлдің бөліктерін және олардың мүшелерінің санынкөрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олардың олардың орналасу ерекшеліктерін де көрсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бірдей тәсілі қолданылады: гүл шоғының өсін жоғары жағына, ал жабындық жапырақты төменгі жағына орналастырады. Гүлдің жекелеген мүшелері бір-бірімен біріккен болса, онда олардың арасын доғамен немесе түзу сызықпен қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |