Жыныстық органдарына қарай бөлінуі. Егер бір гүлде аталық пен аналықтың екеуі де болса, онда мұндай гүлді қос жынысты деп атайды. Дара жынысты гүлдердің не аталықтары не аналықтары болмайды. Соған байланысты оларды аталық және аналық гүлдер деп бөледі. Егер бір өсімдікте аталықта, аналықта гүлдер болса, онда мұндай өсімдікті бір үйлі өсімдік деп атайды. Егер аталық гүл бір түрдің бір экземплярында болса, онда мұндай өсімдікті екі үйлі өсімдік деп атайды.
Гүлсерігі
Бұл гүлдің ұрықтануға қабілетсіз бөлігі. Ол қорғаныштық қызмет атқарады және сонымен бірге гүлді тозаңдандыратын насекомдарды өзіне еліктіріп, шақырып тұрады. Гүлсерігі түсінің бояуы әртүрлі болып келетін тостағанша және күлте жапырақшалардан тұратын болса, онда оны қосарланған гүл серігі деп атайды. Ал егер гүл серігі бір түске боялған болса, онда оны қарапайым гүлсерігіне жатқызады. Қарапайым гүл серігі не тостағанша жапырақшалардан, не болмаса күлте жапырақшалардан тұрады. Қарапайым тостағанша жапырақшалардантұратын гүл серігі әдетте жасыл, ал қарапайым күлте жапырақшалардан тұратын гүл серігі ашық түске боялған болып келеді. Гүлсерігі болмайтын гүлдерді жалаңаш гүлдер деп атайды. Бұларға тал мен шаған мысал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |