Дәрістің тақырыбы: Репродуктивті органдар. Гүл
Қарастырылатын сұрақтар:
Гүлдің құрылысы
Гүл серігі
Андроцей, гинецей
Гүлдің формуласы мен диаграммасы
Дәрістің мақсаты:
Гүл морфологиясы. Гүл мүшелері, актиноморфты, зигоморфты гүлдер, гүлсеріктері туралы жалпы түсінік беру микроспорогенез, мегоспорогенез ұрық қалтасының дамуы, тұқым бүршіктері олардың бір-бірінен айырмашылығы. Гүл жатыны, оның түрлері (жоғарғы, төменгі, ортанғы), оларға мысал келтіріп, түсіндіру. Гүл шоғыры, оның түрі, биологиялық мәні туралы айту.
Гүл дегеніміз түрі өзгерген, қысқарған өркен. Ол микро және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозаңданудың және одан әрі жыныстық процестің негізінде тұқым және жеміс түзіледі.
Құрылысы. Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан тұрады. Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақтаға, кейдк тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі. Гүл тұғырына түрі өзгерген жапырақтар орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар. Көп жағдайда олар шеңбердің бойымен орналасады. Мұндай гүлдерді циклдық деп атайды. Циклдық гүлдер әдетте бес немесе төрт қатар шеңбер түзеді: бір қатар шеңберді тостағанша жапырақшалар, бір қатарды- аналықтар түзеді. Гүл жапырақшалары гүл тұғырына спиральдың бойымен орналасқан гүлдерді ациклдік гүлдер деп атайды. Гүл жапырақшаларының біреулері гүл тұғырына шеңбердің бойымен, ал екіншілері спиральдың бойымен орналасқан болса, онда мұндай гүлдерді аралық немесе гемициклдық гүлдер дап атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |