Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет113/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   171
Дихотомиялық жүйкелену- бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша тәрізді болып тармақталады; жүйкеленудің мұндай түрі тұқымды өсімдіктердің ішіндегі гинкгоға тән.
Торлы жүйкелену- бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер көптеген бүйірлік тармақтар береді, нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі. Жүйкелердің бұл типі табиғатта аса кең таралған.
Доғалы және параллель жүйкелену. бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғары ұшына жейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей, жан-жаққа бүйірлік тармақтар бермейтін жүйкелер өтеді. Бір жағдайда олар параллель, ал екінші жағдайда – доға тәрізді болып келеді.
Жапырақтың алуан түрлілігі. Жапырақтарды жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер бір сағаққа бір ғана жапырақ тақтасы орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды жай жапырақтарға жатқызады. Егер бір сағаққа бірнеше жапырақ тақтасы орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды күрделі жапырақтарға жатқызады.
Жай жапырақтар шөптесін өсімдіктерге тән. Жапырақтарды, олардың көптеген белгілерін ескере отырып классификациялайды. Олардың бірқатарн осында келтіреміз.
Тақтасы ұсақ болып келетін жапырақтар: тақтасының формасына қарай- жұмыртқа тәрізді, дөңгелек, ланцет, элипс, сопақша, таспа тәрізді және т.б. Тақтасының жоғарғы ұшының формасына қарай- доғал, үшкір, үшкірлеу, ойыстау; тақтасының түп жағының формасына қарай- жүрек тәрізді, жұмыр, сына, садақ, сүңгі тәрізді; тақтасының шеттернің формасына қарай- шеттері тегіс, ара, тіс, дөңес, ойыс болып келеді.
Тақтасының шеттері ойыс болып келетін жапырақтар: ойығының терңдігіне байланысты- қалақты, жекелей тілімделген. бөлінген; ойықтарының орналасуына қарай- үш құлақ, саусақ салалы, күрделі қауырсынды болып бөлінеді.
Егер қауырсынды бөлінген жапырақтың үлкен бөлігі кішкентай бөлігімен алмасып келіп отырса, онда оны үзік қауырсынды бөлінген жапырақ деп атайды. Кейде жапырақ тақтасы екі рет немесе бірнеше рет бөлінген болады.
Күрделі жапырақтар, жапырақшаларынң сағаққа орналсуына қарай классификацияланады: күрделі саусақ салалы жапырақшалары сағақтың басында бірдей деңгейде және азды-көпті радиальды бағытта шашыраңқы орналасады. Күрделі қауырсынды жапырақшалары сағақтың ұзына бойына екі жағынан бірдей орналасады және оның ұшы бір жапырақшамен немесе екі жапырақшаменаяқталуы мүмкін; үш құлақжапырақ мұндай жапырақтың сағағында тек үштен ғана жапырақша орналасады. Күрделі қауырсынды жапырақтың конструкциясы кейде біршама күрделі болады- екі рет және бірнеше рет күрделі қауырсындалған болып келеді.
Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
Жапырақтың негізгі атқаратын қызметіне- фотосинтез, судың булануын, газдың алмасуын реттеу жатады. Жапырақ тақттасы эпидермадан, мезофиллден, өткізгіш шоқтарынан тұрады.
Буктің жапырағының эпидермисінің клеткаларының кутикуласы астыңғы эпидермасының клеткаларының кутикуласына қарағанда біршама қалың болып келеді. Үстіңгі эпидермасында устьца аппаратттары болмайды. Үстіңгі эпидерма мен астыңғы эпидерманың арасында ассимиляциялық паренхималардан тұратын мезофилл жатады. Оның жоғарғы эпидермаға жақын орналасқан клеткаларының формасы ұзынша созылған, тығыз орналасқан және клетка аралық қуыстары болмайды. Бұл бағаналы паренхима. Онда негізінен фотосинтез процесі жүреді. Астыңғы паренхимаға жақын жерде клетка аралық қуыстар үлкен, біршама дөңгелектеу болып келген клеткалар- борпылдақ паренхима орналасады. Оның атқаратын қызметі- газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Мезофиллде бір-бірінен белгілі бір қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі жүйке үстіңгі эпидермистен астыңғы эпидермиске дейінгі жапырақтың қалыңдығының барлығын түгелдей дерлік алып жатады. Ксилема жапырақтың үстіңгі бетіне қарай, ал флоэма астыңғы бетіне қарай бағытталған. Яғни бұл жабық коллатеральды шоқ. Ол склеренхимамен қапталған. Шоқтың жоғарғы және төменгі жағында эпидермаға жанасып колленхима жатады. Жүйкенің тармақталуының қатары жоғарылаған сайын, шоқтан біртіндеп оның флоэмалық бөлігі жойылады да, қарапайым формаға келеді. Сонымен буктың жапырағының дорсальды және вентральды жақтары әртүрлі қызмет атқарады және соған байланысты құрылыстары да әртүрлі болады. Мұндай жапырақтар дорсинвентральды деп аталады. Олар өсімдіктердің көпшілігіне тән.
Жүгерінің жапырағының үстіңгі эпидермисінің клеткаларында екі түрлі қарапайым түктер болады: қысқа біз тәрізді және ұзын жіп тәрізді.
Жапырақтың үстінен көтеріліп көрініп тұратын, ұзын түктердің эпидермисінің түп жағының клеткалары біршама үлкен болады. Эпидерманың сыртын кутикула жауып тұрады. Үстіңгі және астыңғы эпидермаларының екеуінде устьице аппараттары болады. Өткізгіш шоқтары жабық, коллатеральды, ксилемасы жапырақтың үстіңгі жағына, ал флоэмасы астыңғы жағына қарай бағытталған болады. Шоқтары үлкен де және кіші болады. Әрбір шоқ, дөңгелек, қабықшалары жұқа болып келетін, хлоропластары жоқ клеткаларымен қоршалып тұрады. Осы клеткаларда фотосинтез процесінің өнімдері жиналады. Мезофилл ұсақ шоқтардың айналасын қоршай орналасқан, азды-көпті біртектес клеткалардан тұрады. Жапырақ тақтасының ортаңғы жұқа бөлігінде, мезофилл оның тек төменгі жағында ғана болады, ал қалған кеңістігінің барлығы хлорофиллі болмайтын үлкен клеткаларымен үлкен клеткалармен толтырылған. Жапырақтың осы бөлігінде, эпидермистің астында, склеренхиманың сүректенген сілемдері орналасады. Олар жапырақ тақтасының астыңғы жағынан, шоққа дейін жететін шығыңқы төмпешіктер түзеді. Жапырақ тақтасының қалған бөліктерінде, склеренхиманың субэпидермалық сілімдері, үлкен өткізгіш шоқтарының екі жағынан бірдей жанасып қоршап тұрады. Сонымен жүгерінің жапырағының екі жағы да бірдей қызмет атқарады. Бұл изолатеральды жапырақ. Құрылысы мұндай болып келу, біршама вертикальды бағытта орналасқан жапырақтарға тән.
Қылқан жапырақты өсімдіктердің қылқан деп аталатын жапырағының құрылысы ерекше болады. Қарағайдың қылқанының қорғаныс қызметін атқаратын жабыны мынадай екі қабаттан тұрады- эпидермадан және гиподермадан. Эпидерма кутикуланың қалың қабатымен жабылған болады. Көлденең кесіндісінде, оның клеткаларының формасы квадрат типтес, қабықшалары қалың болып келеді. Жапырақтың екі бетінде де, гиподерманың деңгейіндегі ойыстау жерлерде устьица аппараттары орналасады, олардың астында үлкен ауа қуыстары болады. Ескі жапырақтарының эпидермисінің клеткаларының қабықшарһлары сүректенеді. Гиподерма бір қатар, бұрыштарында 2-3 қатар, қабықшалары аздап қалыңдалған сүректелген, клеткалардан тұрады. Оларда бойына суды жинау және механикалық қызметте атқарады. Гиподерманың астында мезофилл орналасады. Ол қабықшалары кейбір жерде клетка қуысының ішіне өтіп, қатпарлар түзетін клеткалардан тұрады. Бұл цитоплазманың хлоропластары бар, клетка қабықшасына жақын орналасқан қабатының көлемін біршама ұлғайтады. Яғни клетканың фотоситез процесі жүретін бөлігінің де көлемі ұлғаяды деген сөз. Смола жолдары қатпарлы паренхиманың әр жеріне өтіп жатады. Жапырақтың қатпарлы паренхимадан, эндодерма арқылы бөлініп тұратын, ортаңғы бөлігінде, коллатеральды типті екі өткізгіш шоғы орналасады. Олардың ксилемалық бөлігі қылқанның жалпақ жағына, ал флоэмалық бөлігі дөңес жағына қарай бағытталған болады. Яғни морфологиялық тұрғыдан қарағанда қылқанның жалпақ жағы оның үстіңгі беті, ал дөңес жағы оның астыңғы беті болып табылады. Өткізгіш шоқтарының арасында механикалық ұлпа орналасады. Жапырақтың ортаңғы бөлігінің қалған кеңістігін паренхималық клеткалар толтырып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет