Жапырақтың бөліктері. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырақтары сағақтары арқылы (сағақты жапырақ) сабаққа бекінген, азды көпті жалпақ тақтадан тұрады. Сағақ жапырақ тақтасын күннің жарығына қарай бағыттайды. Егер сағағы болмаса, онда мұндай жапырақты отырмалы деп атайды. Егер отырмалы жапырақтың тақтасының біраз бөлігі сабаққа жабысып өскен болса, онда мұндай жапырақты қозғалмайтын (нисбегающий) деп атайды. Көп жағдайда сағақтың түп жағында бір пар бүйірлік өсінділері – жапырақ серіктері (прилистники) болады. Әдетте олар жапырақ тақтасынан кіші болады. Бірақ кейбір өсімдіктердің жапырақ серіктері жапырақ тақтасынан үлкен болады және жапырақпен бірдей қызмет атқарады (бұршақ тұқымдастары). Егер жапырақ серіктері біріккен болса, онда жапырақ қынапшасы (раструб) түзіледі (гречиха гүлдер). Кейде сағақтың түп жағы кеңейіп, сабақты түгелдей орай қамтитын влагалищеге айналады (шатыргүлділер). Астық тұқымдастарының жапырақтары, ұзын түтік тәрізді влагалищеден және жіңішке жапырақ тақтасынан тұрады. Тақтаның түп жағында жарғақ тәрізді тілшесі болады, ал кейде оның екі бүйірінен екі құлақша пайда болады.
Жүйкеленуі.Жүйкеленудің мынадай типтері белгілі: қарапайым жүйкелену- бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғары ұшына дейін тек бір ғана жүйке өтеді; жүйкеленудің мынадай түрі жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерге, жалаңаш тұқымдылардың көпшілігіне және кейбір жабық тұқымдыларға тән.