Күлте жапырақшалар
Әдетте күлте жапырақшалар тостағанша жапырақшаларға қарағанда біршама үлкен және ашық түске боялған болып келеді. Күлте жапырақшалар бір-бірімен біріккен болуы мүмкін немесе бос күйінде қалып отырады. Соған байланысты күлте жапырақшалардың екі типі болады:жеке жапырақшалар және біріккен жапырақшалар. Күлте жапырақшалары жеке орналасқан гүлдерде, әрбір күлте жапырақша түбіне қарай, жапырақтың сағаққа жіңішкергені секілді, айқын жіңішкеретін болса, онда мұндай күлтелерді тұқыл күлтелер деп атайды. Ал егерде күлте жапырақшалардың түп жағы жалпақ болып келсе, онда мұндай күлтелерді отырмалы күлтелер деп атайды. Көп жағдайда күлтелердің аралық формалары кездеседі.
Біріккен күлте жапырақшаларды мынадай бөліктерге: күлтелерінің біріккен бөлігі- түтік, бірікпеген бөлігі- күлте алақаны және түтіктің күлте алақанына ауысатын жері деп ажыратылады.
Күлте жапырақшалар, тостағанша жапырақшалар секілді полисимметриялы (дұрыс, актиноморфты), моносимметриялы (бұрыс, зигоморфты) және ассимметриялы болып бөлінеді. Күлте жапырақшалары актиноморфты болып келгенде, күлтелер арқылы екі немесе одан да көп жазықтық симметрия жүргізуге болады, зигоморфты (моносимметриялы, бұрыс) болып келген жағдайда, күлтелер арқылы біреуден артық жазықтық симметрия жүргізуге болмайды, ал ассимметриялы болып келген жағдайда, күлтелер арқылы ешқандай да жазықтық симметрия жүргізуге болмайды.
Актиноморфты біріккен желекті күлтелерді, түтіктерінің ұзындығына, күлте алақанының формасына және мөлшеріне қарай классификацияланады:
доңғалақ тәрізді- түтігі кішкентай немесе жоқтың қасында болып келетін, ал күлте алақаны жайылып ашылатын;
воронка тәрізді- түтігі воронка тәрізді үлкен, күлте алақаны шамамен үлкен болмайтын;
қоңырау тәрізді- түтігі сфера тәрізді, тостағанша тәрізді, біртіндеп нашар байқалатын күлте алақанына айналатын;
түтік тәрізді- түтігі цилиндр тәрізді, күлте алақаны болмайтын немесе күлте алақаны қысқа болып келетін;
астау тәрізді- түтігі цилиндр тәрізді күлте алақаны жалпақ болып келетін;
қалпақша тәрізді- күлте жапырақшалары жоғары ұштары арқылы біріккен.
Зигоморфты біріккен жапырақшалы күлтелердің ішінен мыналарды жиі кездестіруге болады:
қос ерінді- күлте алақаны әртүрлі болып келетін екі еріннен тұрады: үстіңгі және астыңғы;
тілше гүл- түтіктен тіл тәріздес біріккен жапырақшалары кетеді;
тегеурін гүл- күлте жапырақшалары тегеурін деп аталатын іші қуыс өсінді түзеді.
Күлте жапырақшалары бос орналасқан гүлдердің ішінде де зигоморфты және актиноморфтылары да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |