Дәріс №8
Дәрістің тақырыбы: Жапырақ
Қарастырылатын сұрақтар:
Жапырақтың морфологиялық құрылысы
Анатомиялық құрылысы
Жүйкелену түрлері
Жапырақ метаморфозасы
Дәрістің мақсаты:
Жапырақ. Оның морфологиялық құрылысының алуан түрлілігі, жапырақ бөлімдері. Күрделі және жай жапырақтар. Олардың алуан түрлілігі, жапырақ формасын сыртқы ортаның әсер етуі. Жапырақ гетерофилиясы, механикасы метаморфозасы туралы түсіндіру. олардың айырмашылығына көңіл бөлу. Жапырақтың анатомиялық құрылысындағы экологиялық факторларға байланысты болатын өзгерістер. Жарықта, көлеңкеде, далалы, шөл далалы жерлерде өсетін өсімдіктердің құрылысындағы анатомиялық өзгерістер.
Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсендігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша орган.
Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.
Бір жылдық өсімдіктердің жапырағының өмірінің ұзақтығы, сабақтың өмірінің ұзақтығымен бірдей, ал көп жылдық өсімдіктерде ол көп қысқа. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы 1-11/2 жыл, кейбір жағдайда оданда аз өмір сүреді. Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырағы 1 жылдан 5 жылға дейін, ал кейбіреулерінде – 10-15 жыл өмір сүреді (шырша, араукария). Тек африка шөлінде өсетін вельвичияның жапырағы ғана, өсімдіктің тұрақты органы болып келеді және ол 90-100 жыл өмір сүреді.
Жапырақтың түсуі. Жара жарнақты және қос жарнақты шөптесін өсімдіктердің жапырақтары өледі және олар сабақта қала отырып, біртіндеп бұзылады. Қос жарнақты ағаштардың сағағының түп жағында бөліп тұрушы қабат пайда болады, оның клеткалары табиғи жолмен мацерацияланады. Бұл жағдайда жапырақтың түсуіне аздаған механикалық күштің әсерінің өзі жеткілікті болады (жел, жаңбыр). Жапырақ түскеннен кейін, оның сабақта қалған ізі тоз қабатымен жабылады. Оны жапырақ дағы (тыртығы) деп атайды.
Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырақтары бір уақытта түспейді. Жапырақтың түсуі физикалық (жазда) немесе физиологиялық (қыста) құрғақшылық кездерінде, өсімдіктерді судың булануынан сақтайтын биологиялық бейімдеушілік болып табылады. Жапырақтарымен бірге өсімдік бойында жиналып қалған экскреттік заттардан тазарады.
Достарыңызбен бөлісу: |