Бұған жататындар:
Жидек – перикарпиінің жұқа экзокарпасынан басқа бөлігінің барлығы шырынды және етженді болып келетін жемыс (картоп, банан, жүзім, помидор).
Алма – бұл жемістің дамып жетілуіне гүл түйінінен басқа аталықтары мен аналықтарының түп жағы және гүл тұғыры қатысады (алма ағашы, алмұрт).
асқабақ – гүл түйіні төменгі болып келетін гүлдің, үш жеміс жапырақшасынан пайда болған, экзокарпиі қалың, қасаңдаған жеміс. Жемісінің етженді бөлігі, негізінен тұқымның жатынға бекінген жерінің ұлғайып өсуінің нәтижесінде қалыатасады (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр).
Гесперидий, немесе померанц- экзокарпиінде эфир майлары жиналатын жері бар; мезокарпиі құрғақ, борпылдақ, ақ түсті; эндокарпиі шырынды, етженді болып келетін жеміс (лимон, апельсин, мандарин).
Гранат – бұл екі қабат (ярус) түзіп орналасатын, төрт жеміс жапырақшасынан тұратын, төменгі гүл түйінінен пайда болатын жеміс. Жемістің сыртқы қабығы көн тәрізді, ал тұқымның сыртқы жабыны әрі етженді, әрі шырынды болып келеді.
Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады:
Сүйекті жемістер (костянка) – көп жағдайда төменгі бір немесе көп ұялы гүл түйінінен пайда болған, перикарпиі жұқа экзокарпиге, етженді мезокарпиге және азды-көпті қалың, сүректенген эндокарпигедифференциацияланған жеміс. бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхары, шабдалы және т.б. мысал бола алады. Көп сүйекті жемістерге таңқурай жатады, ол апокарпты гинецейден пайда болады. Сонымен бірге апокарпты гинецейден, сиректеу құрғақ сүйекті жеміс пайда болады.
Жоғарыда келтірілген жемістердің бірқатары апокарпты гинецейдің жекелеген аналықтарынан пайда болады. Мұндай апокарпты жемістерді көп жағдайда жемістер деп атайды. Бұларға көп таптама (шөмішгүл), көп жаңғақша (сарғалдақ), көп сүйекті жемістер (таңқурай) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |