6. ПРАКТИКАЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Микроскоп. Микроскоппен жұмыс жасау тәртібі. Препараттарды дайындау. Хлоропласт, хромопласт және лейкопласт пластидтерінің құрылысының ерекшелігімен түрлі өсімдік мүшелерінен таныс. Өсімдік жасушасындағы қор заттары. Пияз қабығындағы кристалдармен танысу. Портулак тәрізді кактус жапырағындағы кристалдарды қарап, құрылысымен танысу.
Лабораториялық жұмыс №1
Өсімдік клеткасының құрлысы:
Пияз бетіндегі үлпек қабатын, қарбыз бен томаттың жұмсағын мысалға ала отырып, клетка құрлысымен таныс (суретін сал)
Пияз бетіндегі үлпек қабатынан плазмолиз және деплазмолизбен таныс. Суретін сал.
Пияз бетіндегі үлпек қабатынан клеткаларын эозин және қоғашпен боя.
Георгин мен петуньяны мысалға ала отырып, жұқа кесінді дайында.
Традесканция жапырағының қабығынан лейкопласты қара, суретін сал.
Валиснерия жапырағын мысалға ала отырып, хлоропластпен таныс, суретін сал.
Итмұрын жемісінің жұмсағын қарап, хромопластпен таныс.
Бақылау сұрақтары.
Өсімдік клеткаларының бөліктері.
Ә рбір бөлігінің функциясы.
Протоплазма мен ядроның құрлысы.
Вакуоля және клетка шырыны.
Клетка қабықшасы.
Клетка бөліктенінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері (протоплазма, ядро, клетка қабықшасы).
Оқулықтар:
Ағелеуов Е.А. «Ботаника» 72-73 беттер, 6 сурет.
Әметов Ә.Ә. »Ботаника» 7216-24 беттер.
Мұхитденов Н. 60-65 беттер.
Чижевская «Практикум по общей ботанике» 36-39, 13-14 сурет, 42-45 беттер, 16 сурет /1,2/
Гашкова Практикум по общей ботанике» 30-31 беттер.
Мусақұлов Т. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» 16-39 беттер, 2-7 сурет.
Сабаққа қажетті материалдар: пияз, томат, қарбыз, валлиснерия, традесканция, георгина немесе петунья өсімдіктерінің жемісі мен жапырағы.
Реактивтер: 10% NaCl ерітіндісі, эозин немесе метилен синькасы.
Дайын препараттар: Өсімдік анатомиясы деген сериядан №1 препарат.
Достарыңызбен бөлісу: |