Лабораториялық жұмыс №12
Гүл шоғыры.
Лабораториялық жұмыстың өту барысы: Кеппешөп материалы және кестелерді пайдалана отырып, гүл шоғыр түрлерін қарастыру, сипаттама беру, суреттерін салу.күрделі және жай, анықталған және анықталмаған, аралас гүл шоғыры.
Гербарий экземплярына қарап, анықталмаған гүл шоғырының суретін сал: шашақ гүл, масақ гүл, собық гүл, шатырша гүл /жай және күрделі/, шоқпарбас гүл, зәмбіл гүл, қалқанша гүл, сыпыртқы гүл.
Анықталған гүл шоғырлары: бұйра гүл /монохазий/, ирек /митохазий/, дихазий, пленохазий.
Гүл шоғырларының схемасын түрлерінің қатарына сызып қой.
Сұрақтар:
Гүл шоғыры деген не?
Анықталмаған гүл шоғыры.
Анықталған гүл шоғыры.
Гүл шоғырларының негізгі түрлері.
Гүл шоғырының биологиялық маңызы.
Қажетті материалдар:
Қол лупасы.
Гербарий: анықталған және анықталмаған гүл шоғырының түрлері.
Таблица: гүл шоғыры.
Достарыңызбен бөлісу: |