Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу



Дата27.07.2017
өлшемі68,67 Kb.
#22031
түріСабақ
Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Word редакторының мүмкіндіктеріне көңіл бөле отырып, оқушыларды кесте ұғымымен таныстырып, әр түрлі деңгейдегі кестелерді жасауға үйрету.

Дамытушылық: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, алған теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау және шығармашылық деңгейлерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Word редакторы, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақты жүргізу әдісі: Топтық, жеке оқушымен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, оқушының практикалық жұмысы, тест, өзін-өзі тексеру, бағалау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында жетелей сұрақ қою.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын электрондық тест арқылы тексеру.Тест компьютерде орындалады,нәтиже компьютерде бағаланады.



Тест сұрақтары:

1. MS WORD программасында мәтінді қағазға қалай басуға болады?



  1. Файл/Беттің параметрлері;

  2. Файл/Алдын-ала көру;

  3. Файл/Печать

2 MS WORD программасын қалай іске қосуға болады?

  1. Пуск-Все программы-Microsoft Office-Microsoft Word

  2. Пуск-Стандартные-Microsoft Office-Microsoft Word

  3. Мой компьютер- Все программы-Microsoft Office-Microsoft Word

3.Мәтінге суретті қалай кірістіреді?

  1. Файл – Картинки - Вставит

  2. Вставка – Картинки – Таңдау-Қою

  3. Файл – Картинки - Сохранить

4. WORD құжатын қалай сақтауға болады?

  1. Файл – Сохранить как – Имя файла- Сохранить

  2. Вставка – Сохранить как – Имя файла - Сохранить

  3. Файл – Картинки - Сохранить

5.Құжаттың бет нөмірлерін қалай қоюға болады?

  1. Вид – Номера страниц - Ок

  2. Вставка – Номера страниц - Ок

  3. Файл – Номера страниц - Ок

6. Мәтінге суретті қалай кірістіруге болады?

  1. Правка-Картинки

  2. Формат -Картинки

  3. Вставка - Картинки

7. Сақталған құжатты қалай ашамыз?

  1. Файл-Открыть

  2. Правка -Открыть

  3. Формат-Сохранить

8. Құжат бетіне колонтитул қою болады?

  1. Вставка- Колонтитул

  2. Файл- Колонтитул

  3. Вид - Колонтитул

9. Мәтіндік редактордың қызметі?

  1. Сурет салуға арналған

  2. Есептеуге арналған

  3. Мәтін өңдеуге арналған

10. Мәтінді бағанға қалай бөлуге болады?

  1. Вставка-Колонки

  2. Формат - Колонки

  3. Разметка страницы - Колонки


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарламас бұрын таратпалар арқылы жаңа сабаққа қатысты қысқаша ақпарат ұсыну.



Кесте ұғымы

Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан тұрады.



Ұяшық ұғымы

Ұяшық баған мен жолдың қиылысында орналасқан. Ұяшықтағы мәтінді ереже бойынша пішімдеуге болады.



Кесте жасау әдістері:

Кестені бірнеше әдіспен жасауға болады.


Оқушылар берілген мәліметпен танысқан соң, алған мәліметтері бойынша сұрақтар қою:

  • Қандай ұғыммен таныстыңыздар?

  • Кесте ұғымын қалай түсінесіздер?

  • Күнделікті өмірдегі қолданысы?

Оқушылардың берген жауаптары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айқындау.

Бүгін Word редакторының тағы бір мүмкіндігімен танысамыз, жаңа сабақтың тақырыбы: «Кестелермен жұмыс»

Оқушылар жаңа тақырыпқа қажетті мәліметті электрондық оқулықтан алады. (Интерактивті тақта арқылы дыбысталған электрондық оқулықты пайдалану)

IV. Жаңа білімді бекіту.

Жаңа сабақ бойынша алған теориялық білімді практика жүзінде бекіту.



Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды бекіту және шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.
І-деңгей

  1. 6 бағаннан, 4 жолдан тұратын кесте құру;

  2. Кестеге апталық сабақ кестесін үлгі бойынша толтыру;

  3. Апта күндерін, пән атауларын ортаға туралау;

  4. Апта күндерінің атауы курсив және жартылай қарайтылған болуы керек.



Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Қазақ тілі

Химия

Неміс тілі

Қазақ тілі

География

Экономика

Математика

Информатика

Сызу

Физика

Музыка

Абайтану

Орыс тілі

Тарих

Д/Ш

Биология

Ағылшын тілі

География


ІІ-деңгей

  1. Негізгі апта күндері жазылған жолды белсенді ету, меню қатарынан – Работа с таблицами-Макет әрекеттер тізбегін орындап, кестені өңдеу;

  2. Кестеге сол жақтан 1 баған қосу;

  3. Кестенің басына 1 жол қосу;

  4. Жаңадан қосқан жолдағы ұяшықтарды біріктіру;

  5. Біріктірілген ұяшықтарға Апталық сабақ кестесі сөзін жазу;

  6. Апталық сабақ кестесі сөзін ортаға туралау және курсивпен жартылай қарайтылған сызылымға келтіру.




Апталық сабақ кестесі




реті

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1

Қазақ тілі

Химия

Неміс тілі

Қазақ тілі

География

2

Математика

Информатика

Сызу

Физика

Музыка

3

Орыс тілі

Тарих

Д/Ш

Биология

Ағылшын тілі


ІІІ-деңгей

  1. Кестенің соңына 1 жол қосу;

  2. Жаңадан қосқан жолдағы ұяшықтарды біріктіру;

  3. Негізгі апта күндері жазылған жолды белсенді ету, меню қатарынан – Работа с таблицами-Конструктор әрекеттер тізбегін орындап, кестенің күрделендірілген бір түрін таңдау;

  4. Кестедегі мәтінді көк түске бояу




Апталық сабақ кестесі




реті

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1

Қазақ тілі

Химия

Неміс тілі

Қазақ тілі

География

2

Математика

Информатика

Сызу

Физика

Музыка

3

Орыс тілі

Тарих

Д/Ш

Биология

Ағылшын тілі





















V Қорытындылау

Мәтінге кесте кірістіру және оны өңдеу әдістерін сұрақ-жауап түрінде қорытындылау.


VІ Бағалау

Бағалау парағы бойынша бағалау


VІІ Үйге тапсырма: оқулықтан § 23. Кестелермен жүмысты оқу, шығармашылық жұмыс «Наурыз» айының күнтізбесін жасау

Электронды оқулықтан мәлімет алу. (Интерактивті тақта арқылы көріп-тыңдау)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет