Тақырып 3.4. Шеткі жүйке жүйесі.(перифириялық). Вегетативті жүйке жүйесі.
Шеткі жүйке жүйесі – бас ми мен жұлынның шегінде орналасатын жүйке жүйесінің бір бөлігі. Шеткі жүйке жүйесі арқылы ми мен жұлын барлық жүйе, аппарат, мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеп отырады.
Шеткі жүйке жүйесіне(pars peripherica) бас ми және жұлын жүйкелері, ми мен жұлынның жүйке тораптары, вегетативті (автономды) жүйке жүйесінің түйіндері мен жүйкелері жатады. Бұған ұлпалар мен мүшелерде орналасқан сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге сезімтал сезім аппараттары (жүйке ұштары), оған қоса жүйке ұштары – ағзаның бейімделу реакцияларына жауап беретін бұлшықеттерге, бездерге және басқа да мүшелерге (ұлпаларға) импульсті өткізетін эффекторлар жатады.
Шеткі жүйке жүйесі жүйке талшықтарының (аксондар) шоғырлануынан қалыптасқан жүйкелерден тұрады. Нейрондардың екі түрін бөліп қарастырады: афферентті нейрондар әртүрлі мүшелер мен рецепторлардан қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, ал эфферентті жүйке талшықтары қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге өткізеді. Осылайша, шеткі жүйе ақпаратты орталық жүйке жүйесі мен басқа мүшелерді байланыстырады. Шеткі жүйке жүйесін жүйкелердің екі түрі құрайды: ми жүйкесінің 12 жұбы және жұлын жүйкелерінің 31 жұбы.
Достарыңызбен бөлісу: |