1. Түсініктеме хат /Пояснительная записка
Осы жұмыс оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сай әзірленген (ҚР үкіметінің 04.05.073-2009). Стандарт негізінде жұмыс оқу бағдарламасы «Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы» пәні бойынша жалпыға білім беру деңгейіне сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығына сәйкес өзгертіліп жасалды.
0105000 «Бастауыш білім беру» - 68сағат
Оқыту уақытының жалпы көлемі 68 сағат оның ішінде:
теориялық дәрістер – 40 сағат, тәжірибелік сағаттар – 28
нормативтік оқу мерзімі – 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай
Аталған «Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жас ерекшеліктер анатомиясын, физиологиясын және мектеп гигиенасынқазіргі заманғыбиология және медицина ғылымдарының жетістіктерін есепке ала отырып оқытуға мүмкіндік береді.
Оқу-тәрбие процесін жасау мен балаға психолого-педагогикалық тұрғыдан қараудың ғылыми негізін құру үшін бала организмінің, жеке мүшелердің дамуының және қалыптасуының ерекшеліктерін білу шарт.
Баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін оқыту ересек организмнің қызметі мен қартаю процестерін толықтай оқытқаннан кейін ғана толық мүмкін бола алады. Бұл бала организмінің жас ерекшеліктерін ауқымды түрде ұғу үшін белгілі бір көлемде беріледі.
Бағдарлама мазмұнында бала дамуының бұзылуына алып келіп соқтыратын факторларды оқыту мен талдау қарастырылған.
Мектеп жасындағы баланың гигиенасы анатомия-физиологиялық дамуының ерекшеліктерімен тығыз байланыста педагогикалық бағыт негізінде қарастырылады.
Бағдарлама рухани кемелденген, слауатты өмірге талпынатын, табиғатпен үндестікте өмір сүретін жеке тұлғаның қалыптасуын қарастырады.
Бәсекеге қабілетті маман дайындауда оқу жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүрлі емес оқыту технологияларын, дидактикалық көренекі құралдарын, оқу бейнефильмдерін, электронды оқулықтарды пайдалану ұсынылады.
Оқу жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруда оқытуды ұйымдастырудың түрлері: әңгіме, дискуссия, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, өндірістік жағдайларды анализдеу, рөлдік ойындар, материалдар презентациясы, кіші және үлкен топтармен жұмыс, семинарлар, тәжірибелік сабақтар (зертханалық), бақылау жұмыстары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |