ЖОО студенттерін бағалауда-«Оқыту үшін және оқуды бағалау» модулінің маңызы.
Жумагазиев А.З.- аға оқытушы, arman_sebek@mail.ru
87025350411
Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші қамалдардың алыбы. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы оқытушының педагогикалық біліктілігіне тікелей байланысты.
Жоғары оқу орнында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау мен аралық және қорытынды бағалау ережеге сүйене отырып, студенттерді күнделікті сабақ барысында бағалап отырамыз. Студенттерді бағалау кредиттік технология бойынша 100 балдық жүйемен есептелінеді. Астанада тренинг курстан өткеннен кейін «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін сабақта қолдана бастадым. Кредиттік оқыту жүйесінде студентті бағалауда тек оқытушының ғана ықпалы болатын және көбіне студенттің жауап беру стиліне қарап салыстырмалы немесе ынталандыру бағасы қойылатын, сонымен қатар нақты білім бағаланатын. Екі апталық тренинг курсты өткеннен кейін «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулінен студентті бағалаудың өзіндік және өзара бағалау түрлерін және формативті және суммативті бағалау түрлерін үйрендім.
Мен іс - тәжірибені 32-ші оқу тобына «Қазақстанның әлеуметтік-эеономикалық географиясы» пәнінен жүргіздім. Сабақты оқытып, меңгерту барысында студенттерге өзіндік бағалаулар ұнады. Бағалауды жақсы меңгеріп, әр сабақтарында қолдануы үшін топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасатып, алдағы сабақтарда тиімді пайдалануды меңгерттім.
Жалпы білім беруде әр оқытушы көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жоспарлап қолданысқа енгізгенде студенттерді бағалауды басты назарда ұстануы керек. Себебі, бағалау топтағы студенттер деңгейі әр түрлі болып келетіндіктен, оқытушының топта жағымды атмосфераны құруына және студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.
Сабақты бірден топқа бөлуден бастадым. Топқа «Қазақстанның отын-энергетикалық кешені» тақырыбы бойынша тапсырма берілді. Блум таксономиясы бойынша топқа өзіндік сұрақ бердім. Студенттер сұрақтарға мүмкіндігінше дұрыс жауап беруге тырысты. Сұраққа жауап беру барысында екі топ студенттері бір-бірінің берген жауаптарын тыңдап, сұрақтың дұрыс-бұрыстығын тексеріп отырды. Осы сәтте студенттер бір-біріне өзара бағалау жүргізді. Сосын студенттердің әрқайсысына дәрісте алған білімдерін тексеру үшін жеке орындайтын тапсырма бердім. 5 минут аралығында студенттер тапсырманы орындап шықты. Тапсырманы орындап шыққаннан кейін студенттердің берген жауаптарын тексеруге жинап алдым. Осы тұста формативті бағалау түры жүзеге асырдым. Формативті бағалаудың ерекшеліктері - студенттің күнделікті білім сапасы; білім алудағы кедергілерді күнделікті түзеу; «100» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; студенттің қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; студенттің бағалаудан алған эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау дағдылары. Формативті бағалауда студент жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек.
Студенттер тақырып бойынша бірнеше тапсырмаларды орындау барысында бағалаудың формативті, өзіндік және өзара бағалау түрлері жүзеге асты.
Сабақ соңында студенттердің үлгерімін және белсенділігін бағалау үшін «Бағалау парағын» қолдандым. Бағалау парағына студенттер өздерінің аттарын топ бойынша жазып, бүгінгі сабақта олар өздеріне жеткілікті білім алды ма, өз қабілеттерін көрсете білді ма және топпен және жеке тапсырмаларды орындау барысында өздерін белсенді көрсете білді ма сол жағынан өздеріне 100 балдық жүйеде баға берді. Студенттер өздерін жеке бағалап болғаннан кейін, топ ішінде сайланған көшбасшы топ ішіндегі студенттердің білімдері мен топта жұмыс жасау белсенділігі мен қабілетін саралап бағалады. Алынған Бағалау парағын жинап алып, осы бағалауларды ескере отырып, оқытушы ретінде өзім бағаладым.
Оқытушылар үшін теориялық білімді тәжірибемен байланыстыру барысында сабақ жоспарының үзіндісін дайындау, қалыптастырушы бағалау мүмкіндігін жоспарлау, сабақ жоспарына енгізу үшін ұсынылған бірнеше үлгіні пайдалану әрекеттері де жүзеге асырылады». Демек, «бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін бес қарапайым ерекшелікті - студенттермен тиімді кері байланыс орнату, оқу үдерісіне қызу араластыру, оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату, оқу табыстылығының негізгі факторлары бағалаудың мәнін түсіну, өз жұмысын өзі бағалау және өзін-өзі жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту» деп, атап өтуімізге болады.
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин болып табылады. Сондықтан студенттердің өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін студенттер өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет. Мысалы студенттерге смайликтер арқылы бағалау кестесін берген кезде студенттер өзінің білімінің қандай деңгейде тұрғанын бағалай алады және алдағы уақытта білімін дамыту үшін қалай жұмыс жасау керектігін білетін болады.
Жоғары оқу орнында кредиттік жүйеде студенттерді бағалаудың бірнеше жолдары. Олар: тест, студенттердің өзіндік жұмысы, бақылау жұмысы, кейс, презентация, коллоквиум және т.б. Бұл студенттерді сабақ барысында емес, керісінше сабақ соңында меңгерген білімдерін тексеру, тәжірибеде қолдану мүмкіндіктеріне қарай бағалаймыз. Ал өзім оқыған «Оқытудағы мен оқудағы жаңа тәсілдер» атты тренингтен өткеннен кейін, студенттерді тек сабақ соңында емес сабақ барысының кез келген уақытынды студентке бақылау мен бағалау жүргізуге болатынын үйрендім. Бұл студенттерді тек сабақ соңында алған білімдері мен қалыптасқан дағдыларын бақылау мен бағалау ғана емес, студенттің сабақ барысындағы оқытудың жетістігін бағалау, оқытуды студенттердің білімді игеру дәрежесіне қарай түрлендіру және студентке қосымша бағыт-бағдар беруді қамтуы тиіс.
Тренинг курста студенттің үлгерімі мен қалыптасқан дағдыларын бағалау үшін келесідей стратегия деп аталатын әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болады: Бағдаршам әдісі; БББ стратегиясы; Екі жұлдыз бір тілек; Ой толғаныс; Қара жәшік; Бес саусақ; Сэндвич; Бағалау парағы; Досқа бес тілек; Блоб ағашы; Блоб көпірі.
Мен Жоғары оқу орнындағы практикам барысында осы стратегиялардың бірнешеуін пайдаландым: БББ стратегиясы, Екі жұлдыз бір тілек, Ой толғаныс, Бағалау парағы; Эмоция қоршыны.
3 курс студенттеріне «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы» пәнінен «Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі» тақырыбынан практикалық сабақ өту барысында студенттерді бағалаудың бірнеше әдісін қолдандым. Сабақтың барысында студенттерге олардың білімін анықтау үшін 5 минуттық бақылау жұмысын жүргіздім. Студенттер тапсырманы орындап шыққан кейін, тапсырма парағын жинап алдым. Студенттер аталған тақырып бойынша бірнеше тапсырмаларды орындағаннан кейін, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Эмоция қоржыны» және «Бағалау парағы» қолдана отырып, студенттерді бағаладым.
«Екі жұлдыз бір тілек» стратегиясы бойынша студенттерге стикер беріп, олардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін білдіруді сұрандым. Студенттер стикерлерді ала отырып, өздерінің тілектерін білдірді. Студенттердің сабақ соңындағы көңіл-күйлерін білдіру үшін олардың алдарына стикер бере отырып, бүгінгі көңіл-күйлерін анықтау үшін смайликтерді салуды ұсындым.
Студенттердің сабақтағы белсенділігі мен топта жұмыс істеу қабілетін анықтау үшін студенттерді «Бағалау парағы арқылы» бағалауды жөн көрдім. Студенттерге «Бағалау парағы» деп аталатын кестені бердім. Студенттер өздерінің аттарын жазып бүгінгі сабақта білімді қаншалықты игерді және қаншалықты сабақта белсенділік танытты, топта қандай деңгейде жұмыс жасағандарын анықтайтындай етіп өздеріне 100 балдық жүйемен өздеріне баға берді. Ал топта өзара сайланған топ басшысы өз тобындағы студенттердің білімі мен топ барысындағы белсенділіктерін бағалауды сұрандым, топ басшы студенттердің белсенділіктері мен іскерліктерін 100 балдық жүйемен бағалады. Сосын студенттердің сабақ барысындағы үлгерімі мен іскерлік және дағдыларының қалыптасуын анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындау деңгейі бойынша баға бердім. Бұл бағалау формативті бағалау деп аталады. Осы үш бағаны қоса отырып, студенттерге Қорытынды баға бердім. Бұл студенттерді суммативті бағалау түрі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
Студенттерге арналған нұсқаулық,. 51-52 бб.
Тренерге арналған нұсқаулық,.12, 50.бб.
Достарыңызбен бөлісу: |