Бүйрек құрылысының сызбанұсқасы және капилляр тамырларының жартылай өткізгіш қабырғалары арқылы фильтрация жүреді.
Нефронның келесі қызметі - бірінші реттік зәрден организмге қажет заттарды кері сіңіру және құрамында организмнен шығарылатын заттар ғана бар екінші реттік зәр түзу. Органикалық заттар мен кейбір тұздарды қанға кері сіңіру нефронның иілген өзегінде (түтігінде) су ерітіндісінде жүреді. Осылай 150-170 л бірінші реттік зәрден 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі, ол организмнен тәулік ішінде шығарылады.
Бүйрек қызметінің реттелуі нейрогуморальдық жолмен қамтамасыз етіледі. Гормондар әсерінен жинағыш түтікше қабырғаларының су өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Құрамында зиянды заттары бар су бүйрек астауына, содан кейін зәрағар арқылы зәр резервуары болып табылатын қуыққа түседі. Қуықтың сілемейлі қабықшасында көптеген механорецепторлар болады. Қуықта 400-500 мл зәр жиналғанда, қуық кабырғасының бірыңғай салалы бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты зәр шығару түтігі арқылы зәр сыртқа шығарылады. Зәрдің қуықта жиналуы вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі арқылы қамтамасыз етіледі. Ал шығарылуы вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі арқылы бақыланады. Оның белсенділігі куық қабырғасының жиырылуына және бірыңғай салалы бұлшық еттің босаңсуына апарып соғады.
Бүйрек біздің денеміздің тіршілік үшін маңызды мүшесі болып табылады. Оның қызметінің бұзылуы мен тоқтауы организмнің, әдетте, зәрмен бөлінетін заттармен улануына апарып соғады. Бүйрек жұмысы бұзылған кезде бұл заттар қанда жиналады да, ауыр жағдайға, кейде өлімге себепші болады.
Бүйрек өзекшелерінің жасушалары әр түрлі улы заттарға жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді.
Зәр шығару мүшелері әр түрлі мүшелерден қан арқылы түсетін микроорганизмдерден зақымдалуы мүмкін. Микроорганизмдермен зақымдалған (баспа (ангина), тіс жегісі (кариес), бұлық (отит) және т.б.) - бәсендейтін инфекция немесе зәр шығару жолы (канал) арқылы енетін микроорганизмдермен (зәр шығару мүшелерінің гигиенасын сақтамау) зақымдалған - өрлеме инфекция болуы мүмкін. Зәр шығару жүйелері мүшелерінің ауруларын зерттейтін әрі олардын алдын алу және емдеу әдістерін жасайтын клиникалық медицина саласы урологиядеп аталады.
Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан,ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.
Зәрдің түзілуі
Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болады. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.
Бүйрек жұмысына ішімдіктің әсері
Бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп ішу бүйрек жұмысын бұзады. Бүйректің жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын болады. Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға бастайды. Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқталады.