Безеудің алдын алу. 14-16 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл -жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы да мүмкін.
Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумей алма-кезек жуыну жақсы көмектеседі. Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |