Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар



бет74/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3
ruhani adamgershilik bilim beru mazmun n n negizderi zhbb
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады.
Шынығу. Организмді шынықтыру - организмнің қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімділігін арттыратын шаралар кешені. Жылу мен суықты әр түрлі рецепторлар қабылдайды. Суықты қабылдайтын рецепторлар жылуды қабылдайтын рецепторларға қарағанда едәуір көп. Сондықтан организмді шынықтыру суықты қабылдайтын рецепторлар сезімталдығын төмендетеді.
Шынығудың негізгі түрлеріне: су процедуралары, таза ауада болу, күн ванналары жатады. Шынығу иммундық жүйені белсендіруге себепші болады; қанайналымды, зат алмасуды жақсартады; жүйке жүйесінің тонусын, жалпы еңбекке қабілеттілікті арттырады.
Таза ауада жиі болу организмді температураның өзгеруіне өз уақытында, тез әрекет етуге үйретеді. Үй-жайды міндетті түрде желдету керек. Шынығу кезінде белсенді қимыл-қозғалыс жасаған жөн.
Сумен емдеу шаралары (шомылу, ысқылау) тамырлардың жұмысын жақсартып, оларды жаттықтырады (дағдыландырады). Ашық су қоймада шомылу едәуір жақсы әсер етеді.
Күн ванналары қан тамырларын кеңейтеді, қанайналымды жеделдетеді; организмде D витаминінің түзілуіне себепші болады және зат алмасуды арттырады. Күн ваннасын байқап қабылдау қажет. Шынықпаған адам күнде ұзақ уақыт болғанда, терісі күйіп қалуы мүмкін.
Қарама-қарсы температура әсерін пайдалануға, арнайы шынығуға болады: суық суда шомылу және т.б.
Шаралардың әсер ету күшін және ұзақтығын біртіндеп арттыра отырып шынығуқажет.
Дене гигиенасы. Тері гигиенасына қойылатын басты талап — оны таза ұстау керек, себебі тері лас болғанда қызметі бұзылып, бездері мен түк қалтасының зақымдануына жағдай туады.
Денені аптасына кем дегенде бір рет арнайы денені жууға арналған жуғыш заттарды пайдаланып жылы сумен жуу керек. Бұл теріде саңырауқұлақтардың, паразиттердің (кене, бит және т.б,) және т.б. пайда болуынын алдын алады. Жуынған соң таза киім кию керек. Киім адам өмір сүретін климат зонасына сәйкес келуі тиіс. Себебі, ол жылу алмасудың қосымша реттеушісі болып табылады. Табиғи материалдардан жасалған киім едәуір пайдалы. Киім денеге қонымды, қолайлы болуы керек. Қолайсыз киім теріні қажап, микроорганизмдер тудыратын қабынуға себепші болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет