4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау/Контроль планируемого результата обучения (тестовые вопросы без варианов ответов) Қандай ұлпалар дәнекер ұлпасына жататындығын көрсетіңіз
Қандай ұлпа адамның тірек-қимыл жүйесін құрады.
Адамның құрсақ қуысынан көкірек қуысын бөліп тұратын бұлшық етті көрсетіңіз.
Ішкі мүшелердің қозғалысын қамтамасыз ететін бұлшық етті көрсетіңіз.
Гомеостаз дегеніміз:
Мүшелер жүйесі дегеніміз:
Адам денесінің құрылысы, мүшелері, ұлпасы, жасушаларын зерттейтін ғылым саласы қалай аталатынын көрсетіңіз:
Баланың дене білімі мен жыныстық дамуының жылдам, қарқынды жүру... деп аталады.
Үштік жүйке қоздырады:
Қандай жасушалар жүйке ұлпасының құрамына кіретіндігін көрсетіңіз:
Соматикалық жүйке жүйесі реттейтін мүшелер.
Қазіргі заманғы физиологиялық теорияға акдемик И.П. Павловтың қосқан үлесі.
Ағзаның арнаулы қызмет атқару жүйесі туралы теория жасаушы, ағзаның өзін-өзі реттеу идеясын дамытушы акдемик:
И.М. Сеченов қандай ірі жаңалық ашқанын көрсетіңіз.
Адамның әр түрлі қашықтықта тұрған заттың кескінін көздің қандай құрылымы ажырата алатынын көрсетіңіз.
Ортаңғы құлақтың қуысы дыбыс аңқасымен не арқылы жалғасытынын көрсетіңіз.
Аталған жүйке жүйесінің бөліктерінің қайсысы жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметтерінің үдерісін байланыстыратындығын көрсет:
Рефлекс доғасы арқылы не өтетінін көрсетіңіз.
Гипоталамус дегеніміз:
Мидың сұр затын құрайтындар:
Тез түс көруге не тән екендігін көрсетіңіз:
Екі жағы дөңес әйнегі бар көзілдірік кию керек:
Анализаторға түсініктемені алғаш берген ғалым.
Балалардың қандай сүйектерінде қызыл кемік болатынын көрсетіңіз.
Сүйектер қандай ұлпаның қатысуымен жуандап өсетінін көрсетіңіз:
Органикалық заттар сүйекке мынадай қасиет береді.
Бұлшық еттің қажуын зерттеген ғалым.
Гиподинамия дегеніміз.
Миофибриллдер дегеніміз:
Сүйектің шеміршек арқылы байланысуы:
Бұлшық еттің қажуының себептері.
Сүйектерді жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы:
Жас балалардың сүйектерінің серпімді, иілгіш болуының себептері:
Сымбатты қалыптастырады.
Жүрек неліктен дамылсыз шаршамай өмір бойы жиырылатынын көрсетіңіз.
Жүректің өздігінен жиырыла алуы қалай аталады:
Ағзаның иммунитетке жауап беру реакциясын зерттеген ғалым:
Гемоглобиннің негізгі рөлі:
Адамның 1 мм3қанында тромбоциттің мөлшері:
Қалыпты жағдайдағы 1 мм 3 лейкоциттердің саны:
Қанның депосы бола алатындар:
Дене жаттығулары неліктен жүрек-қантамырлар жүйесінің қызыметін реттеп және қалыпты дамуды қалыптастыратындығын түсіндіріңіз.
Мұрынан қан аққан кезде қандай ерітіндіге батырылған мақта тығыны пайдаланылатынын көрсетіңіз:
Жүрек тыныштық күйде неше рет жиырылады.
Қан бүкіл денені неше уақыт аралығында айналып шығады.
Физиологиялық ерітінді сәйкес келеді.
Адам өкпесіндегі көпіршіктердің негізгі атқаратын қызметі:
Адамның ең терең тыныс алғанда шығаратын ауасының көлемі қалай аталады:
Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу байланысты болады.
Тыныс шығарғандағы ауаның құрамындағы 4 % СО2 бар.Оқушы минутта 18 рет тыныс алып, 500 см3 ауа өткізсе. 1 сабақта қанша СО2шығарады
Темекі түтініндегі канцерогенді зат болып табылады:
Адамдағы өкпе саны:
Ұзақ созылмалы жөтелгенде қақырықта қанның болуы бұл қандай аурудың белгісі:
Тыныс алу мүшесін көрсетіңіз:
Шеміршекті сақиналардан тұратын мүшені көрсетіңіз:
Ер балаларда қарын бұлшық еті мен көкеттің (диафрагма) есебінен тыныс алу мен тыныс шығаруды қамтамасыз ететін қырынмен тыныс алу қалыптасатын жасты көрсетіңіз:
Қыз балаларда тыныс алу қабырғааралық бұлшық еттердің жиырылуы есебінен жүзеге асатын кеудемен тыныс алу типінің қалыптасу жасын көрсетіңіз:
Глюкозаның сіңірілуі қайда өтетінін көрсетіңіз:
Ақуызды ыдырататын ферментті көрсетіңіз:
Тістің ең мықты берік заты:
Тамақты асығып ішу неліктен зиянды екенін түсіндіріңіз:
Ішектің жұқпалы ауруын көрсетіңіз:
Асқорыту үдерісін зерттегені үшін орыс физиологтарының қайсысы Нобель атындағы сыйлықты иеленді:
Адамның сүт тісінің саны:
Төмендегі азықтың қайсысында ақуыз бен май бірдей мөлшерде болатынын көрсетіңіз:
Д дәрумені жетіспегенде адам ағзасында:
Тағам өнімдеріндегі дәрумендерді сақтап қалу үшін:
Адамда жүретін барлық зат алмасу үрдістері ненің әсерінен өтетіндігін көрсетіңіз.
Күн сәулесінің көмегімен адам ағзасында түзілетін витамин: