Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет59/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

9 бөлім. Асқорыту мүшелері
9.1 тақырып Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
Адам организмінің калыпты тіршілік әрекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек. Қоректік заттарды қажетсінуі, ең алдымен, организмнің энергетикалық шығынына байланысты. Тамақ құрылыс материалы ретінде, организм өсуі үшін, жасушалардың жаңартылуына, ұлпалардың жойылған бөліктерін қалпына келтіруге, ссндай-ақ жұмсалған энергияны толықтыру үшін қажет.
Қоректік заттар дегеніміз — нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер. Оларды организм күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдерінен алады. Витаминдер, минералды тұздар мен су өзгеріссіз дереу қанға сіңіріледі. Нәруыздар, көмірсулар мен майлар күрделі органикалық қосылыстарға жатады, бұл күйінде организмге сіңбейді. Олар ас қорыту жүйесінде күрделі өндеуге ұшырайды. Алдымен олар едәуір қарапайым қосылыстарға айналып, содан кейін адам организмінде соған тән органикалық қосылыстар түзіледі. Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процестері ас қорыту деп аталады. Тамақтың ыдырау процесінде құрамында әр түрлі ферменттер бар ас қорыту сөлі маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет