Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет64/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Асқазанда астың қорытылуы
Ауыз қуысында шайналып, сілекей сінген, химиялық ыдырау басталған тамақ түйірі тіл арқылы тіл түбіріне бағытталып, содан кейін жұтылады. Астың бұдан кейінгі қорытылуы асқазанда жүреді.
Асқазанда ас 4-тен 11 сағатқа дейін болады да, асқазан сөлі арқылы, негізінен, химиялық өңдеуге ұшырайды. Әдетте, тәулігіне 2-2,5 л асқазан сөлі бөлінеді.Асқазан сөлі -иісі жоқ, түссіз сүйықтық. Асқазан сөлінің негізгі ферменттері — пепсин мен химозин. Олар нәруыз молекулаларын аминқышқылдарына дейін ыдыратады. Пепсин жұмыртқа және ет құрамындағы нәруызды оңай, ал сіңір және шеміршек нәруыздарын өте баяу ыдыратады.
Химозин немесе ұлтабар ферменті асқазанда сүтті ірітеді. Химозин баланың, әсіресе емшек еметін баланың асқазан сөлінде болады. Пепсин мен химозиннен басқа балада ана сүтінің майын ыдырататын ферменттер бар.
Асқазан сөлі ферменттері белсенді әсер етуі үшін тамақ температурасы 37˚С болуы және тұз қышқылы беретін қышқыл орта қажет. Асқазан сөлінің құрамындағы тұз қышқылы тағаммен түсетін микробтарды өлтіреді әрі талшықты асты жұмсартады. Қышқыл асқазан сөлін тек тамақ ішкен кезде асқазан бездері бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет