Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет72/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Терінің құрылысыТері үш қабаттан: сыртқы (эпидермис) қабаттан, дәнекер ұлпасынан түзілетін негізгі (нағыз тері — дерма) қабаттан және тері астындағы май клетчаткасынан тұрады. Тері астындағы май клетчаткасы теріні зақымданудан, тым салқындаудан сақтайды
Терінің құрылысы
Эпидермис - қалыңдығы 4 мм-ге дейін болатын тері қабаты. Ол көп қабатты эпителийден тұрады. Оның бірнеше қабаты бар. Терінің ең жоғарғы қабаты - мүйізгек қабаты. Оның жасушалары біртіндеп эпидермистің ішкі қабатындағы жаңа жасушалармен алмастырылады. Эпидермисте қан тамырлары мен жүйке жоқ, бірақ әр түрлі рецепторлар бар.
Эпидермистің астында терінің негізгі қабаты -дерма орналасады. Дерма екі: жүйкелер, рецепторлар мен қан тамырлары болатын беткі және терінін созылғыштығын қамтамасыз ететін созылғыш талшықтар орналасқан тереңдеу қабаттан тұрады. Дермада бірқатар өсінділер: тер және май бездерішаш түбірі, тырнақ негізі бар. Тер бездері сұйық түзінді (тер) шығарады.
Май бездерінде түктің түбірі немесе шығару өзегі болады. Май бездері тері бетін жұмсартып, оны құрғап кетуден және сырттан зиянды заттардың енуінен сақтайтын тері майын бөледі.
Шаш, (түк) — тері туындысы. Шаштың бос бөлігі — өзегі және дермада болатын бөлігі — түбірі бар. Оның төменгі бөлігі жуандау, түк бүртігімен байланысқан түк буылтығы болып табылады. Түк сырты мүйізді қабыршақтан тұратын сірқабықпен жабылған.
Тырнақ — тығыз мүйізді пластинка, сондай-ақ эпидермис туындысы болып табылады. Ол саусақтың сезімтал бөлігін механикалық зақымданудан сақтайды. Тырнақ түбіріндегі жасушалардың көбеюі есебінен өседі.
Тері астындағы. май клетчаткасы аралығы май жасушаларымен толы қалың, жұмсақ, ширатылған талшықтардан тұрады. Тері астындағы май қабаты денеге біртегіс таралмаған, оның қалыңдығы жас ерекшелігіне, жынысқа, тамақтануға және өмір сүру салтына байланысты. Тері астындағы май клетчаткасында және ішкі мүшелер маңында, негізінен, ақ май ұлпасы жинақталған. Ол энергия көзі болып табылады; ішкі мүшелерді, ұлпа мен сүйекті соққыдан сақтайды; ішкі мүшелерді жылу мен суықтың шектен тыс әсерінен оқшаулайды. Қоңыр май көп жылу түзеді. Ол арқада жауырын аралығында, мойынның шүйде бөлігінде, кеуде және құрсақ қуыстарының ірі тамырлары бойымен орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет