Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


тақырып Тері құрылысы мен қызметі. Тері гигиенасы



бет71/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

10.2 тақырып Тері құрылысы мен қызметі. Тері гигиенасы.
Терінің қызметі мен маңызы. Тері — көптеген қызмет атқаратын күрделі мүше. Тері, ең алдымен, біздің организмімізді сыртқы ортадан бөліп тұратын жамылғы болып табылады. Теріге мынадай факторлар: температура, ылғалдылық, күн радиациясы, қысым әсер етеді. Бұл кезде тері қорғағыш қызмет атқарады.
Тері өкпе сияқты, бірақ шамалы дәрежеде газ алмасуға қатысады. Адамда барлығы 1% газ алмасуды тері жүзеге асырады. Тері арқылы газ алмасу өкпедегі газ алмасуға ұқсас. Газ диффузиясы тері капиллярларының қаны мен қоршаған атмосфера ауасы арасында жүреді.
Адам терісі жылы қанды жануарлар терісі сияқты жылу реттеуге қатысады. Тері организмді капиллярларын кеңейту және тарылту арқылы тым салқындаудан және қызудан сақтайды.
Тері зат алмасуға қатысып, термен бірге ыдыраудын кейбір өнімдерін бөліп шығарады. Терінің ыдырау өнімдерін шығару қызметі организмдегі су алмасуды жалпы реттеуде өте маңызды, Адам тер арқылы тәулігіне, шамамен, 1,5 л су жоғалтады. Ал құрғақ ыстық атмосферада 10 л-ге дейін су бөлінеді. Булану дене температурасын төмендетеді.
Тері сипап сезу мүшесі болып табылады. Өйткені дермада (терінің ортаңғы қабаты) сәйкес тітіркенуді қабылдайтын терморецепторлар (жылу және суық), ауыру, жанасу рецепторлары және механорецепторлар орналасқан.
Сыртқы қабаты - беті май бездері шығаратын тері майымен жабылған эпидермис тері мен тері астындағы ұлпаларды химиялық заттардың (қышқылдар мен сілтілер) зиянды әсерінен қорғайды. Бірақ кейбір химиялық заттар тері арқылы өтуі мүмкін. Терінің қышқыл беті микробтарды жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет