Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет69/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

10 бөлім. Зәр шығару жүйесі
Тақырып 10.1. Зәр шығару мүшелерінің құрлысы.
Бүйректің құрылысы. Бүйрек - бүрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері - қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек үсті бездері орналасқан. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен жабылған. Адам бүйрегінің массасы -150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ми затында ұштары бүйрек астауына қарай бағытталған пирамидалар орналасқан. Бүйректің ішіндегі кеңейген қуыс бүйрек астауы деп аталады. Бүйректе түзілген несеп (зәр) жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар (несепағар) бойымен қуыққа жиналып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.
Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады. Бұл дегеніміз — әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз. Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінін зиянды заттары қаннан бөлінеді.
Зәр түзілу. Нефрон — бүйректің негізгі қызмет атқаратын бірлігі болып табылады. Нефронда қаннан зиянды заттар, артық мөлшердегі су, тұздар, витаминдер шығарылатын процестер жүреді. Нефрон капсуладан, капилляр түйнегінен және иілген өзекшеден (түтік) тұрады.
Капсулаға капиллярлардан тұздар, глюкоза, аминқышқылдары мен басқа заттар еріген су түседі. Нәтижесінде 150-170 л бірінші реттік зәр түзілетін бұл процессфильтрация (сүзу) деп аталады. Фильтрация процесі капсулаға енетін (кең) және шығатын (тар) капиллярлар қимасының айырымына байланысты болуы мүмкін. Осыған байланысты капсулада қысым жоғарылап, оның есебінен капсула мембранасындағы санылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет